Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы


-тақырып ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ



Pdf көрінісі
бет33/78
Дата31.12.2021
өлшемі1,99 Mb.
#21082
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78
Байланысты:
karazhan ks kazakstan tarikhy lektsiialar kursy

5-тақырып
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Қазақ хандығының құрылуы жəне нығаюы
• 
Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы 
• 
1. Қазақ хандығының құрылуы жəне нығаюы
Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба  деректердің  
бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. 
Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда  
сол кездегі саяси жағдайға байланысты  Қазақ хандығы туралы 
да көп мəлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз  
еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мəліметтер 
қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты 
шығыс деректерінің маңызы зор.
Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің 
өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нəтижесінде ерте 
заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген 
көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының  
негізінде бірігуі арқылы XV-ғасырдың орта шенінде құрылды. 
Қазақ хандығының құрылуына 1457 жылдан кейін Керей  мен  
Жəнібек сұлтандардың Əбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен 
қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу 
жеріндегі Шу мен Талас өңіріне  қоныс аударуы мұрындық болды. 
Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434— 
1462 жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Əбілхайырға 
қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде 
тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты 
еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Əбілхайыр хан 
биледі. Ол Жошы əулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. 
Нəтижесінде Жəнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. 
Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның 
батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып 
орналасқан соң, Əбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының 
шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен 
бөлігі Керей хан, Жəнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың 
маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер 


76
77
— «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары  (1465—
1466)  билей бастады...».
Алғашында Қазақ хандығының аумағы батыс Жетісу жері, Шу 
өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алапты мекендеген 
тайпалар Дешті-Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен 
етене араласып кетті. Əбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс 
салдарынан күйзелген  қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап, 
етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле   бастады.  Мұны көрген  
Дешті-Қыпшақ  қөшпенділері Əбілхайыр хан қол астынан шығып, 
бөгеуін бұзған судай ағылып, Қазақ  хандығына қеліп  жатты. 
Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі  
əлсіз еді жəне бірсыпыра қазақ тайпалары Əбілхайыр хандығының,  
Моғолстанның,  Ноғай Ордасының жəне Батыс Сібір хандығының 
қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп отырған болатын. Ал 
Əбілхайыр хан болса өзіне қарсы шығып,  Жетісуға қоныс аударған 
қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына жəне оған 
көптеген тайпалардың  ағылып барып жатқанына  азуын  басып,  
қылышын  қайрап отырды.  
Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс Жетісу 
өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі 
тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты   керек  етті. Сонымен қатар 
көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, əсіресе 
қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық — Сырдария  
жағалауындағы қалалармен сауда-саттық қарым-қатынасқа қолайлы 
жағдай жасау маңызды мəселеге айналды. Бұл қарым-қатынастың 
 
оңалуына тек  көшпелі ел   ғана емес,   отырықшы аймақтардағы  
халықтар да  мүдделі болды. Осы жоғарыдағы жағдайлардың 
талабына сай, Қазақ хандығының алдында  үлкен тарихи міндеттер 
тұрды: 
1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында 
бұрыннан қалыптасқан дəстүрлі тəртібін қалпына келтіру (бұл тəртіп 
Əбілхайыр хандығындағы аласапыран кезінде бұзылған еді); 
2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолы үстіне орнаған  Сырдария  
жағасындағы  Сығанақ, Созақ, Отырар, Яссы  (Түркістан) т. б. 
қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі, Сырдария бойындағы 
бай қалалар бұдан бұрынғы мемлекеттік бірлестіктердің — Ақ 
Орданың, Əбілхайыр хандығының саяси-əкімшілік жəне сауда-
экономикалық орталықтары еді. Сырдария бойындағы қалаларды 
өзінің  экономикалық  жəне  əскери  тірегіне  айналдыру  Дешті-
Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. Сондықтан 
бұл қалалардың саяси-экономикалық жəне соғыс-стратегиялық 
маңызы зор еді; 
3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық 
аумағын біріктіру.
Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы 
үшін күресте Қазақ хандығының басты бəсекелесі жəне ата жауы 
Əбілхайыр хан болды. Қазақ хандығы Əбілхайырға қарсы күресу 
үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен тату көршілік, одақтық 
байланыс орнатты. Бұл одақ  жоңғар тайшысы Амасанжының 
Моғолстанға жəне Əбілхайыр ханның Қазақ хандығына қарсы 
шабуылдарынан  біріге отырып  қорғануға  мүмкіндік берді. 
1468 жылы қыста Əбілхайыр хан Қазақ хандығын киратпақ 
болып,  Жетісуға  жорыққа  аттанды,  бірақ  сапары  сəтсіз  болып, 
осы жорық кезінде қаза тапты. Əбілхайыр хан өлгеннен соң  өзбек 
ұлысының шаңырағы шайқалды, ішкі шиеленістер күшейді. 
Əбілхайырдың қаза болуы Қазақ хандығының  нығаюына жəне 
оның көлемінің кеңеюіне үлкен жағдай тудырды.  Өзбек ұлысының  
үлкен бөлігі Керей  мен Жəнібек ханға көшіп кетті. Қазақ хандары 
Əбілхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күресте олардың  ішкі-
сыртқы қайшылықтарын толық пайдаланды. Əбілхайыр ханмен 
билікке таласып келген Жошы ұрпақтары — Ахмет хан мен Махмұд 
хан,  батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан жəне  Ноғай  мырзалармен 
одақтаса отырып  күрес жүргізді.
Əбілхайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар осы күресте қаза 
тапты.    Əбілхайыр ханның мұрагерлерімен күресте  Қазақ хандары 
Əбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті-Қыпшақ даласын 
жəне ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XV 
ғасырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас 
Қаратау өңірінің бірсыпыра аумағын басып алды. Сөйтіп қазақ 
хандығының аумағы əлдеқайда кеңейді, оған тұс-тұсынан қазақ 
тайпалары келіп қосылып жатты.
Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Əбілхайырдың 
немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам 
уақытқа созылды. Сонымен қатар бұл қалаларды  Түркістан 
аймағын билеген Əмір Темір əулетінен шыққан Əмір Мұхаммед 
Мəзит Тархан мен Моғолстан ханы Жүніс хан да қолдарына түсіруге 
дəмелі болды.  
Сыр бойы қалалары үшін Қазақ хандары өте  қажырлы қайрат 
жұмсады. Əбілхайыр ханның  немересі Мұхаммед Шайбани 
 
Түркістан аймағына келіп,  Мұхаммед Мəзит Тарханды  паналады. 


78
79
Мұхаммед Мəзит Тархан  Мұхаммед Шайбаниды қолдап, Қазақ 
хандығына қарсы аттандырмақ болды. Бірақ Мұхаммед Шайбани 
оның бұл үмітін ақтамады, керісінше оның қолынан Түркістан 
аймағын тартып алды. 1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол 
бастап Түркістанға шабуыл жасады. Қазақ ханы Əз Жəнібектің 
үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші 
баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде қазақтардан 
соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Сөйтіп, Сырдария 
жағасындағы  — Созақ жəне  Сауран  қалалары  Қазақ хандығының  
құрамына  кірді.
Екі жылдан соң Мұхаммед Шайбани Түркістанға қайта оралып, 
Ноғай Ордасының əмірі Мұса мырзаның көмегіне сүйене отырып, 
Аркөк бекінісі мен Сығанақ қаласын басып алды. Бұл уақытша 
жеңіс еді. Бұрындық сұлтан мен Махмұд сұлтан бастаған қазақтың 
біріккен əскерлері Қаратаудағы Соғынлық асуы түбінде, Созақ 
пен Сығанақ аралығында, Мұхаммед Шайбанидың əскерлерін 
талқандады. Бұрындық сұлтан Сығанақ қаласын қайтарып алды. 
Бұл шайқаста күйрей жеңілген Мұхаммед Шайбани Маңғыстауға 
қашты. Сырдария жағасындағы қалалар қайтадан Қазақ хандығына 
өтті, бірақ аумалы-төкпелі жағдай сақталды.
Бұл күрес Керей ханның баласы Бұрындық хан болған кезде де  
(1480—1511)  толастаған жоқ. XV ғасырдың сексенінші жылдарында 
Əмір Темір əулетінің өкілі Сұлтан Ахмет мырза мен Моғолстан 
ханы  Сұлтан  Махмұд  арасындағы  соғыста  Мұхаммед  Шайбани 
Моғолстан  ханына  болысып,  оның  қолдауымен  тағы  да  Аркөк, 
Сығанақ қалаларын басып алды. Бірақ қазақ ханы Бұрындық 
қырдан келіп Сығанақ қаласын қоршады. Қаланың тұрғындары 
қазақ əскерлеріне қала бекінісінің қақпасын ашып берді. Сонымен, 
бұл аймақ Бұрындықтың қолына өтті. 
Бұдан соң қазақтар Мұхаммед Шайбанидың туысы Махмұд 
Сұлтан билеген Яссы (Түркістан) қаласын қоршауға алды. Қа-
зақтардың біріккен əскери күшінен қорғанған Шайбани əскерлері 
Аркөк қаласына қырық күн бекінді. Алайда үш жыл бойы 
қазақтармен соғысқан Мұхаммед Шайбани, Бұрындық хан мен 
Қасым сұлтан бастаған қазақтардың қысымына төтеп бере алмай, 
1486 жылы Түркістанды тастап, Хорезмге кетуге мəжбүр болды.
Қазақ хандығы, Шайбани əулеті, Əмір Темір əулеті жəне Мо-
ғолстан билеушілері арасындағы тайталаста Қазақ хандығы мен 
Мұхаммед Шайбани арасындағы жауласу жəне  Əмір Темір əулеті 
мен Моғолстан билеушілері арасында  арпалыс асқына түсті. Осы 
күрес барысында Моғолстан ханы Жүніс 1482—1485 жылдары 
Ташкент пен Сайрам қалаларын басып алды. 
Моғолстан билеушілері Мұхаммед Шайбаниды Əмір Темір 
əулетіне  қарсы  жұмсау  үшін  қолдады,  ал  Əмір  Темір  əулетінен 
шыққан Əмір Мұхаммед Мəзит Тархан оларға қарсы Қазақ 
хандығымен  одақтасты.    XV  ғасырдың  аяғында  Моғолстан  ханы 
Сұлтан Махмұд  Отырар қаласын басып алды да, оны Мұхаммед 
Шайбаниға берді. Моғолстан ханының қолдауына жəне Отырар 
сынды маңызды стратегиялық орынға ие болған Мұхаммед Шайбани 
тағы да Сауран мен Яссы  қаласын басып алды.
Қазақ ханы Бұрындық пен Қасым жəне Жəдік сұлтандар Мұ-
хаммед Мəзит Тарханмен күш біріктіріп, Мұхаммед Шайбаниға 
қарсы Созақ қаласына шеру тартты. Созақтың тұрғындарының  
көбі  Бұрындық  ханға  тілектес  жəне  онымен  байланыста  еді, 
сондықтан Созақ қазақтардың колына көшті. Ал Сауран қаласының 
халқы қазақтың біріккен қалың қолын көрісімен-ақ Мұхаммед 
Шайбанидың қаланы билеуге қалдырған туыстарын ұстап қамады 
да қазақтарды қалаға кіргізді.  Бұрындық хан Сауранды қайтарып 
алған соң Мұхаммед Шайбанидың тұрағы Отырар қаласының 
қамалын қоршады. Алайда Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд 
Ташкенттен Мұхаммед Шайбаниды құтқаруға көмек жібергендіктен 
қазақтар Отырар қамалын қоршауды тоқтатты. Мұхаммед Шайбани 
хан қазақтармен бітім  жасады.
XV ғасырдың ақырында Отырар, Яссы, Аркөк,  Бозкент қала-    
лары мен Түркістан аймағының бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниға 
қарады да, Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары мен Түркістан 
аймағының солтүстік бөлігі Қазақ хандығының иелігінде қалды. 
Ташкент пен Сайрам қалаларын Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд 
биледі.
Қазақ хандығы өзінің шаңырағы көтерілген батыс Жетісудағы 
иеліктерін, Сырдария бойындағы отырықшы-егіншілік аудандар 
мен сауда, қолөнер жəне мəдениет орталығы болған Сығанақ, Созақ, 
Сауран  қалаларын  иемденіп,  өз  иеліктерін  едəуір  ұлғайтты  жəне 
билігін нығайтты. Қазақ хандарының билігінің нығаюы Шайбани 
ханды Дешті-Қыпшақ тайпаларының біраз бөлігімен Мəуеран-    
нахрға ығысуға мəжбүр етті. Мұхаммед Шайбани 1500 жылы ондағы 
Əмір Темір əулетін талқандап, Мəуераннахрды жаулап алды да,  
Шайбани əулетінің негізін қалады. Бұл кезеңде ішкі қырқыстардың 
күшеюі, толассыз соғыстардың халық шаруашылығына тигізген 
зардабы салдарынан ауыр дағдарысқа тап болып отырған Мəуеран-


80
81
нахр билеушілері (Əмір Темір əулеті) пəлендей қарулы қарсылық 
көрсете алмады. Мұхаммед Шайбани ханға ілесіп Мəуераннахрға 
келген көшпелі тайпалар да бірте-бірте  жергілікті отырықшы халыққа 
сіңіп, олардың тілі мен мəдениетін қабылдап, өздерінің бұрынғы 
(Дешті-Қыпшақтағы) өзгешеліктерінен бірте-бірте айырылды. Бұл 
көшпелі тайпалар Дешті Қыпшақтан ала келген «өзбек» деген атау 
бірте-бірте Мəуераннахрдың байырғы тұрғындарына сіңісіп кетті.  
Бірақ  олар  «өзбек»  деген  атау  ғана  болмаса,  жергілікті  халықтың 
тұрмыс-тіршілігіне ықпал жасай алмады.
XV ғасыр мен  XVI ғасырдың арасында (1500 жылы) Мұхаммед 
Шайбани ханның Дешті Қыпшақтан ығысып барып қос өзен 
аралығын (Мəуераннахрды) жаулап алуы Орта Азия тарихындағы, 
əсіресе қазақ пен өзбек үшін елеулі оқиға болды. Бұл, ең алдымен, 
Қазақ хандығының жерін кеңейтіп, беделін арттырып, елдігін 
нығайтты. Бұрынғы дəуірлерде бытыраңқы болып келген қазақ 
тайпаларының басын бір жерге қосуға, қазақтың этникалық аумағын 
біріктіруге, сонау VI—VII ғасырлардан басталған қазақтардың 
халық болып қалыптасу үрдісін біржолата аяқтауға мүмкіндік берді. 
Бұрын Ақ Орда мен Əбілхайыр хандығында қолданылған «өзбек-
қазақ» деген жалпы атау бір-бірінен ажырады. «Қазақ» термині 
бірте-бірте Дешті-Қыпшақ пен Жетісуда қалыптасқан халықтың 
тұрақты атына айналды. «Өзбек» термині Мұхаммед Шайбаниға 
еріп кеткен тайпалардың этникалық атауы ретінде  Орта  Азияда 
ғана  қолданылды. 
Қазақ хандығы Қасым хан тұсында (1511—1521 жж.) нығая 
түсті. Қасым 1445 жылдар шамасында  туған. Қасымның 1513 
жылы  күзде Шу өзені жағасында  Шағатай ұрпағы Саид ханмен 
жүздесуі болғанда, олардың замандасы Мырза  Хайдар  Дулатидың  
айтуы бойынша: «Қасым ханның жасы алпыстан асып, жетпіске 
жақындаған еді». Бұрындық ханның тұсында Қасым əскери қол-
басшы  болды. Хандықта беделі жоғары болса да, үлкенге бағыну 
дəстүрін ұстанып, Бұрындық ханның айтқанынан шықпады. 
Шайбани  ханның  1504  жылы  көктемдегі  Əндіжанға  жорығы  тұ-
сында Қасым хан  маңғыттардың  көмегімен бүкіл Қыпшақ дала-
сына үстемдікті қолына алды. Сөйтіп, оның Ташкент пен Түркіс-
танға шабуыл жасауға мүмкіндігі болды.
Қасым хан феодал ақсүйектердің қарсылығын əлсіретіп, 
 
хандықтың əскери қуатын арттырды.  Өзіне қарасты қазақ жерін 
кеңейте түсті. «Тарих-и-Рашиди», «Шайбанинама» жəне т.б. дерек-
терге қарағанда XVI ғасырдың екінші он жылдығында Қасым 
хан  қазіргі қазақ жерінің далалық аймағын түгел бағындырды. 
Бұл кезде  хандықтың шекарасы оңтүстікте Сыр жағалауы мен 
Түркістанның  маңызды қалаларын, оңтүстік-шығыста Жетісудың 
көп бөлігін, солтүстік-батыста  Жайық өзені жағалауын қамтыды. 
Қасым ханның Қазақ хандығын күшейту,  қазақ тайпаларын жəне 
қазақтардың этникалық аумағын біріктіру жолындағы жеңістері 
елдің іші мен сыртындағы беделін арттырды. Мұхаммед Хайдар 
Дулати: «Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай  
құдіретті ешкім  болған емес» деп жазды. 
Бұл тұста Қазақ хандығы сол кезеңнің халықаралық қатынасына 
да  кең тартылды. Қасым хан  Ұлы князь Василий III (1505—1533) 
кезіндегі Мəскеу мемлекетімен дипломатиялық қатынаста болды. 
Осы кезеңде   қазақ халқы туралы мəлімет батыс Еуропаға да белгілі 
болды. Мəскеуге бірнеше рет келген (1517, 1526) Австрия дипломаты 
Сегизмунд Герберштейн  өзінің  дипломатиялық жазбаларында 
Қазақ хандығы туралы  баяндаған.  
Қасым ханның билігінің соңғы кезеңінде Шайбанидтермен 
қарым-қатынасы өте күрделі болды. Деректер бойынша олардың 
арасындағы негізгі күрес Ташкент қаласы үшін болды. Қасым хан 
өзінің замандастары Рузбихан, Бабырдың  еске түсірулері бойынша 
жылқы малының өте білгірі жəне əскери талантты қолбасшы 
ретінде суреттеледі. Хан билігі өте күшті болған жəне де халық 
саны осы кезде бір миллионға жеткен. Қасым дəстүрлі əдет-
ғұрыптарды    ұстанған  хан  болды.  Осы  дəстүрлі  əдет-ғұрыптарды 
заңдар жинағы етіп, елді басқаруда кең қолданған. Бұл заң сол кезде 
мұсылман елдерінде  жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің 
(шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді заң 
болды. Сондықтан да халық арасында бұл заңдар жинағы Қасым 
ханның атымен байланыстырылып: «Қасым ханның  қасқа жолы» 
деп аталды. Бұл заңға кірген ережелер мынадай: 
1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері);
2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыс-
тарына жаза);
3. Əскери заң ( қосын құру,  аламан міндеті, ердің құны, тұлпар 
ат);
4. Елшілік жоралары (шешендік, халықаралық қатынастарда 
сыпайылық, əдептілік);
5. Жұртшылық заңы (ас, той, мереке үстіндегі ережелер).
Қасым хан кезінде Қазақ хандығы біраз күшейді. Алайда хандық 
бір орталыққа бағынған мемлекет деңгейіне көтеріле алмады. 


82
83
Қасым хан  қайтыс болған соң Қазақ хандығындағы ішкі жағдай 
бірден айқындалды. Оның мұрагерлері арасында билікке таласқан 
дау басталды. Соның нəтижесінде ішкі тартыс, қайшылық пен 
қырқыстар күшейді. Қазақ хандығы осы ішкі феодалдық қырқыстар 
нəтижесінде ыдырап, бөлшектенді.
Қорыта айтқанда, Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының 
тарихында төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді 
мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, 
қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы 
заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата 
аяқтатуда аса маңызды жəне түбегейлі шешуші рөл атқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет