Лекциялар жинағы кредит саны 5 Шымкент-2019 Құрастырған: аға оқытушы Балгимбекова У. Б


Функциональдық деңгей түсінігі. Физикалық, каналдық, тораптық, транспорттық, сеанстық және қолданбалы деңгейдің негізгі функциялары



бет8/49
Дата06.01.2022
өлшемі256,67 Kb.
#13115
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49
Байланысты:
Комп жели лекция

3.Функциональдық деңгей түсінігі. Физикалық, каналдық, тораптық, транспорттық, сеанстық және қолданбалы деңгейдің негізгі функциялары.

Физикалық деңгей (Physical Layer).Бірінші физикалық деңгей (Physial) OSI үлгісінің ең төменгі деңгейі. Бұл деңгей құрылымдық емес деректерді, биттердің ағындарын физикалық орта арқылы ( мысалы, желілік кабель) жібереді.Мұнда интерфейспен кабель арқылы электрлік, оптикалық, механикалық және функционалдық байланыс орнатылады. Физикалық деңгей өзінен жоғары жатқан барлық деңгейлерден түсетін деректерді тасымалдайтын сигналдарды құрады.Бұл деңгейде желілік кабель арқылы деректерді жіберу тәсілі анықталады.Физикалық деңгей бір компьютерден екіншісіне биттерді жіберуге арналған. Биттердің мазмұнының бұл деңгейге қатысты жоқ.. Бұл деңгей деректерді кодтауға, биттерді синхроизациялауға жауап береді. Физикалық деңгей желілік кабель арқылы жіберілетін әрбір биттің ұзақтығын және оның сәйкес электрлік немесе оптикалық импульсқа көшірілуін орнатады. Бұл деңгейде сонымен қатар разъемдердің типтері анықталып, әрбір қосылыс тағайындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет