Мәтін мазмұны түсінікті болу үшін тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын оқуға дейін айтып түсіндірген дұрыс. Оны да « Қызғаныш» тақырыбымен байланысты ой қозғау кезеңінде берген дұрыс. Айталық осы тақырып бойынша мынадай сөз тіркестері жиі қолданылады немесе оны басқаша қалай атауға болады деген сұрақтар арқылы алдын ала сөздермен жұмыс жүргізілсе, ол мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлерін жеңілдетеді.