Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары оқытушы: Мұрат Индира Мұратқызы Қызылорда қаласы, 2020 жыл



бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі107,42 Kb.
#15222
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Жоспар


ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Оқытушы: Мұрат Индира Мұратқызы

Қызылорда қаласы, 2020 жыл

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары

Сыныбы:3 «А»

Мақсаты:

2020-2021 оқу жылында 3 «А» сыныбында 19 оқушы бар. Күнделікті сабақ барысында кей пәндерден үлгерімі төмен оқушылар кездесіп жатады. Сондай оқушылармен қазақ тілі пәні бойынша түрлі жеке жұмыс түрлерін жүргізуге болады..

Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында,оқу үлгерімін көтеру мақсатта осы жоспарды жасадым.Кей оқушылар қазақ тілі пәні бойынша жазу каллиграфиясы төмен,кітаптан сауатсыз көшіреді, қазақтың төл дыбыстары «ұ» мен «ү», «ң» мен «н», «ы» мен «і» дыбыстары арасындағы ұқсастықтарды ажырату қиындық туғызады.Осы оқушылардың ойлау қабілетін арттыру мақсатында түрлі тест жұмыстарының да пайдасын жүргізіп отыру керек деп ойлаймын. 

Оқушылардың сауаттылығын, көтеруде және бағалауда диктант түрлерінің мәні зор. Сабақта түрлі диктант түрлерін өткізіп отырамын. Оқушылардың өтілген материалды қандай дәрежеде игергендігін анықтау және бекіту үшін терме және бақылау диктанттарын өткіземін.Осы диктанттардан кейін жіберілген қателерді анықтап, оқушы қатені неге жіберді, қандай тақырыптарды толық игермеген, олардың көп жіберетін қателері қандай деген сұрақтарға жауап беру үшін үнемі қатемен жұмыс жүргіземіз. Қатемен жұмысты мынадай тәсілмен жүргіземін. Оқушы қатесін табады, ережесін анықтайды, дұрыс жазу емлесін түсіндіреді, басқа мысалдар келтіреді.


Әр сабақ үстінде қосымша парақшалар беру арқылы, өз бетімен, топпен жұмыстар беремін.

Қорыта айтқанда, сабақта әртүрлі грамматикалық тапсырмалар қолдану фонетикалық, морфологиялық талдаулар жасату, диктант түрлерін жүргізу, қатемен жұмысты ұйымдастыру, көшіріп жазу және ереже жаттау әдістері жақсы нәтиже береді деп ойлаймын.



Мақсаты: 

Үлгерімі төмен оқушылар. Олар баяу әрекет етеді, сыныпқа ілесе алмайды. Егер осыларды есепке алмасақ, оқуға деген қызығушылықтары төмендейді сыныптастарынан қалып қояды. Бұл оқушылар үшін өткен материалдардан тапсырмалар берілуі керек және тапсырмалардың көлемі шағын болуы тиіс.

Сабаққа деген қызығушылығын , ынтасын ояту , жоспар бойынша тақырыпты меңгерту мақсатында төмендегі құрылған  жоспар бойынша тапсырмалар беріп отыруды алдыма мақсат етіп қойдым.

Мақсаты:

Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді.Оқушылардың оқу сапасын көтеру, пәнге деген қызығушылығын арттыру,әріптердің дұрыс оқылуын  қалыптастыру мақсатында төмендегі жоспар бойынша  жұмыс жүргізіп отырамын.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет