Лекциялар жинағы кредит саны 6 Шымкент-2019 Құрастырған: аға оқытушы Балгимбекова У. Б


Тораптық технологиялардың даму тенденциялары мен перспективалары



бет47/49
Дата06.01.2022
өлшемі258,65 Kb.
#13116
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
3.Тораптық технологиялардың даму тенденциялары мен перспективалары.

Магистралды территориялы желілер (backbone wide–area networks) кәсіпорындардың ірі бөлімшелеріне тиесілі алып жаһандық желілер арасындағы дара –рангты байланыстық тізілуі үшін қолданылады. Магистралды территориялы желілер жоғары өткізгіштік қабілетті қамтамасыз етулері қажет, себебі магистралды қосалқы желілердің үлкен мөлшердегі ағынын біріктіреді. Соған қоса, магистралды желілер үнемі жетімді жерде болуы тиісті, яғни өте жоғары әзірлік коэффициенттелген қамтамасыз етілуі тиіс, себебі сол арқылы кәсәпорын жұмысын сәтті жүргізу үшін көптеген критикалық маңызды трафиктері таратылады (business– criticol applications). Магистралды құралдардың айрықша маңыздылығына тоқтала отырып, олардың жоғары құндылығын сөз етуге болады. Себебі кәсіп орында әдетте ірі желілер аса көп мөлшерде кездеспейді, соның салдарынан магистралды желілерге тармақталған инфроқұрылымдық рұқсат ету ісіне қолдау көрсетуге талаптар қойылады. Әдетте магистралды желі ретінде жыламдығы 2–ден 622Мбит/с шамасына дейінгі сандық арнайы бөлінен каналдар қолданылады, сол арқылы IP IPX немесе IBM компаниясының SNA архитектурасының хаттамалары таратылады, ATM, X.25, frame relay немесе TCP/IP пакеттерінің жоғары әзірлігін қамтамасыз ету үшін бөлінген каналдар қолда бар болса магистралды аралас артық байланыс топологиясы қолданылады. Рұқсат ету желілері дегеніміз шағын жаһандық желілердің және жекеленген алшақтағы компьютардің кәсіпорынға тиесілі орталық жаһандық желімен байланысы үшін қажет территориялы желілер болып табылады. Егер магистральды байланыстарды корпаративті желілерді құру кезінде ұйымдастыруға баса назар аударылған болса, онда кәсіпорын қызметкерлерінің алшақтан рұқсат алу шараларын ұйымдастыру соңғы жылдарда ғана стратегиялық маңызды мәселелердің қатарына өтті. Рұқсат алу желілері ретінде әдетте телефонды аналы желілері, ISDN желілері қолданылады, өте сирек қолданылатын түрі– frame relay желілері. Филиалдардың жаһандық желілерін қосу кезінде жылдамдықтары 19,2–64 кбит/с шамасындағы арнайы бөлінген каналдар да қолданылады. Алшақтан рұқсат алу мүмкіндіктерінің ауқымын кеңейтуде сапалы ілгерілеуі Internet желісінің кең таралуымен байланысты. Тасымалдық Internet қызметтері халықаралық және халықаралық телефон желілерінің қызменттерімен салыстырғанда арзан, ал олардың сапасы барған сайын жақсаруда. Аналогты арнайы бөлінген жүктемелі желілер. Жүктемелі желілерге мәселен АТС құрамында орналасқан жиілікті нығыздама құрал-жабдықтары (FDM– коммутаторлары мен мультипликаторлар арқылы өтетін желілер жатады. Телефон компаниялары әдетте арнайы бөлінген каналдардың екі түрін жалға береді: өткізу жолағы 3,1гГц жасырын жиілікті канал және жолағы 48гГц кең жолақты канал, соңғы аталғаны жасырын жиілікті12 каналдың базалы тобын сипаттайды. Кеңжолақты канал өткізу жолағы 60–108 гГц шамасындағы шеңберге ие. Кеңжолдақты канал АТС байланысы үшін пайдаланатын болғандықтан, оны жалға алу жасырын жиілікті каналдармен салыстырғанда ұиынға соғады. Аналогты арнайы бөлінген бейжүктемелі желілер. Бейжүктемелі желілер–бұл физикалық өткізгішті желілер. Олар кроссировать етуі мүмкін, алайда бұл кезде жиілікті тығыздағыш аппаратынан өтпейді. Көп жағдайда бұл секілді желілер өте жақын орналасқан ғимараттар арасындағы байланыс үшін пайдаланады. Бейжүктемелі арнайы бөлінген желілерінің ұзындығы мардамсыз болған кезде ол айтарлықтай кең өткізу жолағына ие болады. Кейде 1МГц шамасына дейін, ол импульсті үлгіленбеген дабылдарды таратуға мүмкіндік береді. Сымсыз желілер. Желілік технологияларды дамыту келешегі мен тенденциялары. Сымсыз орта «Сымсыз орта» тіркесі жағдайды күрделендіру мүмкін, себебі ол желіде өткізгіштің толығымен жойылғанын білдіреді. Көп жағдайларда оны жоққа шығырып тастаймыз. Әдетте сымсыз компонентер таратқыш орта ретінде кабельді пайдаланатын желімен өзара әрекеттеседі. Аталмыш желі аралас компоненттермен бірге гибридті деп аталады. Мүмкіндіктері Сымсыз желі идеясы тартымды, себебі оған кіретін компоненттер: кабельді желіге уақытша қосуды қамтамасыз етеді; кабельді жүйеге қосалқы көшіру шараларын ұйымдастыруыға жәрдемдеседі; ықшамдықтың белгілі деңгейіне кепілдік береді; мыс немесе көптармақты кабельдерден тұратын желінің максимал ұзындығына қойылатын шекті алып тастауға мүмкіндік береді. Қолданыста Монтаждау күрделігі–сымсыз ортаға басымдық беретін фактор. Сымсыз орта келесідей жағдайлар туындағанда ерекше пайдалы болып табылады: адамдар көп шоғырланған ғимараттарда (мәселен, қабылау бөлімінде); тұрақты жұмыс орындары жоқ адамдар үшін (мәселен, дәрігерлер мен медбикелер үшін); оқшауланған ғимараттар мен нысандар; жиі жоспарлау өткізетін ғимараттар; кабель төсеуге тиым салынған құралыстарда (мәселен, тарихи ескерткіштер мен архитектураларда). Сымсыз желілердің түрдері: Пайдаланатын технологияларға байланысты сымсыз желілерді үш түрге бөлуге болады: 1. жаһандық есептеу желілері; 2. ауқымы кең жаһандық есептеу желілері; 3. ықшам желілер (жылжымалы компьютерлер). Осы аталған желі түрлерінің негізгі ерекшеліктірі–беріліс параметрлері. Жергілікті жердегі немесе ауқымы кең жергілікті есептеу желілері тарату және қабылдау құрылғылары қамтиды. Жылжымалы компьютерлер үшін тарату ортасының қызметін телефон желілері немесе интернет секілді жалпыға ортақ желілер атқарады.

Бақылау сұрақтары:

1. Аналогты телефон желілері нені білдіреді?

2. xDSL желісі дегеніміз не?

3. Магистральды желілер не үшін қолданылады?

4. Жіберу желісі қандай болады?



5. Аналогты жүктелген және жүктелмеген сызықтарды қалай айыруға болады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет