Технология- материалды немесе шикізатты жекелеген бұйымдар алу немесе өндіріс үрдісінде ағымға қойылған өнім алу мақсатында түрлі әдіс- тәсілдермен өңдей білу шеберлігі.Технология түрлері көп,адам қызметінің әрбір саласының өз ерекше технологиялары болады.
Техника- адамның заттар өндіуге және өзінің күнделікті қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшінжасап шығарған құралдар, автоматтар,машиналар сияқты еңбек құралдары.Көне замандарда адамдар құрал ретінде таяқ тасты қолданып,оларды өңдеудің алғашқы тәсілдерін меңгерді.Осылайша тас балғалар мен балталар,шақпақ тас және сүйек ұшты найзалар пайда болды. Техникалық құралдар адамның табиғи мүшелерінің қызметін атқара алады. Мысалы, тігін станогы тігіншінің, авто және темір жол көлігі жүргізушінің функциясын орындайды. Техника туралы сөз еткенде толықтыру мәселесін де қарастыру қажет. Техника адамның кейбір қасиеттері мен мүмкіндіктерін толықтырып отырса, оның өзі де техникалық жүйенің маңызды бөлшегі болып табылады. Сонымен қатар, транспорт пен байланыс, ғылым мен оқытудың, соғыс, медицина, мәдениеттің, күнделікті өмір сүрудің техникалары бар. Техниканың тарихы – адамның еңбек ету функцияларының бірте-бірте техникалық құрылымдарға өту тарихы. Оның дамуында үш маңызды кезең бар: қол еңбегінің құралдары, машиналар, автоматтар. Техниканың өзі ғылымға жаңа талаптар қойып отырады. Қазіргі қоғамның даму деңгейін ғылым мен техниканың дамуы анықтайды. Техника философиясы – бүгінгі әлемдегі техника феноменінің философиялық методологиялық және дүниетанымдық мәселелерін арнайы зерттейтін бағыт. Оның негізгі мақсаты – техниканы, оның дамуын біртұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, техникалық іс-әрекеттің мәнін ашу, техникалық мәдениетпен, саясатпен, адам іс-әрекетінің басқа да түрлерімен байланысын анықтау. Техника философиясының көрнекті зерттеушісі неміс ғалымы Ф.Рапп оның мынадай негізгі бағыттарын көрсетеді. 1) Техника тарихын және оның мәдениетпен қарым-қатынасын зерттеу; 2) Қазіргі техника мен еңбектің жалпы сипатының социологиясын сараптау; 3) еңбек етудің, әлеуметтік, саяси белсенділіктің экзистенциялық мәселелерін зерттеу; 4) эпистемология тұрғысынан органикалық әлем мен техникалық әлемнің бөлінуін қарастыру; 5) Басқару мәселелері және техника мен бүкіл адамзат құндылықтардың өзара қарым-қатынасын зерттеу. Техника адам өмірін жеңілдету және кеңейту, дамыту қажеттілігінен пайда болды. Техника болмысы туралы білім XІX ғасырда қалыптасты. Техника философиясының “техника-болмыс” қатынасын арнайы зерттейтін бөлімі техника онтологиясы деп, ал “техника-адам” қатынастарын зерттейтін бөлімі техника антропологиясы деп аталады. Техникалық білімнің негізі ерекшелігі – оның объектісі табиғи емес болуында.