Желідегі компьютерлердің өзара әрекеттесуі хабарламаларды алмасудың және олардың форматтарының белгілі ережелеріне сәйкес, яғни белгілі хаттамаларға сәйкес жүреді. Байланыстың күрделі топологиясы бар және түйіндерінің көп мөлшері бар желіде сенімді және өнімді ақпарат алмасуды қамтамасыз ету оңай міндет емес, сондықтан ол әдетте көпдеңгейлік иерархиялық тәсілдің көмегімен шешіледі. Осыған байланысты, желіде бір коммуникациялық хаттама емес, деңгейлер бойынша реттелген бірнеше хаттамалар қолданылады. Әрбір деңгей өзінің ішкі міндетін шешеді, ал хаттамалардың барлық жиынтығы коммуникациялық хаттамалардың стегін түзеді. Желілерде кеңінен қолданылатын хаттамалардың стегі жеткілікті. Бұл халықаралық және ұлттық стандарттар болып табылатын стектер, және қандай-да бір фирманың жабдықтарының таралуының арқасында таралған фирмалық стектер. Әйгілі хаттамалардың стектерінің мысалдары болып Novell фирмасының IPX/SPX стегі, Internet желісінде және UNIX операциялық жүйесінің негізіндегі көптеген желілерді қолданылатын ТСР/ІР стегі, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның OSI стегі, Digital Equipment корпорациясының DECnet стегі және тағы басқалары. Желідегі қандай-да бір коммуникациялық хаттамалардың стегін қолдану көбінесе желінің келбетін және оның сипаттамаларын анықтайды. Үлкен емес желілерде тек қана бір стек қолданыла алады. Әртүрлі желілерді біріктіретін ірі корпоративтік желілерде әдетте бірнеше стектер қатарлас қолданылады. Желілерде қолданылатын коммункациялық жабдықтар қандай-да бір хаттамаларды іске асырады, және іске асатын хаттама (немесе хаттамалардың жинағы) оның ең маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады. Коммуникациялық жабдықтарда жоғарғы деңгейдегі хаттамаларға қарағанда көбірек дәрежеде стандартталған төменгі деіңгейдің хаттамалары іске асады, және бұл әртүрлі өндірушілердің жабдықтарының бірлесіп табысты жұмыс істеуіне алғышарт болып табылады. Желілік сервистер және коммуникациялық хаттамалар желі компьютерлерінде желілік операциялық жүйенің сәйкес бағдарламалық элементтері ретінде іске асады. Тарихи жағынан негізгі желілік операциялық жүйелер көбінесе желілік сервистердің және коммуникациялық жабдықтардың өзінің меншік іске асуларымен жұмыс істеген, сондықтан қандай-да бір операциялық жүйенің қолданылуы желінің келбетін хаттамалардың стегіне қарағанда көбірек дәрежеде анықтайды. Тіпті желіні онда қолданылатын операциялық жүйенің атымен атау қабылданған – Novell NetWare желісі, Bаnyan VINES желісі т.б. Қандай-да бір операциялық жүйенің ортасында жақсы жұмыс істей білу коммуникациялық жабдықтың маңызды сипаттамасы болып табылады. Көбінде желілік адаптердің немесе концентратордың жарнамасында оның арнайы NetWare немесе TJNDC желісінде жұмыс істеуге арналғандығын оқуға болады. Бұл, аппаратураны жасап шығарушылар оның сипаттамаларын осы желілік операциялық жүйеде немесе егер бұл хаттамалар әртүрлі ОЖ-лерде қолданылатын болса, оларды іске асырудың осы нұсқасында қолданылатын хаттамалар қолданатындай етіп оңтайлардырғандығын білдіреді. Хаттамалардың әртүрлі ОЖ-лерде іске асырылу ерекшеліктеріне байланысты коммуникациялық жабдықтардың сипаттамаларының бірі болып оның осы ОЖ ортасында жұмыс істеу мүмкіндігіне сертификатталғандығы қолданылады. Төменгі – физикалық және арналық деңгейлерде – іс жүзінде барлық стектерде (SNA-дан басқасы) бір ғана хаттамалар қолданылады. Бұл жақсы стандартталған Ethernet, Token Ring, FDDI және тағы басқалары, олар барлық желілерде бір ғана аппаратураны қолдануға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде бар стектердің желілік және одан жоғары деңгейдегі хаттамалары көп әртүрлілікпен ерекшеленеді және әдетте ISO үлгісі ұсынған деңгейлерге бөлуге сәйкес келмейді. Жекелей алғанда, бұл стектерде сеанстық және өкілдік деңгейдің функциялары көбінесе қолданбалы деңгеймен біріктірілген. Мұндай сәйкес еместік ISO үлгісінің қолда бар және нақты қолданылатын стектерді жинақтаудың нәтижесі ретінде пайда болғандығына байланысты, керісінше емес.