Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет17/69
Дата11.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#42397
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69
Эмоция және оның себептері 
Эмоция немесе көңіл-күй латын тілінде эмовере – қобалжу, қозу деген мағынаны 
білдіреді. 
Эмоция дегеніміз адамның сыртқы ортаның жағдайына деген сезімін білдіріп, белгілі бір 
тітіркендіргіштің әсеріне берген жауабы. 
Эмоцияның 3 құрамы бар: 
1. Ішкі сезім. 
2. Сыртқы көрінісі. 
3. Соңғы нәтиже. 
Эмоцияны жағымды немесе жағымсыз деп екіге бөледі. 
Жаңа туған сәбидің эмоция жағдайы ыңғайсыз болғанда жылау, терісінің қызаруы арқылы 
білінеді. 7-11 жастағы балалар психикалық эмоцияның барлық түрлерінің белгілерін көрсете 
бастайды. 12-16 жаста эмоцияның барлық түрлері толық қалыптасады. 
Ұ йқы, оның физиологиялық негіздері мен жас ерекшеліктері 
Ұ йқы адам организмінің қалыпты қызмет атқаруы мен тірлігін сақтауға қажетті жағдай. 
Ұ йқы кезінде сыртқы ортамен байланыс нашарлайды, денедегі зат алмасу, бұлшық еттердің 
тонусы, асқорыту, жүрек-қантамырлар мен тыныс алу жүйелерінің қызметі төмендейді. 
Ұ зақ уақыт ұйқы кемігенде адамның еңбек қабілеті, есте сақтау қабілеті, ойлау қабілеттері 
төмендеп, нашарлап кетеді. Адам тәуліктің 1/3 ұйқыға жібереді. 
Ұ йқыны азайтуға, әсіресе балаларды болмайды. Жаңа туған сәби алғашқы күндері 
тәулігіне 21 сағаттай ұйықтайды. 1 жаста – 14сағ., 4 жаста – 12 сағ, 10-жаста 10-11, ересек 
адамдар 7-8 сағ ұйықтайды. 
Бала мезгілінде дұрыс ұйықтау үшін жатар алдында ауыр тамақ ішпеуі тиіс. Ауыр тамақты 
жатардан 2-3 сағ бұрын қабылдап, жатарда жеңіл тамақ ішу керек. Баланың төсегі жайлы
бөлмесінің ауасы таза, температурасы 20-22
0
С болғанда ұйқысы дұрыс болады. 
Ес. Бала есінің дамуы 
Ес физиологиялық тұрғыдан қарағанда 3 бөліктен тұрады: ақпаратты қабылдау, оны сақтау және 
мезгілінде қайтадан жаңғырту.Еске сақтау әдістеріне қарай ес: механикалық және саналы, ерікті және 
еріксіз деп бөлінеді. 
Мәліметті сақтау мерзіміне қарай ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді ес деп бөлінеді. 
Қысқа мерзімді ес балада 3-4 айдан кейін іске қосылады. Баланың жасы ұлғайған сайын еске 
сақтау мерзімі артады: 2 жаста бірнеше айға, 4 жаста бір жылдан аса, 5 жаста өмір бойына еске сақтай 
алады. 
7 жасқа дейін еріксіз еске сақтау қабілеті, одан әрі қарай ерікті еске айналады. Ер балалардың есі 
10 жастан бастап, ал қыз балаларда 11-14 жаста жақсы дамиды Адамның есі 20-25 жасқа дейін 
қалыптасып дамиды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет