Лексикалогия №205топ


Ә. т-дің қалыптасу жолын нақты көрсете алатын ерекшеліктерге назар аударсақ, әр түрлі Ә. т-дер



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата20.12.2023
өлшемі4,3 Mb.
#141583
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
лексикалогия №205топ (2)

02
Ә. т-дің қалыптасу жолын нақты көрсете алатын ерекшеліктерге назар аударсақ, әр түрлі Ә. т-дер
арасындағы ұқсастықтар мен ортақ сипаттарды байқауға болады. Солардың негізінде Ә. т-дің
қалыптасуының негізгі үш жолын көрсетуге болады: 1. Ә. т. белгілі халықтың бір ғана тобы
сөйлейтін бір диалектісінің негізінде қалыптасады. Ондайға бұл диалектінің не геогр., не экон., не
лингвистик., не тектік-этник., не мәдени дәрежесі т.б. жағынан артықшылығы болады. Орыс Ә. т.
Мәскеу диалектісінің, татар Ә. т. Қазан (орта) диалектісінің негізінде қалыптасты деген қорытынды
осындай ерекшеліктерге сүйенеді. 2. Ә. т. кейде сол халықтың өз ана тілі емес, бөтен халықтың тілі
болуы да мүмкін. Бөтен тілдің Ә. т. болуы сол халықтың тәуелсіздігінің жоқтығымен, басқа бір елге
бағынышты болуымен, мәдениетінің мешеу қалуымен байланысты. Кейде ондай Ә. т. ол халық үшін
белгілі бір мерзім ішінде өмір сүріп, кейін ол қасиетінен айрылып қалуы мүмкін, немесе жергілікті
халық тілімен қатар өмір сүріп, көбіне тек ресми әдеби тіл шеңберінде қалып та қояды, немесе
жергілікті халық тілімен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде әр түрлі өзгерістерге ұшырауы да
ықтимал. 3. Көп жағдайда Ә. т. сол халықтың бар болса барлық, я бірнеше диалектісінің негізінде
немесе жалпы халықтық тілінің негізінде, сол сияқты сөйлеу тілі мен бай ауыз әдебиетінің
дәстүрінде қалыптасады. Қазақ Ә. т., соңғы кезде тіл мамандарының көрсетуінше, жалпы халықтық
тілдің негізінде қалыптасты деп саналады қ. Қазақ әдеби тілі.
Айдынова Балауса


Орыс тілі білімінде біраздан бері қалыптасқан дәстүрлі тұжырымдар бар. Мәселен, белгілі тіл маманы О.С.Ахманованың
"Лингвистикалық терминдер сөздігінде": Әдеби тіл дегеніміз белі ілі бір қалыпқа түскен, диалектілер мен қарапайым сөйлеу
тіліне қарағанда жалпыға бірдей міндетті және "дұрыс" деп қабылданған нормасы бар тіл" деген анықтама беріледі.
Осыған жақын анықтама Д.Э.Розенталь мен М.А.Теленковалардың "Лингвистикалық терминдердің анықтама сөздігінде" де
кездеседі. Олар әдеби тілді "халықтың әр қилы мәдени қажеттілігіне қызмет ететін нормаланған тіл яғни көркем әдебиеттің,
публицистикалық шығармалар мен мерзімді баспасөздің, радио, театр, ғылым, мемлекеттік ұйымдардың т.б. тілі" деп
айқындайды. 
Әдеби тілдің қалыптасуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет