Өндірістік процесс және оны ұйымдастырудың негізгі принциптері.
Лекцияның мақсаты – өндірістік процесс пен оны ұйымдастырудың негізгі принциптерін зерттеу.
Негізгі терминдер: өндірістік процесс, интеграция, процестің сатылары.
Лекция жоспары: 1. Өндірістік процесс.
2. Өндірістік процесті ұйымдастыру принциптері.
3. Қызмет көрсету шаруашылығының, негізгі және көмекші цехтарының құрамы.
Лекцияның қысқаша мазмұны Қазіргі өндіріс – бұл шикізаттың, материалдардың және басқа еңбек заттарының дайын өнімге айналу процесі.
Өндірістік процесс – өнімнің нақты түрін дайындау үшін кәсіпорында жүзеге асырылатын еңбек құралы мен адамдар әрекетінің жиынтығы.
Өндірістік процестің негізгі бөлігі болып еңбек заттарының қалпын анықтау және өзгерту бойынша мақсатты бағытталған әрекеттерден тұратын технологиялық процесс табылады. Сонымен қатар, тасымалдау, қоймалық, тиеу-түсіру операциялары сияқты технологиялық емес процестер қолданылады.
Өндірістік процесте еңбек процестері табиғи процестермен үйлеседі – салқындату, кептіру, материалдар мен бөлшектердің ескіруі, іру және т.б.
Өндірістегі рөлі және тағайындалуы бойынша процестер негізгі, көмекші және қызмет көрсетуші болып бөлінеді.
Қазіргі жағдайларда, ерекше атап өтетін автоматтандырылған өндірісте негізгі және қызмет көрсетуші процестердің бірігу тенденциясы байқалады. Осы өндірістік жүйені жетілдіру процесінде негізгі рөлді жаңа ақпараттық-байланыс технологиялары, байланыстың электронды құралдары мен есептеуіш техникалардың құралдары атқарады.
Негізгі, көмекші және қызмет көрсетуші процестердің құрамы мен олардың өзара байланысы өндірістік процестің құрылымын құрайды.
Ұйымдастырушылық сипатына қарай өндірістік процестер қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым деп қарапайым еңбек затын өндіру үшін белгілі ретпен жүзеге асырылатын әрекеттерден тұратын өндірістік процесті айтамыз. Күрделі процесс көптеген еңбек заттарын өндіру үшін жүзеге асырылатын қарапайым процестердің үйлесімдігі деп сипатталады.
Процесс сатысы дегеніміз орындалуы өндірістік процестің белгілі бір бөлігінің аяқталуын сипаттайтын және еңбек затының бір қалыптан басқасына өтуімен байланысты процестер мен жұмыстардың кешені.
Өндірістік процесті ұйымдастыру принциптері бастапқы жағдайды сипаттайды, олардың негізінде өндірістік процестердің құрылуы, қызмет етуі мен дамуы жүзеге асырылады:
Дифференциация принципі;
Қиыстыру принципі;
Шоғырландыру принципі;
Мамандандыру принципі;
Пропорционалдық принципі;
Параллельдік принципі;
Тура дәлдік принципі;
Ырғақтылық принципі;
Үздіксіздік принципі;
Артық қалу принципі.
Тәжірибеде бұл барлық принциптер әр процесте тығыз айқасады. Ұйымдастыру принциптерін жүзеге асыру дәрежесі сандық өлшемге ие. Өндірісті ұйымдастыру принциптерін сақтау және өмірге келтіру өндірісті басқарудың барлық бөлімдерінің қызметі болып табылады.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы – бұл кәсіпорынның өндірістік бөлімшелерінің құрамы және олардың өндірістік байланыстарының нысандары.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы оның өндірістік бөлімшелерінің арасындағы еңбек бөлінісін анықтайды, яғни заводішілік мамандану және өндірістің бірігуі.
Кәсіпорынға бірнеше деңгейдегі өндірістік құрылым элементтерінің бөлінуі тән:
кәсіпорынға– цехтар, шаруашылықтар;
цехтарға – участкелер, бөлімдер;
участкеге – жұмыс орындары.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымының негізгі элементі (негізгі құрылымдық бөлімше) цех болып табылады, кәсіпорынның цехсыз құрылымында – өндірістік участке. Кәсіпорында негізгі, көмекші және қызмет көрсетуші өндірістік процестерді жүзеге асыру үшін өндірістік сипаттағы сәйкес негізгі және көмекші цехтар, қызмет көрсетуші шаруашылықтар құрылады. Кәсіпорынның өндірістік құрылымына тек өндірістік сипаттағы бөлімшелер ғана енеді. Өндірістік құрылымға жалпы заводтық шаруашылықтар және жұмысшыларға қызмет көрсету бойынша мекемелер (тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, санитарлық-емдік және оқу мекемелері, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық сипаттағы объектілер), сонымен қатар басқару және күзет қызметтері жатпайды. Цех – бұл кәсіпорынның өндірістік процесінің белгілі бір бөлігін орындайтын, технологиялық және ұйымдастырушылық оқшауланған өндірістік бөлімше. Цехтар шегінде жүзеге асырылатын жеке өндірістік процестің тағайындалуына сәйкес негізгі және көмекші цехтарды ажыратады; өндірістік сипаттағы кейбір қызмет көрсету шаруашылықтарының құрамында қызмет көрсету цехтары (көліктік, энергетикалық) құрылуы мүмкін. Негізгі өндірістік процестің сатыларына сәйкес негізгі цехтарды ажыратады: дайындау, өңдеу және құрастыру. Территория бойынша цех бөлек ғимаратта орналасуы мүмкін немесе ғимараттың бір бөлігін алуы мүмкін. Өндірістік сипаттағы жалпы заводтық қызмет көрсетуші шаруашылықтар көбінесе территория бойынша цехтардан оқшауланған және оларға әкімшілікті бағынышты емес.
Кәсіпорынның негізгі өндірісі құрамында дайындау (Д), өңдеу (Ө) және құрастыру (Қ) цехтарының болуына байланысты өндірістік құрылымның келесідей типтері бар кәсіпорындар ерекшеленеді:
1 – толық технологиялық циклді кәсіпорын (Д+Ө+Қ);
2 – толық емес технологиялық циклды кәсіпорын;
2.1 – механикалық құрастыру кәсіпорны (Ө+Қ);
2.2 – құрастыру кәсіпорны (Қ);
2.3 – дайындау кәсіпорны (Д);
2.4 – өңдеу кәсіпорны(Ө);
2.5 – бөлшектік мамандану кәсіпорны (Д+Ө).