Үлгілерді жинау және кептіру ережелері



Дата07.01.2022
өлшемі4,4 Mb.
#18845

Үлгілерді жинау және кептіру ережелері

Кез келген Гербарийді қалыптастырудағы негізгі іс – өсімдіктерді табиғатқа экспедициға шығып жинау. Мұндай мақсатта ұйымдастырылған экспедициялар, әсіресе ұзақ аймақтарға (шет елдерге) , мұқият жоспарлануы қажет, сонымен бірге үлгілерді жинауға, оларды елге алып шығуға қажетті рұқсатнамалардың барлығы дерлік болуы шарт.

Немқұрайлы жасалған этикеткасыз көп үлгілерден аз болса да жақсы кептіріліп, этикеткалары (жапсырмақағаз) дұрыс жасалған даналары құнды.

Гербарий жинаудағы негізгі шарттар

Жиналған экземплярлардың әрқайсысын толық сипаттайтын дала

жазбалары болуы қажет (коллектор, нөмірі, датасы, мекені, тіршілік

ортасы және кептіру кезінде жойылып, құртылып қалатын өсімдік

габитусының кез келген кескіні);

Гербарий коллекциясы мүмкіндігінше зерттелетін популяцияның

алуантүрлілігін көрсетіп, өсімдіктердің өзгергіштік спектрін көрсету

керек;

Әрбір коллекцияны жинау барысында төмендегі талаптар ескерілуі қажет:



Гербарийде зерттеуді жалғастыру үшін гербарий коллекциясы жақсы

кептіріліп сақталуы қажет.

Пресске салынғанға дейін жиналған өсімдіктерді тасымалдауға

арналған дала папкасы

Құрал-саймандар: кездік, бақша қайшысы, қолара, қолүрек, қолбалта, бақша қалағы және т.б.;

Үлгілерді жинауға қажетті құрал-жабдықтар:

Сұйық фисатор немесе консервант (анатомиялық және басқа да зерттеулер үшін алынған өсімдіктердің нәзік және ұсақ бөліктерін жинау үшін);

Гербарлық басқыш (пресс) немесе гербарлық тор, өсімдіктерді сығып кептіруге арналған тормен қапталған екі металл немесе ағаш кәсектер

Гербарлық торға салғанға дейін өсімдіктерді салып сақтауға арналған әртүрлі қалаңдықтағы полиэтилен пакеттері

Фиксацияланған материалдарды жинауға арналған аузы кең пластик ыдыстар;

Гербарий (кеппешөп) жасайтын үлгілерді жинау

өсімдіктерді жинау алдында әртүрлі өсімдіктердің көптігі және қолжетімділігі туралы толық түсінік алу үшін, айналаға қарап, тұрған территорияны мұқият танып алу қажет. Материалды, жиналған өсімдіктер туралы мейілінше мол ақпарат беретіндей етіп таңдау керек.

Гербарий (кеппешөп) жасайтын үлгілерді жинау

Өсімдіктерді құрғақ, жаңбыр жоқ кезде жинау қажет, себебі жабырдан немесе шықтан кептіру қиындап, өсімдіктер қарайып кетуі мүмкін.

Үлкендігі гербарлық папкадан асатын шөптесін өсімдіктерді 2-3

рет бүктеп салады және де бүктелген жерлері папкадан шығып

тұрмауы керек. .

Гербарийге зақымдалмаған, барлық жер үсті және жерасты

мүшелері бар өсімдіктер алынады

Гербарий (кеппешөп) жасайтын үлгілерді жинау

Тамырлар міндетті түрде топырақтан тазаланады. Қалың сабақтар,

тамырсабақтар және тамырлар ұзына бойы екіге бөлініп

салынады.

Бір «жидеге» тек бір түрге жататын өсімдікті жинау керек. Ірірек өсімдіктерден 1-2 данасын салынады, ал майда өсімдіктер

«жиде» толғанша салынады.

Ірі күрделі жапырақтарды бұзылмаған күйінде сақтаған дұрыс.

Үлгілерден гербарий жасау

Өсімдік үлгілері жұқа борпақ қағазға немесе газетке салынады. «Жейдеге» дұрыс салынуы үшін папка тегіс жерге қойылады. Әсіресе сәл солған өсімдіктер папкаға салуға ыңғайлы. Коллекторлар үлгілерді папкаға салған күйде бір түнге қалдырып, ертесіне қағаздарын ауыстырғанда жөндеп, дұрыс жатпаған жерлерін дұрыстағанды жөн көреді.

Гербарий (кеппешөп) үлгілерін кептіру.

Гербарийлерді (кеппешөпті) кептірудің көптеген тәсілдері бар, уақыт өте олар жетіліп отыруда. Бірақ, өсімдіктерді жинағанда ол үлгілерді өңдеудің негізгі 2 тәсілі бар:

Басқышқа басу мен кептіруді дала жағдайында өсімдіктерді жинаған жерде жасау немесе ылғал (спиртті) жинау (Швайнфорс әдісімен жинау), яғни басқышқа басу мен кептіру кейінірек жасалады (экспедициядан оралып, лаборатория жағдайында). Әдістердің әрқайсысының артықшылықтарымен қоса кемшіліктері де бар, сондықтан олардың артықшылықтарын пайдаланып қатар қолдануға болады. Далалық жағдайда көбінесе екі тәсіл қолданылады: жалпы қолданылатын және поляк басқышын қолданатын әдіс.

Микротолқынды кептіру

Тұзда кептіру



Темірмен (үтік) кептіру

Гүлді сығындау (қысыммен кептіру)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет