Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Кіріспе. Онтогенез заңдылықтары


авитаминоз , мөлшері өте аз болса –  гиповитаминоз



Pdf көрінісі
бет56/60
Дата10.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#135895
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
авитаминоз
, мөлшері өте аз болса – 
гиповитаминоз
, көп болса 
гипервитаминоз
деп аталатын сырқаттар пайда болады. 
Витаминдерді екі топқа бөледі: майда еритіндер, суда еритіндер. Майда еритін витаминдер: А, Д, Е. 
Көптеген витаминдер адам денесінде өндірілмейді. Олар ішкен-жеген тамақтың құрамында 
провитамин
(витамин алды) түрінде болады. Провитаминдер адам организмінде белсендіріледі.
А витамині (аксерофтол) 
– сырт көрініс сары май түсті. А витамині жетіспегенде “соқыр тауық” деп 
аталатын, яғни іңірде көрмеушілік пайда болады. А витамині балық майында, сәбізде, жұмыртқада кездеседі. 
В1 витамині (тиамин)
. Ол белок, май, көмірсу алмасуына қатысатын ферменттердің құрамына кіреді. Бұл 
витамин жеткіліксіз болғанда “бери-бери” (аяғын сүйретіп басу) немесе полиневрит деген сырқатқа ұшырайды. 
Бидайдың қабығында , қабығы аршылмаған күріште, бауыр, бүйрек, жүрек еттерінде болады.
В2 витамині (рибофлавин)
– сары түсті кристалл зат. Авитаминоз кезінде адамның көзі ауырып, катаракта, 
анемия, өкпе сырқаты, әлсіздік байқалады. Рибофлавин жануар текті тамақта көп болады. Тәуліктік қажет 
мөлшері 2-3 мг. 
В6 витамині (пиридоксин)
тотықтырғыш ферменттердің құрамында болады да зат алмасуға қатысады. 
Пиридоксин бауырда, етте, балықта, бидайда, картопта, капустада, күріште, сәбізде көп болады. Тәуліктік қажет 
мөлшері 1,5 мг. 
В12 витамині (цианокоболамин)
– антианемиялық витамин деп те атайды. Себебі В12 витаминінің жетіспеуінен
қаназдық пайда болады. Бұл витамин қызылшада, анарда бауырда көп кездеседі. Тәуліктік қажет мөлшері 
10-20 мкг. 
С витамині (аскорбин қышқылы). 
Бұл витамин жетіспесе қырқұлақ (цинга) ауруы пайда болады. 
Қантамырларының серпімділігі төмендегендігенен қырқұлақпен ауырған адам қансырайды, қызыл иегі қанағыш 
келеді, иммунитет төмендейді. Аскорбин қышқылы көкөністерде көп болады. Тәуліктік қажет мөлшері 50 мг. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет