Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Кіріспе. Онтогенез заңдылықтары


Эмоция және оның себептері



Pdf көрінісі
бет21/60
Дата10.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#135895
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60
Байланысты:
Лекциялык сабактар ЖЕФ

Эмоция және оның себептері 
Эмоция немесе көңіл-күй латын тілінде эмовере – қобалжу, қозу деген мағынаны білдіреді. 
Эмоция дегеніміз адамның сыртқы ортаның жағдайына деген сезімін білдіріп, белгілі бір 
тітіркендіргіштің әсеріне берген жауабы. 
Эмоцияның 3 құрамы бар: 
1.
Ішкі сезім. 
2.
Сыртқы көрінісі. 
3.
Соңғы нәтиже. 
Эмоцияны жағымды немесе жағымсыз деп екіге бөледі. 
Жаңа туған сәбидің эмоция жағдайы ыңғайсыз болғанда жылау, терісінің қызаруы арқылы білінеді. 
7-11 жастағы балалар психикалық эмоцияның барлық түрлерінің белгілерін көрсете бастайды. 12-16 
жаста эмоцияның барлық түрлері толық қалыптасады. 
Ұйқы, оның физиологиялық негіздері мен жас ерекшеліктері 
Ұйқы адам организмінің қалыпты қызмет атқаруы мен тірлігін сақтауға қажетті жағдай. Ұйқы 
кезінде сыртқы ортамен байланыс нашарлайды, денедегі зат алмасу, бұлшық еттердің тонусы, асқорыту, 
жүрек-қантамырлар мен тыныс алу жүйелерінің қызметі төмендейді. 
Ұзақ уақыт ұйқы кемігенде адамның еңбек қабілеті, есте сақтау қабілеті, ойлау қабілеттері 
төмендеп, нашарлап кетеді. Адам тәуліктің 1/3 ұйқыға жібереді. 
Ұйқыны азайтуға, әсіресе балаларды болмайды. Жаңа туған сәби алғашқы күндері тәулігіне 21 
сағаттай ұйықтайды. 1 жаста – 14сағ., 4 жаста – 12 сағ, 10-жаста 10-11, ересек адамдар 7-8 сағ 
ұйықтайды. 
Бала мезгілінде дұрыс ұйықтау үшін жатар алдында ауыр тамақ ішпеуі тиіс. Ауыр тамақты 
жатардан 2-3 сағ бұрын қабылдап, жатарда жеңіл тамақ ішу керек. Баланың төсегі жайлы, бөлмесінің 
ауасы таза, температурасы 20-22
0
С болғанда ұйқысы дұрыс болады. 
Ес. Бала есінің дамуы
Ес физиологиялық тұрғыдан қарағанда 3 бөліктен тұрады: ақпаратты қабылдау, оны сақтау және мезгілінде 
қайтадан жаңғырту.Еске сақтау әдістеріне қарай ес: механикалық және саналы, ерікті және еріксіз деп бөлінеді. 
Мәліметті сақтау мерзіміне қарай ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді ес деп бөлінеді. 
Қысқа мерзімді ес балада 3-4 айдан кейін іске қосылады. Баланың жасы ұлғайған сайын еске сақтау мерзімі 
артады: 2 жаста бірнеше айға, 4 жаста бір жылдан аса, 5 жаста өмір бойына еске сақтай алады. 
7 жасқа дейін еріксіз еске сақтау қабілеті, одан әрі қарай ерікті еске айналады. Ер балалардың есі 10 жастан 
бастап, ал қыз балаларда 11-14 жаста жақсы дамиды Адамның есі 20-25 жасқа дейін қалыптасып дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет