178
179
деген болатын. Сол сияқты ақын орыс əдебиеті жəне мəдениетімен
таныс болды. М.Ю. Лермонтов, А.С.Пушкин, Н.Крылов шығарма-
ларын аударумен шұғылданды. Орыс əдебиеті үлгілерін қазақ халқы
арасына тұңғыш таныстырушы болып, олардың өскелең идеяларын
насихаттады.
Осы кезеңнің дара тұлғаларының бірі ретінде Ш.Уəлихановты
(1835—1865) атаймыз. 1856 жылы Ш.Уəлиханов екі экспедицияға
қатысады. Біреуі Орталық Тянь-Шань арқылы Алакөлден
Ыстықкөлге дейінгі, екіншісі — дипломатиялық тапсырма бойынша
Құлжаға сапар. 1857 жылы Уəлиханов Алатау қырғыздарына тағы
да сапар шегіп, қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны “Ма-
насты” көшіріп алды. Ыстықкөлге экспедиция кезінде Ш.Уəлиханов
тарихи деректермен қатар көненің көзі — ерте заман бұйымдарының
құнды үлгілерін жинады. “Ыстықкөлге барған сапардың күнделігі”,
“Қытай империясының батыс провинциясы жəне Құлжа қаласы”,
“Қырғыздар туралы жазбалар” деген тарихи-этнографиялық ту-
ындылары жоғарыда аталған сапарларының нəтижесі болатын.
Ш.Уəлихановтың ғылыми қызметі Орыс географиялық қоғамының
назарын аудартып, 1857 жылдың ақпанында ол қоғамның толық
мүшелігіне қабылданады. Оның ғылыми мұрасы Қазақстанның
жəне көп ұлтты Ресейдің, басқа да халықтардың проблемаларының
өзекті тұстарын қамтиды. Шоқан Орта Азия мен оған іргелес жатқан
аймақтар халқының географиясын, этнографиясы мен фольклорын
зерттеуге де үлкен үлес қосты.
А.Құнанбаев пен Ш.Уəлиханов XІX ғасырдағы екі үлкен білім
жүйесінің өкілдері болды: діни (мұсылмандық) жəне зайырлы
(орыстық). Мектеп пен медреселерде діни білім беріліп, молдалар
мен мұғалімдер даярланды. Медреселерде теологиялық діни білім
философия, тарих, əдебиет, астрономия, медицина, математика,
лингвистика пəндерін оқытса, зайырлы оқу орындары қазақтарды
Ресейге қызмет ету мен орыс мəдениетіне қызығушылық жолдары-
на салды. Олар отарлау аппараттарына шенеуніктер, аудармашылар,
оқытушылар, əскерилер, дəрігерлер даярлады.
Орынбордағы зайырлы оқу орындарының бірін 1857 жылы та-
нымал жаңашыл-педагог, ағартушы Ы.Алтынсарин аяқтайды.
Ы.Алтынсарин (1841—1889) бастамасымен жəне тікелей қатысуымен
Қазақстанда халықтық азаматтық мектептер желісінің құрылуына
қол жеткізілді. Ол, əсіресе, қолөнер жəне ауылшаруашылығы
училищелерін ашуға көп күш-жігер жұмсап, байырғы халық ара-
сынан Қазақстанның экономикалық дамуы үшін қажетті ма-
мандар даярлауға ерекше мəн берді. Ы.Алтынсарин орыс-қазақ
мектептерінің оқушыларына арнап “Қырғыз (қазақ) хрестоматия-
сы” жəне “Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқы
басшылық” атты оқу құралдарын жазды. Орыс кластарына қазақ
тілінен сабақ беріп, ол ұлттық əдебиет пен мəдениетті дамыту, қазақ
əдеби тілін қалыптастыру жолында жемісті еңбек етті.
XІX екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуы-
на Құрманғазы Сағырбайұлы, Дəулеткерей Шығайұлы, Тəттімбет
Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сияқты композитор-музыканттар
үлкен үлес қосты. Домбыра, қобыз, сыбызғы сияқты музыкалық
аспаптар арқылы түрлі эпостарды, тарихи дастандарды, аңыз-
əңгіме мен жырларды орындап отырды. Аталған композиторлардың
дүниетанымы тарихи тұрғыда шектеулі бола тұрса да, олардың
шығармаларында əлеуметтік қайшылықтар бейнеленді. Біржан
Қожақұлы, Мұхит Мералиев, Ақансері Қорамсаұлы, Жаяу Мұса
Байжанұлы, Құлтума Сармұратұлы сияқты жəне тағы басқа
көптеген ақын, əнші, композиторлардың шығармашылық жəне орын-
даушылық шеберлігі арқасында қазақ əн мəдениетінің классикалық
үлгілері дамып, жоғары дəрежеге көтерілді.
Достарыңызбен бөлісу: