Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет37/69
Дата11.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#42397
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   69
 
 
 
8-тақырып. Қ ан және қан айналысы. Қанның қызметі. Қ ан топтары. Жүрек және қан тамыр 
системасының реттелуі. Спорт және дене еңбегінің жүрекке әсері. Бала еңбегін мөлшерлеу. 


Қан жүйесінің маңызы мен мөлшері және қан өндіру. Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін 
қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамак, құрамындағы қоректік заттар 
организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың 
осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге кажетті заттармен қоса, 
қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Айталық, зат алмасуының нәтижесінде денеде 
аммиак, мочевина, фенол, индол, кетондар т. с. с. улы заттар пайда болады. 
Сонымен, адамның өмірі клеткаларға аса кажетті қоректік заттар мен оттегіне және организмдегі зат 
алмасудан пайда болатын кажетсіз улы заггардың шығуына байланысты. Мұның бәрін тасымалдау қызметін 
денедегі қ а н атқарады. Қан күллі денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына 
қажетті химиялык заттарды әкеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мүнымен қоса, қан дененің тұракты 
температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің 
қызметін гуморальдық реттеуге қатысады. Ерте заманда адамдар канды "тіршілік өзені" деп бекер атамаған. 
Яғни, қан және өмір бір-бірінен айырылмай, қосарланып жүреді: қан бар жерде өмір бар, қан болмаса тіршілік 
тоқталады. Қанның маңызды қызметтерінің іске асып орындалуы, оның ерекше құрылысы мен 
қасиеттеріне байланысты. 
Адамның денесіндегі қан — организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 
л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 
7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай 
мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Бүл мүшелердегі қан қоры адам жараланып, қансырағанда 
қан айналымына шығып, тіршілікті сақтап қалады, ал денедегі қанның 50-60% жоғалса, адам өліп 
қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет