Лекциялардың тезістері шымкент 2022 ж. Ф 08-19 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


-тақырып. Білім алушылардың оқу қызметін бағалаудың жалпы тәсілдері



бет2/43
Дата28.11.2022
өлшемі5,45 Mb.
#53170
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
1-тақырып. Білім алушылардың оқу қызметін бағалаудың жалпы тәсілдері
1 дәріс

Мақсаты: қазіргі білім беру үдерісінде білім алушылардың оқу қызметін бағалаудың жалпы тәсілдері туралы білімдерді қалыптастыру.




Жоспары:

  1. Оқушылардың жетістіктерін бағалаудың мақсаты, міндеттері.

  2. Бағалау жүйесінің функциялары: нормативтік, диагностикалық, оқыту, ұйымдастыру, тәрбиелеу, бағдарлау, ақпараттық.

  3. Бағалау жүйесін дамытудағы заманауи үрдістер

  4. "Білім беру сапасы", "білім беру жетістіктері"ұғымдары

Оқыту барысында маңызды және жауапты кезеңдердің бірі білім алушылардың оқыту нәтижелерін бақылау мен бағалау, оны түзету кезеңдері болып табылады. Оқытудың тиімділігі бақылаудың саны мен сапасына, толықтығына, дер кезінде ұйымдастырылуына, айқындылығы мен обьективтілігіне байланысты.


Бақылауды жүзеге асыру үшін қолданылатын ұғымдар мәнін, тиімділігіне әсер етуші факторларды анықтау қажет. Қазіргі таңдағы педагогикалық теориядағы «бағалау», «бақылау», «тексеру», «белгілеу» ұғымдары қатаң түрде қалыптасқан жоқ. Олар өзара араласып, өзара алмасады, бір мағынасынан келесіде басқа мағынада қолданады. Осы түсініктердің әрқайсысына жеке тоқталайық.
Олардың арасында ортақ қолданылатын «бақылау», ол білім алушылардың білім, іскерлік, дағдыларын өлшеуді, анықтауды білдіреді. Анықтау мен өлшеу «тексеру» деп аталады. Сондықтан тексеру бақылаудың құрамдас компоненті болып табылады. Тексерудің негізгі дидактикалық қызметі оқытушылар мен білім алушылар арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу материалын игеру жайлы объективті ақпарат алу, дер кезінде білім алушылар біліміндегі түзетуді қажет ететін кемшіліктерді анықтап отыру. Тексеруден басқа бақылаудың құрамына «бағалау» (үдеріс ретінде) мен «баға» (нәтиже ретінде) енеді. Бағалар белгілер түрінде (шартты белгілер, бағаның сандық түрлері) тіркеледі.
Бағалау кезіндегі пікірлер алшақтығы бірнеше себептермен түсіндіріледі. Олар келесі: бір оқытушылардың білім алушылар білімін бағалауда жақсы түсіну мен материалды қайталап айтуына көңіл бөлетінін, ал екіншілердің алған білімдерін туындаған жағдаятты шешуге қолдана алатынын, үшіншісі ғылымның әдіснамалық негізін білуін, төртіншісі сын тұрғысынан ойлау алуы мен білімін қалыптан тыс жағдайларда қолдана алуын, бесіншілері студенттердің өз жауабын дұрыс құрып, материалды баяндау жоспары мен формасын дұрыс таңдай алуына назар аударуларынан болады.
Заманауи дидактикадағы талап етілетін бақылаудың негізгі қызметтері мен принциптерін ашып көрсетейік. Бақылау мен бағалау жүйесі келесідей негізгі қызметті атқарады:
-білім берушілік, үлгерімді бақылау кезінде білім, іскерлік пен дағдылары тереңдетіліп, білімділік деңгейі, ақыл-ой еңбегінің мәдениеті артады, білім алушының өз бетімен жұмыс істеуіне негіз болатын жағдайда жүзеге асырылады;
-дамытушылық, бақылау нәтижесінде тұлғаның көңіл, ес, ойлау секілді психикалық үдерістері жетілген тұста, танымдық белсенділіктері артқан кезде туындайды. Бұл қызмет түрі бақылау тапсырмалары (сұрақтары) түсіндіруді, дәлелдеуді қажет еткенде жүзеге асады;
-тәрбиелік, үлгерім бақылауымен қатар жүретін баға білім алушының жетістіктері туралы қоғамдық пікірді бейнелейді. Ол үлкен моральдік ықпал жасайды, оқу алдындағы парызын мойындатып, ерік-жігерді, тәртіпті, принципшілдікті дамытады;
-басқарушылық, үлгерімді бақылау үздіксіз жүретін кері байланысты туындатады, осының нәтижесінде оқытушы мен білім алушы өз жетістіктерін байқап, ары қарай үлгерімді жақсарту шараларын қолдануға себеп болады;
-бақылау-бағалаушылық, білім алушының оқу іс-әрекетінің нәтижелерін, оның барысын қадағалауға мүмкіндік береді. Осы қызметте бақылау жүйесі оқытушы тарапынан бақылаудан, білім алушының өзіндік бақылауынан туындайды. Өзіндік бақылау мәнін психологтар дәлелдеп көрсеткен. Егер адам өзінің қателіктерін мойындамаса, жетіспейтін жақтарын көрмесе, өз іс-әрекетінің нәтижелеріне сыни бағалай алмаса бірнеше мәрте үздіксіз қайталай бергеннен іс-әрекетінің нәтижесін ешқашан жетілдіре алмайды;
-ұйымдастырушылық, тұрақты түрде жүргізіліп отыратын бақылау білім алушының жұмысын жақсы ұйымдастырады, жоғары оқу орынның талаптарын орындауға ұмтылдырып, өзіндік жұмыстары үшін уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Аталған қызмет түрлері бақылау мен бағалауды ұйымдастырудың принциптерін сақтаған жағдайда педагогикалық жағынан тиімді болып саналады. Олардың ішінде жүйелілік, жан-жақтылық, обьективтілік, бақылаудың жеке сипаты, дифференциалды амал және бақылаудың тәрбиеушілік сипаты ең бастылары болып табылады.
Бақылаудың жүйелілік принципі оқу үдерісін ретке келтіреді, білім алушылардың оқу жетістіктерін көрсететін сапалық және сандық мәліметтердің жеткілікті көлемін алуға мүмкіндік туғызады.
Бақылаудың жан-жақтылық принципі бақылау кезінде оқу бағдарламасының барлық бөлімдерін қамтып, білім мен іскерліктерін тексеруді қамтамасыз етеді.
Бақылаудың обьективтілік принципі білім алушылардың білім, іскерліктерінің деңгейі туралы педагогтың әдейі, субьективті және қате бағалау пікірлерінің болмауын көздейді.
Бақылаудың жекелік сипатты принципі барлық топ жұмысының нәтижелерін жекелеген оқушының нәтижелерімен алмастырмайтындай білім алушының әрбірінің іс-әрекетін, жұмысын жеке бақылауды талап етеді.
Дифференциалды амал принципі педагогиканы оқу пәні ретіндегі ерекшелігін, сонымен қатар білім алушылардың жас және жекелеген ерекшеліктерін есепке ала отыра оқытушы бақылаудың мақсаттарына сай әдістері мен формаларын таңдайды.
Бақылаудың тәрбиелік принципі білім алушылардың педагогиканы оқуға деген саналы қатынастарын арттырып, танымдық қажеттіліктерінің артуын ынталандырады, педагог кәсібін меңгеруге деген оң әсерін тигізеді.
Студенттердің үлгерімін бағалау олардың білім, іскерлік, дағдыларын тиімді игерудің критерилеріне сай жүргізіледі. Ең маңызды критерилері деп көлем, жүйелілік, ұғу, беріктік пен пәрменділік (ұтымдылық) саналады. Бұлардың әрқайсысына жеке тоқталайық:
-білім көлемі – студенттің жеке бөлім, модуль, тақырып немесе жеке сабағы бойынша меңгерілетін фактілер, түсініктер, ережелер, заңдар жиынтығы;
-білімнің жүйелілігі – оқылатын пәннің қисынын, оның идеясы мен заңдылығын түсіну, оқылған материалды белгілі бір тәртіппен орналастыра білу іскерлігі, бір фактіні, ұғымды, ережені екінші бір фактімен, ұғыммен, ережемен дұрыс байланыстыра білу;
-білімнің ұғынықтылығы – пікірдің айқындылығы мен дұрыстығы, әр қырлы сұрақтарға жауап бере білу іскерлігі, түсіндіру және практикалық міндеттерді шешу үшін теориялық білімді қолдану;
-білімнің беріктігі – оқылған материалды есте мықтап ұстау және игерген білімін түрлі жағдайларда дұрыс қолдана алу;
-білімнің пәрменділігі – алған білімді әр түрлі танымдық және практикалық іс-әрекетте қолдана алу, теория мен практиканы өзара байланастыра білу.
Бақылау педагогиканы оқытудың қажетті компоненті болып табылады. Біріншіден, ол сыртқы кері байланысты қамтамасыз етеді (педагог бақылауы) және, екіншіден, ішкі байланыс (білім алушының өзін-өзі бақылауы). Бақылау ақпаратты алуға бағытталған, педагог оны талдай келе педагогиканы оқыту үдерісіне қажетті түзетулерін енгізеді. Өзгертулер мазмұнға, оқыту әдістері мен формаларына, білім алушылардың оқу іс-әрекетіне және т.б. енгізіледі. Өзін-өзі бақылау білім алушыға өзінің «артық», «кем» жақтарын көруге, білімінде кездескен әлсіз тұстарды байқауға көмектеседі және де олардың орнын толтыру жұмыстарын арттыра түседі.
Бағалау жүйесі мұғалім, оқушы, оның ата-анасы, сынып жетекшісі, сонымен бірге әкімшілік пен білім беру ұйымының педагогикалық ұжымы арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз етуі тиіс, бұл білім беру процесін қалыптастыруға жүйелі көзқарасты қалыптастырып, онысымен оның тұтастығын қамтамасыз етеді.
Бағалауға деген білім беру процесінің барлық қатысушыларымен бағалау жүйесіне білімді сәтті алу, кері байланысты орнату, бірақ одан артық емесіндей қажетті құрал ретіндегі қатынасын түсінуін қамтамасыз етуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет