«райсул-
фалсафа»(фалсафаның басшысы), «шайхул-фаласифа» (фалсафаның атасы)
деген лақабы да бар. Ибн Сина мұсылман философтары арсындағы дінге ең
жақын философтардың бірі.саложия кітабына түсіндірме жазуы және «Әл-
Хикматул Мешрикия»(ширак философиясы) атты еңбегі оны мешшай
(аристотизм) философиясынан ишракилік(жаңаплатоншылдық) философияға
қарай ойысқанын көрсетеді.
Ибн Синаның дін философиясымен қатысы бар еңбектері мыналар:
«Рисала фи маћиятил ашқ»(Ғашықтықтың мәні), «Мақаматул арифин»
(Әулиелердің дәрежелері), «Әлфайзул иләћи»(Құдайы сый), «Исбатун
нубуввет» (Пайғамбарлықтың дәлелі), «Қасида фи нәфс» (Жан туралы
жыр) сияқты еңбектерін жатқызамыз.
Ибн Сина өзінің «Хай бин Якзан» атты философиялық еңбегінде діни
көзқарастарды символикамен түсіндіреді. Илаћи ақиқаттарды ширак
күшіменен түсінуге болатынын айтқан Ибн Сина адам бойындағы қасиетті
қуаттардан да сөз етеді. Ол пайғамбарлардың муғжизаларына, әулиелердің
кереметтеріне сене отырып оларға психологиялық, философиялық тұрғыда
түсініктемелер жазды. Ибн Синаның пікірінше иләћи (құдайы) ақиқаттарды,
рационалдық тұрғыда рәміз немесе мысал арқылы түсіндірген дұрыс.
Сондықтан қасиетті кітаптар философияға сүйене отырып тәпсір, тәуил
жасалынуы керек.
Ф-ӘД-001/046
Шығыс Ислам әлемінен шыққан үш үлкен философ Кинди, Фараби,
Ибн Сина екендігін көрдік. Енді Батыс Ислам әлемінен шыққан үш үлкен
философқа тоқталамыз. Олар: Ибн Рушд, Ибн Туфейл, Ибн Бажже.
Ибн Бажже (1070-1138) мықты дәрігер, қабілетті әдебиетші және ұста
болған. Ол Мешшай философтарының қатарына жатады. Негізінде, оның
сопылықта да орны үлкен. Ибн Бажже артына «Тедбирул-мутауаххид» атты
діни-философиялық мәндегі еңбек қалдырған.
Ибн Туфейл (1110-1185) жайлы деректер аз. Оның толық аты Абу Бакр
Мұхаммед ибн Абдулла ибн Мұхаммед ибн Туфейл. Бірақ ол мұсылман
іліміне Әбу Бәкір ал Европаға Абубацер деген атпен танымал. Ол өзінің
атақты еңбегі «Хай Яқзанұлы» деген роман. ХҮІІ ғасырда латын тіліне
аударылып, сол арқылы Европа елдеріне кең тарады. Бұл романда үш
мәселені шешуді алға қояды:
1.
Адам рухын және белсенді ақылдың байланысымен және
қауышуын ойлау жолы және оны шешу.
2.
Таза ақиқатты түсіну, аз болған күшті және рухтың кәмілдігіне
қатысты көзқарасын дәлелдеу.
3.
Философиямен
шариғатты
біріктіре
жазу.
Олардың
араларындағы қайшылықтарды емес, үйлесімділіктерді көрсету.
Бұл романда,
ешкім жоқ жалғыс бір аралда туып өскен адамның, сырттан ешқандай әсер,
ескерту болмастан Аллаћтың барлығын қалай тапқандығы туралы айтылады.
Ибн Рушд (1126-1198) Батыстағы Ислам әлемінің ең үлкен
философтарынан болып саналады. Мұсылман философтарының арасында
Аристотелге ол сияқты берілген философ болмаған. Жаратылыстану
ғылымдарынан кең мағлұматқа ие болғандығы айтылады. Ол мешшай
философиясымен Ислам сенімдері арасында негіз тұрғысынан сәйкестік бар
екенін дәлелдеуге тырысқан.
Ең негізгі Аристотелші философтар және олардың дінмен байланысты
көзқарастары осылар. Мешшай философтары уақыт өте келе Ишрақилікке
өтсе де, әрқашан өздерінің сипаттарын сақтап қалған. Әрине олардың дін
жайындағы пайымдауларында өзгешеліктер бар. Алайда Мешшай
философтарының өз аралырында, жалпы алғанда көзқарастары бір-бірімен
сәйкес келетін болған.
Ишрақи (Жаңа платоншылдық) философиясының өкілдері: Ишраки
философиялық ағымға келетін болсақ, Платоннан кейін Александрияда
Платинустың
бастауымен
пайда
болған
ежелгі
Иран,
Мысыр
Ф-ӘД-001/046
философиясымен тығыз байланысы бар жаңаплатоншылдық философиясына
Ишрақия аты берілді.
Мешшай философиясы барлық нәрсені ақылмен шешуге болатынын
айтса, Ишрақи философтары болса нақты илаћи (құдайы) ақиқатты ширақ
жолымен (пантейстік) және ішкі дүниесінің тазаруы түрінде жете алатынына
сенетін еді.
Ишрақи философиясын дамытқан Жамидің еңбегінде: «Машшай мен
Ишракиде данышпандылық теңіздей мол» деп танытқан Сухрауарди Мақтул
(1153-1191)болды.
«Шейхул-ишрақи» және «хикматул ширақ» деген атпен танылған
Сухрауарди өзінің «Хикматул ширақ» деген еңбегінде: «Ежелден бері
Иранда шыншыл, ақиқатшыл үкім берген қасиетті адамдар болған. Біз осы
еңбектерімізде солардан қалған мұраны қайта жандандырмақпыз» деп Ежелгі
Греция мен Иран арасындағы байланысты айтады.
Философ сөзі даналықты сүйуші кісіге айтылады. Ақылы толық кез-
келген адамның даналықты сүйетіндігі белгілі. Философия сөзіде даналықты
сүйу деген сөз. Мұсылмандардың хал және зауық иесі болған Платонды
сүймеуі, философия сөзінің түп мағынасын түсінбеулерінен туындауда.
Әл-Ғазали Ибн Мухаммед (1059-1111) – ислам дінін зерттеуші ғалым,
философ. Оның эстетикалық көзқарасы мінез-құлық философиясымен
байланысты. «Дін ғылымының жандануы» атты шығарманың авторы. Сезім
түйсігі мен елес қана емес, сонымен қатар ақыл-парасаты жететін объектілер
де ("тамаша мінез", "тамаша ғұмыр") тамаша бола алады. Адамның рухани
әдемілігіне баға беру тән сұлулығына баға беруге қарағанда күрделірек.
Музыканы көңіл көтеретін нәрсе деп есептейтін адамдарға оны тыңдаудың
қажеті жоқ, ал музыкадан ләззәт алатын, сазды әуендерден рахат сезіміне
бөленетін адамдарға тыңдауға болады. Әл-Ғазали Құранның және кәдімгі
поэтикалық шығармалардың адамға эстетикалық ықпал ету мүмкіндіктерін
зерттпей келіп, соңғысының артықшылығын атап көрсетеді: алғаш рет
естіген әуен бұрынғы белгілі өлеңге қарағанда күштірек әсер қалдырады.
Құранды жұрттың бәрі жатқа біледі, ал ақындар әрдайым жаңа шығарма
жазады, өлеңдері ырғақты келеді, көркемдеп түрліше оқуға болады, музыкаға
түсіре аламыз, ал Құраннның сөздерін музыкаға түсіруге жол берілмейді;
Құран сүрелерін әуенге қосуға рұқсат етуге болмайды, себебі Құран-Құдай
жаратқан ғажап еңбек.
Ф-ӘД-001/046
Ибн Рушд Мухаммед (1126-1198 ж.ж.) - Кортово халифаты тұсында
Испанияда өмір сүрген орта ғасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі
шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Дінмен философиялық
салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Ислам
дінінен қол үзбей-ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің
жаратпағандығын дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниелегі
өмір туралы аңызды жоққа шығарды. Ибн Рушд философияда Қос ақиқат
ілімінің негізін қалаушы. Ибн Рушдтың Аристотель шығармаларына жазған
түсініктемесі Еуропа философтарын антикалық философтармен таныстыруда
үлкен рөл атқарды. Ибн-рушд ақыл-парасаттың нанымнан артықшылығын
негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың философиялық мәселелермен
айналысуының заңсыздығын атап айтты. Сонымен бірге ол философтарды
өздерінің ілімін көпшілік алдында жарияламауға шақырды, өйткені мұның
өзі адамдарды діни сенім-нанымнан айыруы, демек адамгершілік
қағидаларынан да айыруы мүмкін. Ибн-Рушдтың ілімі ортағасырлық Батыс
Еуропалық философияда еркін ойдың дамуына зор ықпал етті.
Достарыңызбен бөлісу: |