Балалр мен жасөспірімдердің жұқпалы ауруларының алдын алу екпелері:
1.
Туберкулезге қарсы – 1-ші екпе 5-7 күндері жасалады; 7, 12, 17 жаста қайталанады.
2.
Полиомелитке қарсы – 2 айда жасалады; 1, 2, 3, 7, 15-16 жаста қайталанады.
3.
Күл (дифтерия), көкжөтел (коклюш) және тырысқаққа (АКДС) қарсы 1-ші екпе 5-6 айда, 2-3
және 6 жаста қайталанады.
4.
Шешекке (натуральная оспа) қарсы 1-ші екпе 1-1,5 жаста, 8 және 15 жаста қайталанады.
5.
Қызылшаға (корь) қарсы 10 айдан бастап 1 жасқа дейін 1 рет егіледі.
6.
Шірінше ауруының алдын алу үшін 14 айға дейін егу жасайды.
Тері аурулары
Тері аурулары төмендегідей факторлардың әсерінен болуы мүмкін:
1. Сыртқы факторлар – химиялық, физикалық тітіркендіргіштердің әсерінен тері қабынуы болуы
мүмкін. Олар: күйік, үсік, дерматиттер.
2. Биологиялық факторлар : а) микроскопиялық ауру қоздырғыш саңырауқұлақтар әсерінен
микоз, кандидамикоз ауруына шалдығады;
б) паразиттер – қотыр;
в) вирус – ұшық.
Ішкі мүшелердің ауруының әсерінен әртүрлі аллергиялық аурулар туады (экзема).
Тері ауруының көбі витаминдердің жетіспеуінен, белок, май, көмірсу алмасуы бұзылғаннан,
жүйке-жүйесінің, ішкі секреция жүйесінің қызметтерінен болуы мүмкін.