30
31
Үйсін шеберлері алтын əшекей бұйымдарды зерлеу тəсілімен жа-
сады. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған осын-
дай жəне басқа да қолөнер заттары мен бұйымдары үйсін өнерінің
жоғары даму деңгейін көрсетеді.
Үйсін мемлекетінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы
оның көршілес елдер, тайпалармен (қытай, ғұн, қаңлы, ұйғыр, қыр-
ғыз жəне т.б.) саяси, экономикалық жəне мəдени байланыстарды да-
мытуына мүмкіндік жасады. Бастапқыда Үйсін мемлекеті ғұндар-
мен қалыпты қарым-қатынаста болды. Бірақ Хань патшалығының
ғұндарды жеңіп, батысқа бет алу əрекеті үйсіндерді қытайлармен
тығыз байланыс орнатуға мəжбүр етті. Қытайлар ғұндарға қарсы
батыста жатқан елдерден одақтастар іздеуге кірісті. Қытай им-
ператоры Уди б.з.д. 138 жылы үйсін еліне Чжан Цянь бастаған
елшілік жібереді. Осыдан кейін екі жақты қарым-қатынастар
етек алып, үйсіндер Қытаймен кең дипломатиялық жəне туыстық
қатынаста болған. Қытайлар үйсіндермен құдаласып, күнбиге Хань
патшалығының ханшасын əйелдікке береді. Əрине, бұл құдалық
белгілі саяси мақсатты көздеп, хань əулеті үкіметі мен үйсіндер
арасындағы одақтастық байланыстың негізін қалады. Өз кезегінде
ғұндар да үйсіндермен құдаласып, күнбиге өздерінің қыздарын бе-
ріп отырған. Үйсін мемлекеті біртұтас ел ретінде б.з. VІ ғасыры-
ның ортасына дейін өмір сүріп, одан соң Түрік қағанатының
құрамына енеді.
Достарыңызбен бөлісу: