Өздікиндукция. Индуктивтік.Кез келген контурда ағатын электр тогы I осы контурдан өтетін Ф магнит ағынын тудырады. Ф магнит ағыны ток тудыратын магнит өрісінің В индукциясына пропорционал. Ал В магнит индукциясы био-Савар-Лаплас заңына сәйкес І ток күшіне пропорциональ. Олай болса контур арқылы өтетін І ток күші мен Ф магнит ағыны пропорциональ болады:
(3)
Ток күші мен магнит ағыны арасындағы L-пропорционалдық коэффициент индуктивтілік деп аталады. Индуктивтік контурдың геометриялық өлшемдеріне және ортаның магнит өрісіне тәуелді болады. Оның өлшем бірлігі генри (Гн).
Шексіз ұзын соленоид үшін индуктивтіктің өрнегі келесі түрде болады:
(4)
Контурдағы ток күші өзгерген кезде магнит ағыны өзгереді осының салдарынан индукцияның э.қ.к-і пайда болады. Контурдағы ток өзгергенде контурда индукциялық э.қ.к-інің пайда болуын өздік индукция құбылысы деп аталады.
Электромагниттік индукция заңын қолданып өздік индукцияның э.қ.к-ін табамыз:
Егерде L=const онда,
(5)
Егер болса, онда ei <0 , яғни өздікиндукция сыртқы көзге негізделген токқа қарсы бағытталған оның өсуін баяулатады. Егер болса, онда ei >0 , яғни өздікиндукция сыртқы көзге негізделген токқа бағттас бағытталған оның кемуін баяулатады.
Өзара индукция.Бір-біріне жақын орналасқан тогы бар контурлардың біріндегі ток өзгерген кезде екіншісінде токтың пайда болуын өзара индукция деп аталады.
1-контур тудыратын 2-контур арқылы магнит ағыны:
(6)
2-контурдағы индукцияның э.қ.к-і:
(7)
Осыған ұқсас 2-контур тудыратын 1-контур арқылы магнит ағыны:
(8)
Ал 1-контурда пайда болатын индукцияланатын э.қ.к-і:
(9)
L12, L21 - өзара инуктивтік деп аталады.
L12= L21 (10)
Магнит өрісінің энергиясы және энергия тығыздығы.Электр тогының айналасында магнит өрісі пайда болады. Магнит өрісі энергияға ие. Магнит өрісін тудыру үшін ток жұмыс жасайды, магнит өрісінің энергиясы осы жұмысқа тең болады. І ток ағатын индуктивтігі L контурды қарастырайық.. Контур арқылы өтетін магнит ағыны Ф=LI . Ток dI-ге өзгергенде магнит ағыны былай өзгереді: dФ=LdI. Магнит ағыны dФ шамасына өзгерту үшін мынадай жұмыс жасалады: dA= IdФ=LIdI. Онда Ф магнит ағынын жасау үшін қажетті жұмыс
Бұдан магнит өрісінің энергиясы
(11)
Магнит өрісінің энергиясын өрістің өзін сипаттайтын шамалар арқылы өрнектейік. Шексіз ұзын соленоид жағдайында
,
Бұларды ескерсек теңдеу келесі түрге келеді:
(12)
Соленоидта магнит өрісі біртекті болады. Магнит өрісі энергиясының тығыздығы:
(13)
Достарыңызбен бөлісу: |