Тәрбиежұмысыныңқұрылымы (В.А. Кан-Калик)
4 кезеңнен тұрады
1. Болжамдық кезең тәрбие нысанының жалпы үлгісін жобалау.
2. Коммуникативті кезең , яғни тәрбие ісіне қатысы бар адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы . Тәрбие жоспары, мазмұны тағы басқа.
3. Педагогикалық үрдісті басқару және жүргізу кезеңі.
4. Талдау кезеңі. Жүргізілген тәрбие жұмысының барысын талдау.
Тәрбиетехнологиясынбасқарудыңсубьектісіменобьектісі Тәрбие үрдісі көп салалы әрі көп векторлы болғандықтан оның субьектісіне:
- тәрбиешінің, оқушының , ата-ананың т.б. басқалардың педагогикалық үрдісіндегі жеке іс - әрекеті жатады.
Тәрбие үрдісінің обьектісіне:
- Тәрбие жүргізілетін ортаның мәдени денгейі,
- Тәрбие үрдісін жүргізуге қажетті техникалық материалдық және мәдени құндылықтар мен қамтамасыз етілуі.
- Тәрбие үрдісін жүргізуге жұмсалынатын уақыт мөлшері.
- Тәрбие ісін жүргізуге қажетті әдіс-тәсілдер, ұстанымдар, т.б.жатады.
Тәрбие үрдісін жаңа үлгіде жүргізу үшін тиянақты жан-жақты даярлық қажет , яғни
бұрынғы тәрбие үрдісін модернизациялау арқылы іске асады. Тәрбие үрдісін модернизациялау жаңа заман талабына сай тұлғаны тәрбиелеу ісін жан -жақты белгілі мақсатқа негіздеп, тұлғаның құнды қасиетін, қаблетін дамыта отырып , жаңа қоғамда өмір сүру іс-әрекетін сәтті өткізіп, тіршілікте табысқа жетуіне негізделуі қажетті.
Сондықтан тәрбие үрдісін басқару технологиясын іске асыру мынадай алгоритмнен тұрады.
1. Мектептегі тәрбие жүйесінің диагностикалық жағдайын анықтап, талдау жасау .
2. Тәрбие жүйесін үлгілеу бойынша ынталы белсені жұмысшы тобын құру .
3. Тәрбие жұмысы үлгісінің (модель) негізгі идеясы мен тақырыбын анықтау .
4. Тәрбие жұмысы үлгісін және бағдарламасының кезеңдерін жасау.
5. Тәрбие моделінің негізгі параметрлерін, критериилерін жасау.
6. Үлгінің теориялық-әдіснамалық негізін жасау.
7. Тәрбие үрдісінің негізгі идеялары (құндылығы, мақсаты, мәдениеті , ұстанымдары т.б.).
8. Тәрбие жүйесін іске асыру тетігі.
9. Тәрбие жүйесі үлгісін іске асыру кезеңдері бойынша жұмыс барысын анықтау (тест, бақылау).
10. Істелінген жұмыс бойынша қорытынды жасау .
11. Нәтежесін баспаға беру .