Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет13/51
Дата14.09.2023
өлшемі0,76 Mb.
#107294
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51
Байланысты:
СОНГЫ омырткалылар зоологиясы лекция

Қаңқасы. Шемiршектi балықтардың қаңқасы өмiр бойы шемiршектi болады. Қаңқасы омыртқа жотасынан және бас сүйегiнен тұрады. Омыртқаларын дене және құйрық омыртқалары деп екiге бөледi. Омыртқаларға бекiнген қабырғалар дене қуысын үстiңгi және бүйiр жағынан қоршап тұрады. Бас сүйегi ми сауытынан, сезiм мүшелерiнен тұрады. Басының тұмсық жағында – рострум деп аталатын өсiндi болады. Сондықтан ауыз басының астыңғы жағында көлденең саңылау түрiнде орналасқан. Қанаттары бiр жақ ұшымен белдеу бөлiмiне бекiсе, екiншi ұшы денесiнiң сыртында болады. Балықтардың құйрық және дене бұлшық еттерi метамерлi құрылысты болып келедi. Олар миосепта арқылы бiрнеше сегменттерге (бөлшектерге) бөлiнедi. Басында, жүзу қанаттарында, белдеулерiнде басқа бұлшық еттер орналасқан.
Ет жүйесi. Шемiршектi балықтардың еттерi әртүрлi қимылдарына, оған жұмсалатын күш-қуатына қарай жеке жiктерге бөлiнген. Ет жақсы дамыған күштi еттерi дененiң ұзына бойына омыртқа жотасына бiткен. Сайып келгенде балықтардың қаңқасы мен еттерi бiркелкi қайталанып, отыратын метамерлi құрылысты болады.
Нерв жүйесi. Балықтардың орталық нерв жүйесi ми мен жұлыннан құралады. Олардың миы басқа омыртқалыларға қарағанда, кемiрек жетiлген. Ол алдыңғы, ортаңғы, аралық, мишық және сопақша мидан тұрады. Бас миының барлық бөлiмдерi үлкейген, олардың құрылысы күрделенген. Алдыңғы мидың иiс бөлiмшесi үлкейген және химиялық тiтiркендiргiштi қабылдайды. Шемiршектi балықтардың тез қимылдауларына, жүзуiне байланысты тепе-теңдiк, жағдайын сақтау мақсатында олардың көлемi үлкейген. Сонымен бiрге жұлынының да құрылысы күрделенген.
Сезiм мүшелерi суда тiршiлiк етуiне байланысты түрлi тiтiркендiргiштi қабылдауға бейiмделген. Көздерi сыртқы жалпақ мөлдiр қабық пен көз алмасынан тұрады, қабағы болмайды. Алыстан көруi нашар, шемiршектi балықтар заттың түсiн айыра алмайды. Есту мүшесi iшкi құлақтан ғана тұрады. Оның ш жарты шеңберлi каналдары болады. Иiс сезу мүшесiнiң қызметiн жұп иiс сезу шұңқырлары атқарады. Бүйiр сызығы айқын байқалады. Бүйiр сызықтар балыққа жүзген кезде, оның жолында кездесетiн заттардан пайда болатын судың болмашы тербелiсiн қабылдауға мүмкiндiк бередi. Осы бүйiр сызықтарының арқасында балық су ағысының бағытын сезедi, жолында кездескен кедергiлердi көрмей-ақ айналып өтедi[3].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет