Лектор: Қауымдастырылған профессор, доктор



бет2/4
Дата03.10.2024
өлшемі0,58 Mb.
#146605
1   2   3   4
Байланысты:
Силлабус история Казахстана каз

3 Курстың сипаттамасы:
Қазақстан тарихы – Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазір де өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да ұлт өкілдері құрайтын Қазақстан халқының тарихы, Отан тарихы, бүкіл адамзат тарихының бір бөлімі. Ол Еуразия және Орталық Азия елдері тарихымен тығыз байланыста ұштасып жатыр.
Қазақстан тарихы курсы – Ұлы Далада көне замандардан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, процестерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тұтас қарастыратын курс.
Қазақстан тарихы курсы – қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, Мәңгілік ел құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар білім курсы болып табылады және барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына енгізілген.
Курс бакалавриат студенттеріне арналған. Курс шеңберінде студент тарих тағылымын, тәжірибесін қолдануды, тарих саласының негізгі білім мен дағдыларын, сонымен қатар тарих ғылымының әдістерін меңгереді.
4. Оқу нәтижелері
Курсты аяқтағаннан кейін білім алушы:
Білуі керек:
- Қазіргі Қазақстандағы құбылыстар мен тарихи үдерістері зерттеу барысында аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдыларын игеру;
- заманауи қазақстандық даму үлгісінің ішкі ерекшеліктерін объективті және жан-жақты зерделей білу;
- сыни талдау негізінде тарихи өткеннің құбылыстары мен оқиғаларын адамзат қоғамының дүниежүзілік тарихи дамуының ортақ ұстанымдарымен ұштастыра білу.
Істей алуы керек:
- Қазақстан тарихының негізгі даму кезеңдерін білу мен түсіну бойынша білімін көрсету;
- Қазақстан тарихынының үдерістері мен тарихи құбылыстарды жүйелеу және сыни баға беру.
Дағдыларды меңгеру керек:
- Қазақстан тарихының оқиғаларын, фактілері мен құбылыстарын білу;
- Қазақстанды мекендеген этностардың тарихын білу;
- қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының негізгі кезеңдерін білу;
- күрделі тарихи оқиғаларды талдай білу және олардың одан әрі дамуын болжау;
- тарихи дереккөздердің барлық түрлерімен жұмыс істей білу;
- Отан тарихы бойынша эссе және ғылыми мақалалар жаза білу;
- тарихи ұғымдармен жұмыс істей білу;
- пікірталас жүргізе білу;
- тарихи фактілерді, оқиғалар мен құбылыстарды өз бетінше талдау дағдылары; - көпшілік алдында сөйлеу дағдылары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет