Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет29/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51
Өзіндік сұрақтар:

    1. Қосмекенділердің жалпы сипаттамасы

    2. Қосмекенділердің систематикасы

3. Қосмекенділердің сыртқы құрылысы

  1. Қосмекенділердің қанқасы

  2. Қосмекендилердің систематикасы



7-лекция. Тақырыбы:Бауырымен жорғалаушылар класы
Түйінді сұрақтар
1. Бауырымен жорғалаушылар класы
2. Бауырымен жорғалаушылар класының морфологиялық, биологиялық сипаттамасы
Құрылысы. Бұл класқа жататындардың негiзгi бiр айырмашылғы барлық өмiрiн құрлықта өткiзедi, демек бiрiншi құрғақ жерде жүретiн жануарлар, сондықтан мекен еткен ортасына байланысты олардың сыртқы түрi және iшкi құрылысы қосмекендiлерге қарағанда жақсы жетiлген. Әсiресе, басын әр бағытқа қозғауына мүмкiндiк беретiн мойын бөлiмiнiң болуы. Омыртқа жотасының алдыңғы екi омыртқасы өзгеше құрылған, бiрiншiсi ауыз омыртқа (атлас), екiншiсiн эпистрофея деп атайды. Мұндай болу себебi мүмкiн бұлар өне бойы құрлықта тiршiлiк ететiндiктен, орталығына икемделудiң нәтижесiнде бастарын шапшаң бұрып отыруынан болуы[3].
Денесiн құрғап кетуден сақтайтын терiсiнде мүйiздi қабыршақтардың болуы. Көбеюi сырты тығыз әкпен қапталған, қоректiк заттары мол жұмыртқа салып көбейедi (сары уыз бен белогi көп). Бауырымен жорғалаушылар кәдiмгi төс сүйегi бар, оның қозғалуы ауаның өкпеге кiрiп шығуына себепкер болады. Құрлықта тiршiлiк етуiне байланысты тек өкпемен тыныс алады. Бiрақ ол қосмекендiлер сияқты терiсi арқылы дем ала алмайды. Қазiргi бауырымен жорғалаушыларға кесiрткелер, жыландар, крокодилдер және тасбақалар жатады.
Нерв жүйесi. Бауырымен жорғалаушылардың нерв жүйесi қосмекендiлерге қарағанда күрделi құрылысты болады. Бауырымен жорғалаушылардың күрделi өмiрiмен байланысты алдыңғы ми сыңарлары сұр заттарының үстiңгi қабаты ми қабығына айнала бастады. Бұлардың жылдам қозғалуына байланысты мишығы күштi дамыған. Ми жарты шарлары үлкен, олардың мидың сұр затынан тұратын қыртысы болады, бiрақ қыртысы әлi де жақсы жетiлмеген. Жұлын құрылысы күрделенген ұзын болып келедi.
Сезiм мүшелерi. Жер бетiнде тiршiлiк етуiне, әртүрлi тiршiлiк жағдайларына сәйкес сезiм мүшелерi дамыған. Сезiм мүшелерiнiң iшiнде жақсы дамыған көз. Тек жыландар мен геккондарда ғана қабағы мөлдiр өсiп кеткенi бiлiнбейдi. Иiс мүшелерi де жақсы жетiлген, тыныс алу жолының төменгi жағында арнайы иiс сезу жолы бар. Иiс жолының жұтқыншаққа ашылатын төменгi бөлiмi мұрын жұтқыншақ жолын құрады. Бұған қосымша якобсон мүшесi болады. Бұл ауыз iшiндегi тамақ иiсiн айырады. Жыландар тiлiн аузынан шығарып, кейбiр заттарға тигiзедi, сол кезде иiсi бар заттың ұсақ түйiрi тiлiне жабысады да, қайтадан тiлмен бiрге ауызға кiредi. Осы сәтте якобсон мүшесi оның иiсiн ажыратып, затты айырып бередi.
Есту мүшесi қосмекендiлердiкi сияқты iшкi және ортаңғы құлақтан тұрады. Ортаңғы құлақтың қуысына бiр есту сүйегi –үзеңгi (стремя) болады.
Қаңқасы. Құрлықта тiршiлiк етуiне сәйкес қаңқалары түгелiмен сүйектенген. Омыртқа жотасы, қосмекендiлерге қарағанда қозғалмалы болып, бес бөлiкке бөлiнген: мойын, арқа, бел, сегiзкөз, құйрық. Кесiрткелердің мойын омыртқасының саны 8. Олардың iшiнде екi омыртқаның құрылысы ерекше. Бiрiншi мойын омыртқасын (atlas) ауыз омыртқа, екiншiсiн – эпистрофея деп атайды. Мойынның мұндай құрылысы оның қозғалмалы болуына әсерiн тигiзедi.
Бел-көкiрек бөлiмiнiң омыртқалары 22 болады (кесiрткелерде) Бұлардың барлығында да қабырғалар бекидi, оның iшiнде бес қабырға төс сүйегiне бекидi. Соның нәтижесiнде көптеген бауырымен жорғалаушыларға тән көкiрек қуысы пайда болады. Жыландарда төс сүйегi болмағандықтан көкiрек қуысы да болмайды. Сегiзкөз екi омыртқадан тұрады, бұлардың көлденең өсiндiлерiне жамбас сүйектерi бекидi. Құйрық бөлiмiнде (тасбақадан басқасында) омыртқалар көп. Аяқтарының сүйектерi қосмекендiлермен салыстырғанда жақсы дамыған. Сүйектер бiр-бiрiмен қозғалмалы буындар арқылы байланысқан.
Иық белдеуi. Үш сүйектен қалыптасқан: каракоид, жауырын және жауырын үстi шемiршек.
Жамбас белдеуi. Жамбас белдеуi мықын сүйектен, шонданай сүйегiнен және шап сүйегiнен тұрады.
Ет жүйесi. Оларда мойын бөлiмiнiң пайда болуы бес саусақты аяқтың дамуы, жалпы дененiң бөлiктерге жiктелуi мен осының бәрi ет жүйесiнiң күрделенуiне себепшi болады. Әсiресе, тыныс алуды реттеуге қатысатын аралық еттердiң пайда болуы бауырымен жорғалаушылардың тiршiлiгiндегi ерекшелiк.
Қан айналу жүйесi. Қосмекендiкiлердiкi сияқты жүрегi үш камералы, бiрақ қарыншаның бөлетiн өскiн пайда болады. Крокодилдерге бұл жерде толық жетiлiп, қарыншаны қақ бөлiп, төрт камера болады (екi жүрекше, екi құлақша) Басқаларында қарынша толық екiге бөлiнбеген. Сондықтан қосмекендiлердiкi сияқты жүректен бiр ғана қан тамыры емес бауырымен жорғалаушыларда үш қан тамыры кетедi. Сол жақ жүрекшеге артерия қаны келiп құяды – ол өкпеден келедi. Оң жақ жүрекшеге вена келiп құйылады – ол бүкiл денеден жиналып келедi. Өкпе артериясы вена қанымен келiп құяды. Содан кейiн екi жүрекшедегi қан қарыншасында араласады. Қан қарыншада пайда болған өскiннiң (перде) арқасында қосмекендiлердiкiндей толық араласпай, аздап қана араласады. Сайып келгенде бауырымен жорғалаушылар, қосмекендiлер сияқты суыққанды жануарлар қатарына жатады. Олардың денесiнiң температурасы қоршаған ортаның (ауаның) температурасына байланысты болады.
Тыныс алу жүйесi. Бауырымен жорғалаушылар тек қана өкпемен тыныс алады. Терiсiнде мүйiздi қабаттың пайда болуына байланысты құрғақ терi қосымша тыныс алу мүшесiнiң қызметiн атқара алмайды. Өкпенiң құрылысы күштi қызмет етуге байланысты күрделiленген, қосмекендiлердiкiне қарағанда жетiлген. Өкпесiнiң пiшiнi қапшық тәрiздi оның iшi өте ұсақ ұяшықтарға бөлiнген. Көмекей қуысы оймақ тәрiздi көмекейден ұзын кеңiрдек кетедi. Кеңiрдек екi бронхаға тарамдалып, өкпеге жалғасады. Тыныс алу және шығару көкiрек қуысының кеңейiп, тарылуы нәтижесiнде орындалады.
Зәр шығару жүйесi. Бауырымен жорғалаушыларда зәр шығару жүйесi күрделi дамыған. Жамбас бүйректерiнен немесе метанефростан (metanephros) тұрады. Балықтар мен қосмекендiлердiң ересектерiнде дене бүйректерi немесе мезонефрос (алғашқы бүйрек) деп аталатын бүйректер қызмет атқарады. Ал дене бүйректерi бауырымен жорғалаушыларда ұрық жұмыртқадан шыққанша, кейде жұмыртқадан шыққан соң бiраз жұмыс iстейдi. Жамбас бүйрегi дамып қалыптасқан соң, дене бүйрегi қызметiн тоқтатады (редукцияланады). Жамбас бүйрегi жетiлген соң зәр шығару түтiгi пайда болады. Арқа жағынан келiп сол және оң зәр шығару түтiктерi клоакаға келiп құйылады. Құрсақ жағынан клоакаға қуық ашылады. Крокодилдердiң, жыландардың және кейбiр кесiрткелердiң қуығы жетiлмеген.
Ас қорыту жүйесi. Ас қорыту жолының үлкен бөлiмдерге бөлiнуiне және жаңа бөлiмдердiң пайда болуына байланысты қосмекендiлердiкiмен салыстырғанда әлдеқайда күрделi. Бауырымен жорғалаушылардың тiсi болады. Олар жоғарғы жақ және төменгi жақ сүйектерiне орналасқан. Тiстердiң негiзгi қызметi азықтарын тiстеп ұстау. Ауыз бездерi қосмекендiлердiкiмен салыстырғанда күштi жетiлген. Тасбақа мен крокодилдердiң мұрын жұтєыншақ жолы ауыз қуысынан таңдай сүйектерi арқылы бөлiнген. Ауыз қуысының түп жағында атылып шығуға бейiмделген тiл орналасқан. Тiлiнiң (формасы) пiшiнi әртүрлi болады, ол қоректiк заттарды ұстау тәсiлiмен сипатталады. Мысалы, жыландар мен кесiрткелерде тiлi жiңiшке, ұшы екi айыр болады. Жұтқыншақ, өңеш және қарын жақсы дамыған. Бауыр мен ұйқы безi жақсы жетiлген. Бауырдағы өт жолы да ұйқы безiнiң ашылатын жерiне келiп ашылады. Аш iшек тоқ iшекке қарағанда ұзындау, ал тоқ iшек клоакаға жалғасады. Қазiргi бауырымен жорғалаушылардың басым көпшiлiгi жануар тектес азықтармен қоректенедi.
Көбеюi. Жыныс бездерi дене қуысында омыртқа жотасының екi жақ бүйiрiнде орналасқан. Аталық бездерi мен аналық жұмыртқалары жұп. Еркектерiнде шағылысу мүшесi (копулятивтi) болады. Жыныс диморфизмi еркектерi мен ұрғашыларында сыртқы реңi (окраска) немесе үлкендi-кiшiлiгiмен ажыратылады. Еркектерiнiң екi дөңгелек ұрық безi (два семенника), екi ұрық безiнiң қосалқы (придатка семенника), екi ұрық өткiзгiшi (вольфов каналы) және шағылыс мүшесi болады. Ұрғашыларында екi аналық жұмыртқа және клоакаға барып қосылатын екi жұмыртқа жолы (мюллеров каналы) болады. Ұрықтану тек қана ұрғашысының iшiнде өтедi. Бауырымен жорғалаушылар жұмыртқа арқылы көбейедi. Олардың жұмыртқалары қоректiк сары уызға бай, ұрық осы уыздың есебiнен өсiп жетiледi, содан кейiн ересек түрiне ұқсас бала жарып шығады. Жетiлген аналық жұмыртқа жолының воронка тәрiздi ұшына түседi. Ұрғашы және еркектiң гаметалары жұмыртқа жолының жоғарғы жағында қосылып ұрық (зигота) түзейдi. Ұрық жұмыртқа жолымен жылжи отырып, оның орта кезiнде белокты қабыққа оралады, ал ұрық жолының артқы жағында известi сiңген қатты қабығы пайда болады.
Жыландар мен кесiрткелердiң кейбiр түрлерiнде ұрғашылары партеногенетикалық жолдармен көбейетiнi байқалып жүр. Мұндай жолдармен көбейетiн бауырымен жорғалаушылардың түрлерiнде еркегi болмайды. Көбеюдiң мұндай жолдары толығымен жер бетiнде тiршiлiк етуiне тығыз байланысты[4].
Дамуы. Тура дамиды. Бауырымен жорғалаушыларда личинка болмайды. Олардың кейбiр түрлерiнде ұрық ұрғашысының жыныс жолдарында дамып, жұмыртқа сыртқа шыққанда бiрден iшiнен жетiлген бала шығады, демек мұндай түрлер үшiн (жұмыртқадан жетiлiп туу) жұмыртқадан тiрi туушылық (яйцеживородящие) тән сипат алады. Мысалы, жұмыртқадан жетiлiп туу таулы аудандарда, солтүстiк суық жерлерде тiршiлiк ететiн бауырымен жорғалаушылардың арасында кең таралған (медянка, тiрi туатын кесiртке, тибетская круглоголовка, теңiз жыландары т.б.). Бауырымен жорғалаушылардың арасында көпшiлiк тiршiлiгiн судың iшiнде өткiзсе де (крокодилдер, көптеген тасбақалар, кейбiр жыландар) жұмыртқа салу мен дамуы тек құрлықта өтедi.
Шығу тегі: Алғашқы омыртқалы жануарлар девон дәуірінде пайда болған. Олар саусаққанатты балықтардың жақын тегі стегоцефалдар, немесе сауытты амфибилер еді. Олар көпшілік уақыттын су қоймасында өткізген. Бірақ тіршілік еткен су қоймасы құрғап қалған жағдайда жақын жердегі басқа су қоймасында жылжып бара алатын және құрлықта бірсыпыра уақыт бола алатын қабілеті болған. Олардың бір мезгіл құрлықта болуына тас көмір дәуірінің біркелкі жылы, дымқыл ауа райы әсер еткен. Тас көмір дәуірінің соңғы кездерінде құрлықта ауа райы өзгерген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет