Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс



Дата24.11.2023
өлшемі18,35 Kb.
#125202
Байланысты:
Сатыбалдиева Г. ҮТБАЖ


ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС
2023-2024 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жалғастыру қажет. Ол аксиологиялық, тұлғаға бағытталған, сараланған, іс-әрекет, жүйелік тұрғылар, оқытудың дидактикалық ұстанымдар негізінде ұйымдастырылуы қажет. Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жоспарлау әкімшіліктің, әдіскерлердің, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің, сынып жетекшісінің, педагогтер мен ата-аналардың іс-әрекетін қамтуы тиіс. Мектеп әкімшілігі, әдіскерлер Оқу жылы ішінде педагогикалық үдерісті ұйымдастыру үшін (салауатты психологиялық ахуал, табысқа жету жағдайларын жасау, біліктілікті уақытылы арттыру, материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету, сабақ кестесін құру және т.б.), сондай-ақ орта білім беру ұйымдарының түріне қарамастан, білім алушылардың сабақтан тыс уақытта демалуы мен дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау маңызды. Бұл мәселені шешуде бірінші басшының әрбір білім алушымен оның үлгерім деңгейіне қарамастан құндылық тұрғысынан қарым-қатынас жасауын қамтитын принципті ұстанымы маңызды. Барлық білім алушы үшін бірдей оқыту мен тәрбиелеу әдістерін, түрлерін, құралдарын қолдануға болмайды, сараланған әдіс-тәсілдерді қолдану маңызды. Орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім сапасына үнемі мониторинг жүргізу, қорытындыларын тұжырымдай отырып, барлық оқу пәндері бойынша білімдегі олқылықтарды анықтау, алдын алу, түзету іс-шараларының жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу қажет. Мектепішілік іс-шараларды (педагогикалық кеңес, жиналыс, мәжіліс) өткізу кезінде педагогикалық ұжымды ағымдағы жағдаймен таныстырып қана қоймай, үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау, білім сапасын арттыру, шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойынша тиімді шараларды ұсыну маңызды. Педагогтерге әдістемелік көмек көрсету тұрақты негізде жүзеге асырылуы тиіс. Анықталған себептерге (физиологиялық, психологиялық, әдістемелік, әлеуметтік және т.б.) сүйене отырып, үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жоспарлау қажет. Педагогтер Педагогикалық үдерісті ұйымдастыру және жүзеге асыру кезінде мұғалімнің оқушыларға, сабаққа, оқу нәтижесіне құндылық тұрғысынан қарым-қатынасы маңызды. Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасауда әр оқушыға назар аудару маңызды. Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыста педагогтер оқушы үлгерімінің төмендеу себебін анықтап, өз ұстанымдарын, әдістерін, құралдарын, оқытуды ұйымдастыру түрлері мен мазмұнын қайта қарауы, әрбір сабақта білім алушылардың білімі мен дағдыларындағы олқылықтардың орнын толықтыру, оның ішінде зерделенген материалды қайталау, бекіту жұмыстарын жүргізуі қажет. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлері: жеке, топтық, ойын тапсырмалары, шығармашылық тапсырмалар, мультфильм/фильмді, оқу бейнематериалын қарау және талқылау, жауабын таңдау тапсырмалары, карточкалармен жұмыс (жеке жұмыс үшін, тренажер-карточкалар, информатор-карточкалар, шешім үлгілері бар карточкалар), білім алушыларға арналған жадынамалар және т.б. Үлгерімі төмен білім алушыларға сауалнама жүргізу кезінде жауаптың үлгі жоспарын беру қажет; үйде жасалған жоспарды пайдалануға рұқсат беру; тақтада жауап беруге дайындалуға көбірек уақыт беру; алдын ала жазбалар жасау, көрнекі материалды және т.б. пайдалануға рұқсат ету қажет. Материалды дәйекті түрде көрсетуге көмектесетін жетекші сұрақтар қою маңызды. Оқушы қандай да бір себептермен болмаған сабақ тақырыптары бойынша материалды меңгергенін уақытылы тексеріп отыру қажет. Сауалнама барысында және оның нәтижелерін талдау кезінде ізгі ниет атмосферасын қамтамасыз ету маңызды. Сабақтарда және қосымша сабақтарда келесі тәсілдерді қолдану ұсынылады: іс-әрекет түрлерін әртараптандыру, оқу материалын ұтымды бөлу, сабақ материалын бірнеше рет қайталап айту және бекіту, іс-әрекетті алгоритмдеуге тырысу; кабинетті желдету, шынықтыру минуттарын өткізу; әр кез қажеттілік пен жеткіліктілік ұстанымын сақтауды естен шығармау қажет. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі Оқу жылының басында білім алушылардың когнитивтік саласына диагностика жүргізу, мазасыздық деңгейін, оқуға уәждемесін анықтау қажет. Жұмыс жоспарында барлық білім алушымен жүргізілетін түзету іс-шаралары қарастырылуы тиіс. Педагогтар үшін диагностика нәтижелеріне сүйене отырып, үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеуді қарастыру қажет. Сондай-ақ, кәсіби шаршаудың алдын алу, кәсіби уәждемені арттыру бойынша тренингтер өткізу ұсынылады. Ата-аналар үшін оқуға, орта білім беру ұйымына оң көзқарасты қалыптастырудың маңыздылығы туралы, үй тапсырмасын орындау және ата-аналар тарапынан бақылау үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы оқыту дәрістерін, тренингтерді, әңгімелер өткізу; қажетті үлестірме материал (жадынамалар, буклеттер және т.б.) дайындау қажет. Сынып жетекшісі Үлгерімнің төмендеуінің алдын алу және оқушылардың оқу деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында бақылаудың тиімді түрлерін пайдалана отырып, үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты күшейту қажет. Оқушылардың сабаққа қатысуын, пән мұғалімдерімен жеке консультацияларды, білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша өзге де іс-шараларға қатысуды жүйелі бақылауға алу қажет. Үлгерімі төмен білім алушылар үшін табысқа жету жолдарын белгілеу, «сынып жетекшісі - оқушы - ата-аналар-педагогтер» ынтымақтастықта жұмыс жасауы маңызды. Ата-аналармен жұмыста: оларды үйде білім алушылармен сабақ оқуға тарта отырып, тұрақты байланыста болу, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметімен бірлесіп үлгерімді жақсарту бойынша кеңестер мен ұсыныстар беру, әңгімелер жүргізу қажет. Білім алушылардың саналы түрде оқу тәртібін дамыту, оқудың оң уәждемесін қалыптастыру бойынша жұмыс жасау қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет