Ұлы Қазақ философы Абай



Дата14.10.2023
өлшемі13,28 Kb.
#114947

Ұлы Қазақ философы Абай

Ағартушылық философияның аса алып тұлғасы Абай Құнанбайұлы (1845-1904 жж.) – тек қазақ халқы емес, сонымен қатар бүкiл дүние- жүзiлiк руханиятта өзiнiң өшпес iзiн қалдырған ұлы ғұлама. Жаратқан, Дүние, Адам – мiне, осы үш санат Абай философиясының iргетасын құрайды.Ол Орта ғасырлардағы


ойшылдардың тақуалық философиясын қабылдамайды. Оның ойынша, егер барлық адамдар тариқат жолына түсiп, материалдық дүниеден бас тартса, онда «дүние ойран» болар едi. «Бұлай болғанда малды кiм бағады, дұшпанды кiм тоқтатады, киiмдi кiм тоқиды, астықты кiм егедi, дүниедегi Алланың пенделерi үшiн жаратқан қазыналарын кiм iздейдi деген сұрақ қойып, ойшыл оны Құдай алдындағы күнә ретiнде қарайды.

Абайдың сот тәуелсiздiгi жөнiндегi ойларына келсек, ол да бүгiнгi


күнгi талаптармен үндесiп жатыр. Бұл қағиданы iс жүзiнде өмiрге енгiзу үшiн сот қызметкерi сол жұмысқа өмiрлiк сайлануы қажет. «Әрбiр елден толымды-бiлiмдi кiсi билiкке жыл кесiлмей сайланса, олар түссе – жаманшылығы әшкере бiлiнгендiктен түссе, әйтпесе түспесе», – дейдi ұлы ойшыл. Егемен мемлекетiмiзде Абайдың айтқан бұл ойын iске асырдық.


Абаймен ақылдасатын келесi көкейкестi мәселе – Қазақстанның жаһандану үдерiсiне кеңiнен кiруi. Уақытында оның жолын ұлы Абай орыс мәдениетi мен тiлiн меңгеру керектiгi туралы ойларында терең көрсетiп кеттi. «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрi орыста тұр. Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тiлiн, оқуын, ғылымын бiлмек керек», – дейдi

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет