Тимус (айырлы без) – 2 бөліктен тұрады (оң және сол), бір-бірімен дәнекер ұлпа арқылы байланысқан.
Кеуде қуысында төс сүйегінің астында орналасқан. Жаңа туған балада салмағы 23 г, 15 жаста – 37 г. одан әрі
солып азаяды: 45 жаста 35-16 г, 50-55 жаста 12-13 г, қартайғанда 6 г.
Милы және қыртысты қабаты болады. Тимус 2 қызмет атқарады: тимоидин гормонын өндіреді және
организмнің иммунитетіне маңызы күшті Т-лимфоциттер дамып жетіледі.
Тимус безінің гормоны денедегі кальций тұздарын сүйектің құрамында сақтап, баланың бойының өсуін
реттейді және ерте жыныстық жетілуді тежейді.
Бездің гипертрофиясы кезінде тимус – лимфатикалық статус деп аталатын ауру пайда болады. Ондай
балалардың тимусы мен лимфа ұлпалары ұлғайып, жүрегі жетілмеген, беті ісік, терісі жұқа, шашы өте жұмсақ
болады, тыныс алуы нашар, кейде дем ала алмай шетінеп кетуі де мүмкін. Бұл туралы 1830 ж. Корр жазған.
Жалпы алғанда тимустың аурулары аз кездеседі. Бұл бездің ауруларының негізгі белгілері: семіздік, әлсіздік, без
ұлпасының ұлғаюы, сүйектің жұқаруы.
Ұйқы (қарын асты) безі – қарынның астыңғы жағында орналасқан, аралас безге жатады. Сыртқы
секрециялы без ретінде асқорыту мүшесіне сөл бөледі, ішкі секрециялы без ретінде ұйқы безінің Лангерганс
аралшықтары гормондар бөледі. Лангерганс аралшықтарында альфа, бета, гамма, дельта клеткалары бар. Альфа
клеткаларында
гликоген , бета клеткаларында
инсулин гормоны бөлінеді.
Инсулин аса маңызды гормондардың бірі. Көмірсутегінің, майлардың алмасуына қатысады.
Глюкагон гормонын гипергликемиялық фактор деп те атайды. Қандағы қанттың мөлшерін көбейту үшін
бауырдағы гликолизге қатысады. Сөйтіп организмді қажетті қантпен қамтамасыз етеді.
Инсулин мен глюкагон бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Ас ішкеннен кейін организмдегі әсіресе
қандағы қанттың мөлшері көбейеді. Бұл кезде инсулин артық қантты гликогенге айналдырады, ал ас арасында
қандағы қанттың мөлшері азайғанда бауырдағы гликогенді глюкагон гормоны ыдыратып глюкозаға айналдырады.
Пайда болған глюкоза ет пен нерв клеткаларының қызметіне қажетті энергия қоры ретінде пайдаланылады.
Ұрық пен жаңа туған баланың ұйқы безіндегі гормон өндіруші клеткалар жақсы дамыған. Жаңа туған
нәрестенің ұйқы безінің әрбір граммынан 10Е (халықаралық өлшем бірлік), ересек адамнан 2Е инсулин бөліп
алуға болады. 1 жастағы нәрестенің безінде 36 Е, 20 жаста 180Е инсулин бөлінеді.
Инсулин гормонының мөлшері азайса
қант диабеті аруына шалдығады. Ондай аурудың шөлі қанбайды,
несепте қант пайда болады. Науқастың қанындағы қант мөлшері 200-500 мг% дейін көбейеді. Несеп арқылы
тәулігіне 10-150 г глюкоза денеден шайылады. Май алмасуы бұзылады, қанның құрамында холестериндер,
кетондар көбейеді. Науқастардың көбінде дем шығарғанда ацетон исі сезіледі. Ең алғаш баладағы қант диабеті
ауруының пайда болғанын 1696 ж. Мортон жариялаған. Ал ол ауру аралшықтардың қызметіне байланысты пайда
болғанын 1877 ж. Лангерганс тапқан.
Балаларда ауру тез асқынады, ал ересектерде біртіндеп дамиды.
Глюкагон гармонының жетіспеуіне байланысты 10 жасқа дейінгі балаларда талма ауруы болады. 10 жастан
кейін өзінен өзі ауру жоғалады, себебі глюкагонның орнын бүйрек үсті безінің милы қабатындағы адреналин
гормоны басады.