Лекциялар жинағы шымкент 2019


Жыртқыштар отряды (Carnivora)



бет45/51
Дата14.09.2023
өлшемі0,76 Mb.
#107294
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51
Байланысты:
СОНГЫ омырткалылар зоологиясы лекция

Жыртқыштар отряды (Carnivora)
Бұл отрядқа күшті дене мөлшері әр түрлі болатын сүтқоректілер жатады. Олар омыртқалы жануарлармен қоректенеді. Ал бір қатарлы өсімдік тектес азықпен де қоректенеді. Мысалы, қоңыр аю, борсықтар өсмдіктерді пайдаланады.
Жыртқыш сүтқоректілердің тістері үшкір жақсы жетілген, әсіресе ит тістері мен азу тістері беткейіндегі үшкір бүрлері өткір қырлы болады. Ал күрек тістері нашар. Астыңғы жақ сүйектері бірінші азу тіс, үстіңгі жақ сүйектері ақырғы жалған азу тістері басқалардан үлкен үшкір өткір қырлы болып келеді. Оларды жыртқыш тістер деп атайды.Үстіңгі тістің өткір ұшы төменгі тістің сырт жағынан өткір қайшының жүзіндей айқасып тұрады да, етті қайшымен қиғандай турайды. Жыртқыштардың тырнақтары да үшкір, жақсы жетілген. Олар жемді тырнақтарымен бүріп те ұстайды[4].
Жыртқыштар отрядының өкілдері: қасқыр, ит, аю, түлкі, күзен т.б. жатады. Олар жер бетінде едәуір кең тараған. Жыртқыштар отряды бірнеше тұқымдастарға бөлінеді, олардың негізгілері:

  1. Мысық тұқымдасына жабайы және үй мысығы, арыстан, жолбарыс т.б.

  2. Иттер тұқымдасына ит, қасқыр, түлкі т.б.

  3. Аюлар тұқымдасына қоңыр аю, ақ аю т.б.

  4. Сусар тұқымдасына сусар, бұлғын, борсық, күзен, ақкіс, аққалақ т.б.

Жыртқыштардың тигізетін пайдасы да ба. Оларды зиянды кемірушілерді жеп, табиғатта олардың санын реттеп отырады. Көпшілік түрлерінің кәсіптік маңызы бар. Кейбір құнды жыртқыштар (қара күзен - норки), көгілдір түлкі(песцы) қолда өсіріледі. Кейбір жыртқыш аңдарды адамдар қолға үйретті. Соның ішінде ит бірінші үй жануары болды. Ит, шамасы қасқыр мен шиебөрінің шағылысуынан пайда болып, содан кейін әртүрлі бағытта қолдан сұрыптаудың нәтижесінде келіп шыққан. Қазіргі уақытта иттердің шамамен 350 тұқымы бар. Ит қасқырмен, шиебөрімен шағылысып жақсы өсімтал ұрпақ береді.
Үй мысығы Африкада, Орта және Орталық Азияда мекендейтін дала түз мысығы шыққан. Мысық ең бірінші Египетте қолға үйретілген.
Жыртқыштар үй малдарына және адамдарға шабуыл жасайды. Осы отрядтың ұсақ өкілдері үй құстарын жеп зиянын тигізеді. Ит тұқымдасына жататын жыртқыштар адамдар мен малдарды тістеп құтыру (бешенство) ауруын жұқтырады. Жыртқыштар белгілі бір жағдайлардан зиянды болғанмен, көпшілік жағдайда олар пайдалы (кәсіптік маңызы). Сондықтан оларды белгілі бір аймақтарда қорғап санын көбейту керек.
Қазіргі жыртқыштар эволюциялық дамудың барысында көне жыртқыш креоданттардан келіп шыққан. Қазақстан қызыл кітабына енген түрлері: қызыл қасқыр, Тянь-Шань қоңыр аюы. Орта Азия тас сусары, орман сісары, Европа қара күзені, шұбар күзен, ит аю, Орта Азия өзен құндызы, қабылан, шағыл мысығы, сабаншы, қарақал, Түркістан сілеусіні, барыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет