Лексикологияның ең басты салалары:
· Этимология – сөздің шығу тегін, қалай пайда болғанын, тарихын зерттейді;
· Семасиология – сөздердің мағынасын және мағыналық категорияларын зерттейді;
· Лексикография – тілдегі сөздерді жинақтап, әр түрлі сөздіктер құрастырады.
· Ономасиологияда сөздік қор мен сөздік құрам және оның элементтері тексеріледі.
· Фразеологияда тұрақты сөз тіркестері зерттеледі.
· Терминология – әр түрлі ғылым, өнер салаларындағы арнаулы сөздерді зерттейді.
Басқа тілдер секілді, қазақ тіл ғылымында да лексика деген термин өте кең ұғымды қамтиды. Белгілі бір мақсатқа байланысты қолданылатын сөздердің жиынтығы лексика деп атала береді. Мысалы, ауызекі сөйлеу лексикасы, кітаби лексика, ғылыми лексика, өндірістік-техникалық лексика, ресми іс-қағаздары лексикасы, диалектілік лексика, кәсіби сөздер лексикасы, терминологиялық лексика, көнерген сөздер лексикасы т.б.
Сонымен, лексикология дегеніміз — тілдің лексикасын, дәлірек айтқанда, тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін зерттейтін сала.
Лексикологияның ең басты зерттеу объектісі — сөз. Сөзді грамматиканың негізгі салалары — морфология мен синтаксис те қарастырып зерттейді. Бірақ, лексикология мен грамматиканың әрқайсысы сөзді әр басқа тұрғыдан қарастырады.
Тілдегі әрбір сөзде белгілі мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды. Сөздің мағыналық жағы семасиологияда қаралады. Семасиология лексиканың сөз мағыналарын және ол мағыналардың өзгеруінің себептерін зерттейтін арнаулы бір саласы болып табылады.
Лексикология сөзді тілдің сөздік құрамының өлшемі — лексикалық тұлға ретінде қарастырады. Осымен байланысты лексикологияда мағынасы жағынан күрделі сөздермен ұқсас келетін тұрақты, фразологиялық сөз тіркестері де қарастырылады.
Сөз мағынасы
Сөздің көп мағыналығы(полисемия) – сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз.
· Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады.
· Бір сөз табына қатысты болады.
· Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы.
· Әр түрлі мағынасы бар жеке сөз.
Мысалы:
· Бас (зат есім) - 1) адамның, жануардың, жәндіктің дене мүшесі; 2) шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы; 3) таудың ең үсті, шыңы; 4) өзеннің, бұлақтың басталған жері; 5) таяқтың ұшы; 6) балтаның, шоттың жүзі бар жағы; 7) бір нәрсенің айналасы.
· Ата (зат есім) - 1) үлкен әке, әкенің әкесі; 2) ата жолы - ескіден қалған жөн-жоба, әдет-ғұрып; 3) ата жұрт - ежелгі мекен; 4) ата кәсіп - атадан келе жатқан шаруашылық.
· Бірыңғай сөз тіркестерінен де жасалады: Айызы қану, шөлі қану, ұйқысы қану, ойыны қану.
Достарыңызбен бөлісу: |