Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет33/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51
Байланысты:
СОНГЫ омырткалылар зоологиясы лекция

Құрылысы. Құстардың денесi бас, дене, қозғалмалы мойын, қанатқа айналған аяқтары және жақсы дамыған аяқтардан тұрады. Кеудесiнiң алдыңғы жағы жұмыр келiп, ауада ұшуға жақсы икемделген. Құстардың ұшу кезiнде салмағын жеңiлдетуге себепшi болатын бiрқатар бейiмделушiлiктер бар. Алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, сүйектерi (қаңқасы) iшiне ауа толған қуыс болады, өкпелерiмен байланысты ауа қапшығы болады, қысқа тоқ iшегiнде қорытылмаған тамақ қалдықтары тоқталмайды, қуығы болмайды, тiс жоқ. Осы ерекшелiктер құстардың ұшуына және жерде жүруiне толық мүмкiндiк бередi. Терiсi жұқа, оның сыртқы эпидермис қабаты нашар жетiлген. Терiсiнде ешқандай терi бездерi болмайды, тек қана құйрық түбiрiнiң үстiңгi жағында құйымшақ безi болады. Оның шығарған секрет заттары қауырсындары майлап, оған су жұққызбайды, сынбайтын майысқақтық қасиет бередi, құйымшақ безi барлық құстарда бiрдей дамымаған, ал құрылықта тiршiлiк ететiн құстарда нашар дамыған, әйтпесе болмайды. Мысалы, түйеқұстарда, дуадақ пен безгелдекте, көгершiндерде т.б. құйымшақ безi жоқ.
Жоғары және төменгi жақтарының үстi азды-көптi болсын мүйiзденген қабыршақпен қапталып, тұмсықты құрайды. Тырнақтары мен сирақтарының сыртын мүйiздi қабыршақтар қаптаған. Осылардың бәрi эпидермис қабатының туындылары. Құстардың денесi қауырсын мен қапталған. Олар құрылысына және атқаратын қызметiне қарай түрлiше болады. Денесiнiң сыртын жауып тұратын қауырсынды жамылғы қауырсын (контурный) дейдi. Қалыпты қауырсын терiге енiп тұратын (очин) қалам қауырсын бөлiмiнен және сабағы (ствол) деп аталатын екi бөлiнен тұрады. Сабақ пен желпуiштен тұратын жамылған қауырсын жеңiл, серпiмдi пластинка тәрiздi. Қауырсындардың сабақтарының iшi қуыс болады және ол ауаға толып тұрады. Құстардың көпшiлiгi түрлерiнiң денесi бiр тегiс жамылғы қауырсынмен қапталып тұрмайды. Қауырсыны бар жерiн птерилия, ал денесiнiң қауырсыны жоқ жерiн немесе сирек кездесетiн жерiн атерия деп атайды. Құйрығындағы ұзын қанаттарын бағыттаушы (руль) қауырсындар. Қалыпты қауырсындардың астыңғы жағында ұсақ мамық қауырсындар орналасады. Мамық және нағыз мамық қауырсындар су құстарында және салқын жақта тiршiлiк ететiн құстарда көбiрек болады. Қалыпты қауырсындар құстың денесiн сыртқы әсерлерден (ұрып-соғу т.б.) сақтайды, ал мамық қауырсындар денедегi жылуды сақтайды (жоғалтпайды). Құстар түлейдi. Түлегенде ескi қауырсындары түсiп, жаңадан қауырсындар шығады. Су құстары түлегенде ұша алмайды. Құстардың көпшiлiгi бiртiндеп түлейдi де, олар ұшу қабiлетiн жоймайды. Көпшiлiк құстар жылына 1-3-ке дейiн түлейдi. Жамылған қауырсындарды дұрыс бiр қалыпты сақтау үшiн, құстар құйымшақ безiнен бөлiнген майды тұмсығымен алып майлап отырады[2].
Ет жүйесi. Құстардың бұлшық еттерi тiршiлiк әрекетiне байланысты қосмекендiлерге және бауырымен жорғалаушыларға қарағанда жiктелiп, күрделенген. Бұлшық еттер ұшу кезiндегi күрделi қозғалысқа байланысты денесiнiң арқа жағына орналаспай, қанаттарды қозғайтындай болып көкірек бөлiмiне төс сүйегiнiң екi жағына орналасқан. Аяқтарын қозғауға икемделген көлемдi бұлшық еттер әсiресе саусақты бүгетiн бұлшық етер жақсы дамыған. Құс саусақтарымен бұтаны қысып алып ұйықтаған кезде берiк отыра алады. Құс бұтаққа неғұрлым басылып отырса, соғұрлым саусақтары бұтақты берiгiрек қармайды. Сайып келгенде құстардың етi мен қаңқасы жақсы жетiлген. Қозғалыс жағдайына қарай әсiресе, қанаттарын жоғары көтерiп, төмен түсiрiп тұратын көкiрек еттерi ерекше жақсы жетiлген. Мойын мен аяқарындағы сан еттерi де жақсы жетiлген. Ол әсiресе жүгiрiп жүретiн түйеқұстарда айырықша. Аяқтарындағы бұлшық еттер, аяғын бүгiп және жазып тұратын жұмыстарын атқаратын бөлiмдерге бөлiнген. Ал саусақтарға баратын ерекше бұлшық еттердiң төменгi жағы сiңiрге айналып, саусақ сүйектерiне жалғасады. Сондықтан әрбiр саусақ және жеке жұмыс атқара алады. Құс бұтаққа қонғанда сiңiрлерi созылады да, саусақтары бүрiледi. Сондықтан бұтаққа отырғанда құстар ешбiр қауiпсiз ұйықтай бередi.
Қаңқасы. Ұшатын құстардың қаңқасы жұқа, жеңiл және қуыс сүйектерiнiң iшi ауаға толып тұрады. Мұндай жағдай құстардың салмағын едәуiр жеңiлдетiп, ауада тез ұшуларына мүмкiндiк туғызады. Ал ұшпай тек қана жерде жүретiн құстардың жiлiктерiнде әруақытта май болады.
Мойын омыртқалары көп және бiрiмен бiрi қозғалмалы жалғасқан. Омыртқалардың мұндай қосылуы бастың қозғалып тұруына мүмкiншiлiк туғызады. Бас сүйегiмен жалғасатын алғашқы екi омыртқаны атлант және эпистрофей деп атайды. Мойын омыртқаларға қарағанда көкiрек-бел омыртқаларының кейбiреулерi бiргiп кеткен. Сондықтан олар қанаттарға мықты тiрек болады. Құстың қабырғалары кеуде омыртқалары мен төс сүйегiн қосып көкiрек клеткасын құрайды. Төс сүйек ұшатын құстарда жақсы жетiлген, оның астыңғы бетiнiң ұзына бойына созылатын биiк жал сияқты қыры болады. Бұл қырдың бетiне қанатты қозғалысқа келтiретiн кеуде еттерi бекидi. Ал ұшпайтын құстардың мысалы, түйеқұстардың төсi қырлы сүйексiз жалпақ болады. Құстардың бас сүйектерi де өте жеңiл болады. Ми сауытын құрайтын сүйектерден басқа астыңғы және үстiңгi жақ сүйектерi бар. Бiрақ жақ ұзарып тұмсыққа айналып кеткен. Жақ сүйектерден терi тектес тiс пластинкасы болады. Құстардың алдыңғы аяғының құрылысына көп өзгерiс кiрген. Бiрiншi саусақ нашар жетiлген басқа саусақтардың тек қана болмашы қалдығы сақталған. Саусақтардың қалдықтары құстың алдыңғы аяқтарының ұшуға бейiмделiп қанатқа айналғандығын көрсетедi[3].
Құстардың иық белдеуi қанаттың қозғалуына байланысты жақсы дамыған. Ол қанаттардың қаңқасын төспен байланыстырып тұратын үлкен қарға сүйектер мен арқасындағы ұзынша жауырын және бiр басы өзара бiрiгiп бiткен айырға ұқсас сүйектерден құралады. Құстардың артқы аяқ қаңқасы ұзынша келген жiлiктер мен саусақ сүйектерде құралады. Аяқтардың қаңқасына тiрек болатын жамбас белдеуi – жамбас сүйектерi омыртқа жотасымен қосылып қозғалмай аяқтарға жақсы сүйенiш болады. Құйрық омыртқалары бiрiмен бiрi бiрiгiп құйымшақ сүйегiмен қосылып келедi. Қабырға көкiрек және арқа бөлiмдерi болып екi бөлiктен тұрады. Олардың қосылған жерi қозғалмалы бекiнiп, денесiнiң артына қарай сүйiр болып жасайды. Қабырғалардың мұндай құбылыста болуы арнаулы бұлшық еттерiнiң жиырылуының нәтижесiнде төс сүйегiн омыртқа жотасына бiрде жақындатып немесе қашықтатып отырады. Соның нәтижесiнде көкiрек көлемi өзгерiп отырады, мұның тыныс алуда маңызы зор.
Нерв жүйесi. Құстардың нерв жүйесi бауырымен жорғалаушылармен салыстырғанда бiршама жақсы дамыған. Алдыңғы миы үлкен және ол жарты шарға бөлiнген. Сондықтан аралық ми мен орта мидың бiразын үстiнен жауып тұрады. Құстардың көп қозғалғыштығына және ұшу кезiнде алуан түрлi күрделi қозғалыстар жасауына байланысты мишық та әжептеуiр көлемдi. Сопақша миы, басқа омыртқалылардағыдай жұлынға айналады. Алдыңғы мидың жақсы жетiлген себебi құстардың барлық тiршiлiк процесiн осы миы басқарады. Құстардың тiршiлiгiне, жүрiс тұрысы қосмекендiлердi қойып, бауырымен жорғалаушылардiкiмен салыстырғанда әлдеқайда күрделi. Құстар ұя салатын жер iздеп табады, оны жасауға керектi құрылыс материалды жинайды. Тек ұя алып қана қоймай жұмыртқа басады, оны қорғайды, балапандарын қоректендiредi. Құстардың бас нервтерi он екi жұп болады. Жұлыны иық және бел маңайында бауырымен жорғалаушылардiкi сияқты кеңiп жалпаяды.
Сезiм мүшелерi. Олардың сезiм мүшелерi жақсы жетiлген. Құстардың көру мүшелерi жақсы қызмет атқарады. Мысалы, құстың көзiнiң қырағылығын аспанда ұшып жүрген қарақұстың шөптiң арасындағы тышқандары көруiнен аңғаруға болады. Жылдам ұшып бара жатқан қарлығаш ұшып бара жатқан насеккомдарды байқап қалуы соның айғағы. Түн құстарының көз алмалары үлкен болады, соның нәтижесiнде түнде жақсы көредi. Құстардың есту мүшелерi iшкi және ортаңғы құлақтан тұрады. Есту сүйегi бiреу болады. Құстар жақсы естидi. Олардың құлағы көзiмен бiрге негiзгi сезiм мүшелерi болып есептеледi. Құстар өздерiне төнген қауiптi ең алдымен құлақтары арқылы сезедi. Есту сүйегi жақсы жетiлгеннiң нәтижесiнде дыбыс ырғағын құлақ қуысына жiбергенде дыбыс шығарады. Дыбыстың шығуы құстар өмрiнде алуан түрлi қызмет атқарады. Құстардың балапандарымен қатынас жасауы, еркектерi ұрғашыларымен түсiнiседi, түр арасындағы қатынастары т.б. осы дыбыс арқылы орындалады. Иiс мүшелерi басқа омыртқалы жануарлармен салыстырғанда нашар дамыған, бiрақ өлексемен қоректенетiн құстарда (таз қара) кейбiр түрлерiнде де жақсы дамыған (үйректер, жылқышылар). Дәм сезу ауыз қуысында және тiлде орналасқан дәм тiтiркендiргiшерiн сезiнетiн арнайы жинақталған клеткалар қабылдайды. Әрине бұл сүтқоректiлермен салыстырғанда құстар тiршiлiгiнде онша маңызы бола қоймайды.
Қан айналу мүшесi. Құстардың жүрегi төрт (камера) бөлiмнен: олар екi жүрекшеден және екi қарыншадан тұрады. Оң жақ қарынша мен жүрекше сол жақ бөлiмдерiнен бөлiнген. Сондықтан жүректiң оң жақ жартысындағы вена қаны сол жақ жартысындағы вена қаны сол жақ жартысындағы артерия қанымен араласпайды. Құстарда артерия және вена қан тамырларының өз алдына жiктелуiнiң нәтижесiнде барлық мүшелерi артерия қанымен қамтамасыз етiлiп отырады. Осы жағдайға байланысты зат алмасу жеделдейдi де құстардың денесiнiң температурасы жоғары болады (420). Құстардың қан айналу жүйесi екi айналым шеңберiнен тұрады: кiшi және үлкен қан айналым шеңберi.
Кiшi қан айналым шеңберi. Оң қарыншадан бiр ғана қан тамыр өкпе артериясы жүректе бiрден бөлiнiп, оң және сол өкпеге вена қанын апарады. Өкпеден шыққан артерия қаны өкпе венасы арқылы сол жақ құлақшаға құяды.
Үлкен қан айналым шеңберi. Дененiң алдыңғы бөлiм (басы мен қанаты) қанды қолқаның оң жақ доғасының тармақтары болып табылатын ұйқы артериясының бұғана асты қанат артерияларынан алады. Сонымен қатар, қолқа доғасы алдыңғы жағынан дененiң арқа бөлiмiне қарай оң жақтағы бронханы айналып өтiп, арқа қолқасы сияқты омыртқа жотасының бойымен артқа кетедi. Дененiң артқы бөлiмi қарынға, бүйректерге кететiн арқа қолқасы тарамдарының қандарымен жабдықталады. Сонымен қатар, арқа қолқасы аяқтар мен дененiң құйрық бөлiмiне қан жеткiзушi жұп мықын артериясы мен тақ құйрық артерияларында да тармақталады.
Вена қаны дененiң алдыңғы қуыс венаға жиналып, одан шықшыт немесе яремдық (бастан мойынға қарай) иық және көкiрек веналарына өтедi. Оң жақ алдыңғы қуыс венаға жүректiң оң жақ құлақшасының алдыңғы шетiне құйылады, ал сол жақ алдыңғы қуыс вена артқы қуыс венаның жанына құяды.
Дененiң артқы бөлiмiнiң веноздық жүйесi құйрық және мықын веналарынан құралады. Олар өзара қосылып, құйымшақ-шарырқай (копчиково-брыжеечную) веналарын, сонымен қатар оң және сол бүйрек қаңқа веналарын түзедi. Бұл екi бүйрек қақпа веналары бүйректiң артқы бөлiмiне өтiп, ол жерде бүйректiң қақпан жүйесiн түзедi. Құстардың бауырымен жорғалаушылардан айырмашылығы, олардың қандарының бiраз бөлiгi ғана осы қан тамырлар арқылы өтедi, ал қанның қалған көптеу бөлiгi iрi мықын веналары арқылы өтедi. Веноздық қан артқы аяқтардан ортақ мықын венасына жиналады. Оған сан және бүйрек веналары құяды. Ондай магистральды қан тамыр бауыр арқылы өтiп, бауырдан шыға берiсте артқы қуыс венасын түзедi. Ал артқы қуыс венасына бауырдың оң жақ жартысынан өтiп, өзiне бауыр венасын қабылдайды. Артқы қуыс вена бауырдан жуан дiңгек (ствол) тәрiздi болып шығып құлақшаға құяды. Қан жасап шығарушы мүше – көкбауыры (талағы) болады.
Тыныс алу жүйесi. Ол өзiндiк ерекшелiгi бар және ауада ұшуға ыңғайлылығы, басқа мүшелерге қарағанда анағұрлым күрделi. Құстардың өкпесi бауырымен жорғалаушылардың өкпесi сияқты қапшық емес, тығыз көпiршiктi дене, көкiрек қуысының арқа жақ қабырғасына бекидi. Ауа танау тесiктерi арқылы ауыз қуысына, одан әрi көмекей арқылы кеңiрдекке барады. Дене қуысына кiре берiсте кеңiрдек екi бронхыға тармақталып, оң және сол өкпеге енедi. Бронхылары бiрнеше ұсақ тарамдарға бөлiнiп, олардың кейбiреулерi өкпенi тесiп өтiп, ауа қапшықтарымен жалғасады.
Бронхылардың тарамдары өзара нәзiк түтiктер парабронхылар арқылы қосылады. Оларда бiрнеше тұйық бiтетiн түiктер тарайды, оны бронхиалдар деп атайды. Бронхиалдардың айналасына қан капиллярлары шоғырланады.
Бронхылардың тарамдары жұқа қабы бар, ауа қапшықтарын құрайды. Ауа қапшықтары түрлi iшкi мүшелердiң аралығына орналасады. Олар еттердiң аралығына, терi астына және сүйектердiң қуыстарына де енедi. Ауа қапшықтары мойында 1 жұп, бғана аралығында бiреу, кеудеде 3 жұп, құрсағында 1 жұп болады. Ауа қапшықтарының ең басты маңызы құстар ұшқанда олардың тыныс алуын реттейдi. Құстар қанаттарын көтергенде, ауа қапшықтарының көлемi кiшiрейiп, ауа өкпе арқылы сыртқа шығады. Демек, құстар денесiне ауа ендiргенде де және шығарғанда да қанда ұдайы тотығу жүрiп отырады. Бұл құбылыс қос тыныс деп аталады. Құстардың тыныс алуы олардың қанатының қимылының шапшаңдығына байланысты. Құс қанаты тез сермеп, тез ұшатын болса, соғұрлым тыныс алуы күшейедi. Ауа қапшығының тыныс алудағы маңызынан басқа қызметi бар. Олар еттердiң, терiнiң араларында және сүйектердiң iшiне кiрiп құстың салмағын 10 процентке дейiн жеңiлдетедi, мүшелердiң арасында жылудың реттеушi қызметiн атқарады, ұшу кезiнде мүшелер арасына үйкелiстi азайтады.
Зәр шығару мүшесi. Зат алмасу процесiнiң күштiлiгiнен құстарда бөлiнiп шығатын заттың мөлшерi шамамен тыс көп болады (диссимиляция қалдықтары). Үздiксiз жүрiп жатқан осы қызметтi бүйрек атқарады. Ересек құстардың қуығы болмайды, әр бүйректен шыққан несеп түтiгi клоакасының орта бөлiмiне ашылып несеп клоакадан сыртқа шығады. Ұрықтарында бауырымен жорғалаушылардың ұрығында болатын – аллантоис сияқты қуық болады. Денесiмен салыстырғанда құстардың бүйрегiнiң көлемi, бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректiлердiң бүйрегiнен де үлкен. Өйткенi құстардың денесiнде зат алмасу процесi өте шапшаң жүредi[4].
Ас қорыту жүйесi. Құстардың күнделiктi жұмсаған күш-қуатын азықтық заттарды ассимиляциялау арқылы ғана қалпына келтiредi. Сол күш-қуатты келтiру үшiн олар шамадан тыс көп тамақ жейдi. Олардың ас қорыту жүйесi тамақтарды тез қорытады. Қазiргi тiршiлiк ететiн құстардың тiсi болмайды, олардың қызметiн қоректерiн қармап ұстайтын сырты мүйiздi затпен қапталған қатты тұмсығы атқарады. Әрбiр құстың қоректену тәсiлiне қарай азықтың түрiне қарай тұмсықтары түрлiше болады. Мысалы, жыртқыш құстардың тұмсығы төмен қарай иiлген, дәнмен қоректенетiн құстардың тұмсығы терiп, шоқып жеуге бейiмделген, қаздардiкi жалпақ т.б. Сүтқоректiлердiкi сияқты қоректiк зат ауыз қусында ұсақталып қорыту басталмаған құстардың ас қорытуы асқазанның басқа бөлiктерiнде жүредi. Ауыз қуысына тамақты шылаулайтын сiлекей бездерiнен сiлекейi құйылады. Ауыз қуысынан қоректiк зат жұтқыншаққа түседi, содан өңешке барады. Көптеген құстар (тауық, көгершiндердiң т.б.) өңешiнде қоректiк заттарды уақытша сақтайтын және аздап қорытылатын жемсау болады. Жемсаудан өңешiнiң төменгi бөлiмi арқылы бездi қарынға барып, одан ас қорыту сiлекейлерiмен араласып, қабырғасы қалың еттi қарынға барады. Қарынның қуатты бұлшық еттерi, оның бұдырлы қатты iшкi бетi, сол сияқты жұтылған ұсақ тастар әртүрлi қоректiк заттарды үгедi, сол жерде химиялық өзгерiстерге ұшырайды. Ал негiзгi өзгерiс және қорытылу аш iшегiнде өтедi.
Бауырымен жорғалаушыларға қарағанда құстардың аш iшегi әлдеқайда жақсы дамыған және денесiнен 2-4-есе ұзын. Аш iшекте қоректiк заттардың қорытылуына ұйқы безiнен бөлiнген сiлекейлердiң әсерi бар. Ас қорыту жүйесiнде екi бөлiмнен тұратын бауырдың маңызы зор. Кейбiр құстарда өт болмайды (көгершiнде). Өт жолы он екi iшекке келiп ашылады. Қорытылған тамақ аш iшегiнiң iшкi бетiндегi бүршiктерi жақсы жетiлгендiктен тез сiңiрiледi. Тоқ iшек өте қысқа, ол клоакаға жалғасады. Ал клоакаға бауырымен жорғалаушылардыкы сияқты зәр шығару түтiктерi мен жыныс мүшелерiнiң шығу жолдары ашылады. Ас қорыту құстарда өте тез жүредi, сондықтан iште артық қалдық заттар сақталмай тез сыртқа шығады, ал ол құстардың салмағының артуына жол бермейдi.
Құстардың тамағының құрамы әртүрлi. Соған сәйкес өсiмдiк тектес азықпен қоректенетiндер: қаз, үйрек, қасқалдақ, құр, саңырау құр т.б. талғамай жейтiндер: қарға, сауысқан, ұзақ, құзғын қарға т.б., дәндермен қоректенетiндер: торғай, жаурауық (зяблик), сұлыкеш (овсянка), бозторғай т.б., насекоммен қоректенетiндер: шымшықтар (синница), тоқылдақтар, көкектер, шыбыншылар (мухоловки), сайрауықтар (пеночки) т.б., балықпен қоректенетiндер: ұшып жүрiп бақылап, содан кейiн сүңгiп ұстайтын құстар (крачки), өзен қарқылдағы (скопа), балықшы тұйғын, аңдып отырып ұстайтын құстар (зимродок) зымыран, жүзiп жүрiп үңгiп ұстайтын құстар (баклан большой) үлкен суқұзғыны (большая поганка) сұқсыр, (пеликаны) бiр қазандар, судың жиегiнде жүрiп кететiн құстар (серая капля) көкқұтан т.б. бар. Құстардың арасында жыртқыш құстар бар. Мысалы, бүркiт, тазқара (стервятник) жұртшы, құмай, сақалтай (бородач) т.б.
Құстардың тамағының құрамы тек қана әртүрлi түрдiң айырмашылығындағы емес, бiр түрдiң iшiнде кездеседi. Мысалы,тауық тұқымдастардың өкiлдерi дәнмен қоректенедi, ал олардың балапандары насекомдармен қоректенедi. Бұдан ненi байқаймыз, балапандар дұрыс өсу үшiн жануартектес азықтың маңызы зор екенiн. Пойкилотермные гомойтермные жануарлар құстар және сүтқоректiлердiң дене температурасы сыртқы ортаның температурасының ауытқуына қарамастан тұрақты болып келедi. Ал қалған жануарлардың денесiнiң температурасы сыртқы ортаның температурасының өзгеруiне байланысты болады. Дене температурасы тұрақты болып келетiн жануарларды гомойтермдi дейдi, ал дене температурасы өзгерiп, құбылмалы болса оны пойкилотермдi дейдi. Құстарда дене температурасы өте жоғары тiптi орташа есеппен сүтқоректiлерден асып түседi. Құстардың дене температурасы орташа есеппен шамамен 420С, ал ең жоғарғы температура (торғайларда) 45,50С болады.
Көбеюi. Аталық бiр жұп жыныс бездерi бұршақ пiшiндес, екi бүйрегiнiң үстiнде тұрады. Олардың әрқайсысынан тұқым түтiгi (семяпроводы) шығады да клоакаға енедi. Арнайы шағылысу мүшесi болмаса да, ұрықтану аналық құстың iшiнде болады. Бұлар шағылысқанда еркегiнiң (спермасы) тұқымы ұрғашысының клоакасының iшiне құйылады.
Аналық жыныс бездерi барлық құстарда да тек қана сол жақ аналық безiнен және сол жақ жұмыртқа жолынан тұрады. Оң жақ аналық безi кейбiр ғана құстарда дамыған (мысалы, күндiзгi жыртқыштарда, үкiлерде, тотыларда т.б.). Оң жақ жыныс бездерiнде жұмыртқа жетiлгенiмен, ол сол жақ жұмыртқа жолы арқылы сыртқа шығады. Аналық жыныс бездерiнiң бiр жағында дамымауы, ол құстардың салмағын жеңiлдету бағытында болуы ықтимал. Жетiлген жұмыртқа клеткасы сары уызбен қоректенiп (оралып) жұмыртқа жолының воронкасына түседi де, оның бойымен қозғалады. Жұмыртқа жолы бiрнеше бөлiмнен тұрады: кең бөлiмi iшкi қабырғасында белокты заттар мен халазы бөлiп шығаратын бездерi болады; ең ұзыны iшкi қабырғасында жұмыртқаның жұқа белокты қабығы бөлiнедi; жақсы дамыған еттi қабаты жатын, онда жұмырқа қабыққа оралады (жатын iшiнде жұмыртқа 12-20 сағат болады). Жұмыртқа жолының соңғы бөлiмi қынап (влагалища), осы жерде дайын жұмыртқа клоакаға түседi. Жұмыртқа клеткасының ұрықтануы жұмыртқа жолының жоғарғы бөлiгiнде өтедi.
Құстардың жұмыртқаларының тұрқы, реңi және қалыңдығы жағынан әртүрлi болады. Негiзiнде жұмыртқаның көлемi құстың дене тұрқына сәйкес болады. Жұмыртқаның қабығының қалыңдығы егер құс жерге, тастың арасына салса қалың болады, ал жоғарғы ағаш басындағы немесе төбедегi ұяларға салса қабығы жұқа болады. Жұмыртқаның сырты известi, қатты қапталады да, онда пигменттi заттар болады. Жұмыртқаның түсi сол пигментке байланысты болады. Жұмыртқа саны әр құста әр түрлi болады.
Жұмыртқа. Ол күрделi дене болып саналады. Жұмыртқа iшiнде сары уыз және басқа қосымша бөлiмдерi болады. Жұмыртқаның қатты қабығын сындырсақ, сары уызы дөп-дөңгелек болып түседi. Онда балапанға керектi қоректiк зат және денесiн құрауға қажет заттар болады. Жұмыртқаның сары уызының сыртында мөлдiр жартылай сұйық (белок) қабаты болады. Моқал ұшында ауа қуысы болады. Жұмыртқаның сары уызы шайқалмау үшiн сары уыздың қабыршақ қабығынан тығыз ширатылған жiп тәрiздi халаза созылып жатады.
Жыныс диморфизмi кейбiр құстардың түрлерiнде нашар бiлiнедi (жапалақтар, шағалалар, көгершiндер т.б.), ал көпшiлiк құстардың еркектерi ұрғашыларынан қанаттарының ерекше реңi, дене тұрқы, дауысы, басындағы үкiсi, әр түрлi кекiлдерi арқылы ажыратылады. Жыныс диморфизмi құстардың бiр ағзасында болмайды. Ондай құстарға пингвиндер, гагарлар, сұр қарлығаштар т.б. жатады.
Көпшiлiк құстар “Күй салтанаты” кезiнде моногамды жұп құрады, яғни бiр еркегi және бiр ұрғашысы қосылып бiр жұп болып жүредi. Мысалы, аққулар, жыртқыш құстар, ақ дегелектер (аист белый) бiрнеше жыл, кейде өмiр бойы жұбымен жүредi, қаздар, үйректер, торғай тәрiздiлер тек көбею маусымында ғана жұп құрайды. Балапандарын шығарған соң олар ажырасады. Құстардың екiншi бiр тобы полигамды болып келедi, яғни бiр еркек құс бiрнеше ұрғашы құсқа ие болады. Мысалы, кейбiр құстар шағылысу кезiнде, бiрнеше минут немесе сағат қана жұп құрайды. Олар күн сайын жаңа жұп құрайды. Бұған меңiреу құрлар, жылқышылар (вальдшнептер), маңғы (дупель), үй тауығының әтештерi т.б. жатады. Жұп құрғаннан кейiн ұя салады. Ұялар құстың түрiне қарай алуан жерлерге салынады. Жұмыртқа саны құстар түрлерiне қарай 1-25-ке дейiн салады. Құстардың шағылысу, ұя жасау, жұмыртқа салу, жұмыртқа басу және балапандарын қоректендiру сияқты бiрiнен соң бiрi келiп отыратын өте маңызды биологиялық құбылыстарды қамтиды. Бұл уақытта құстар ұясының маңында болады, ұясынан қашықтап кетпейдi.
Дамуы. Шағылысқаннан кейiнгi ұрықтанған жұмыртқаның дамуы ана-ұрғашы құстың iшiнде басталып, жұмыртқа сыртқа шықаннан кейiн де дами бередi. Барлық құстар жұмыртқа басады, демек денесiнiң жылуымен оларды жылытады. Әдетте жұмыртқаны ұрғашысы басады, кейде екеуi де (еркегi және ұрғашысы) немесе еркегi ғана басады. Эмбриондардың (ұрықтың) даму ұзақтығы әр құстың түрiнде түрлiше. Мысалы, тауықта- 21 күн, құстың үлкенi түйеқұста – 55-60 күн, ал ең кiшкентай құс колибриде – 10-12 күн. Ұсақ торғай тәрiздi құстардың жұмыртқаларының дамып шығару мерзiмi 9-14 күн, қарғалардiкi – 17-20 күнде, бүркiттiкi – 44 күнде, кекiлiктер – 21 күнде, қырғауыл – 21-25 күнде, жабайы үйректер – 28-24 күнде балапан шығарады.
Құстарға қағанақтыларға (амниота) жатады, сондықтан ұрықтың қабығы болады, демек амнион, сероз және аллантоис. Ұрықта өкпе пайда болған кезде, аллантоис керек болмай кеуiп қалады. Дамып жетiлген балапан ерекше тұмсығындағы өскiн жұмыртқаны тiспен (яицевого зуба) жұмыртқаның қабығын жарып сыртқа шығады. Жұмыртқадан шыққан балпандардың ширақтық дәрежесi әртүрлi болады. Осыған сәйкес үлпiлдек жүндi, ширақ балапан шығарушылар және әл
сiз, қызылшақа балапан шығаратындар болып екiге бөлiнедi. Ширақ балапандар жұмыртқадан шыққанда көзi ашық, денесi мамықпен жабылған, өзi жүрiп жемдi тауып жей бередi. Құстардың бұл түрiне көбiнесе жерде және суда мекендейтiн тауық тәрiздiлер, дуадақтар, қазтәрiздiлер және жылқышылар жатады. Әлсiз, қызылшақа балапандар жұмыртқадан шыққан жалаңаш, көзi жұмулы, әлсiз болады. Сондықтан бiраз уақыт ата-аналары ғана қоректендiредi. Балапандары әлсiз құстарға торғайтәрiздiлер, тоқылдақтар, сұр қарлығаштар, көгершiндер, көк қарғалар. Жапалақ және күндiзгi жыртқыштар да әлсiз қызыл шақа балапан шығарады. Бұларда бiр шама жетiлiп, көзi ашық бала туады. Олар ұяларын ағаш басына, жерден биiк жерлерге салады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет