Ұлы дала ойшылдары еңбектерінің студент жастардың рухани-адамгершілік



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата07.04.2023
өлшемі334,3 Kb.
#80358
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Arinova B.A. KazNU bulletin

Нәтежелер және талқылау
Қазақ халқының рухани мәдениетінде, 
дүниетанымдық көзқарастарында, адамгершілік 
туралы ой-пікірлерінде өзіндік қолтаңбасын 
қалдырған ойшылдардың бірі – Асан Қайғының 
толғау, терме, афоризмдерінде тұрмыс-
тіршіліктің түйінді мәселелері тілге тиек етіледі. 
Оның руханилығының негізі өмірде толып жатқан 
қайғы атаулыны, соның ішінде адам қасіретін 
терең сезінуімен ерекшеленеді. Асан Қайғының 
пайымында адам өмір жағдайына қарамастан 
шынайы әрі әділетті болуы керек, ғайбат сөзден 
қорқуы керек. Ол халықтың санасында адам 
баласына тек жақсылық әкелетін жайлы ме-
кен іздеген, мәңгілік бақ қонған «Жерұйықты» 
іздеуші атымен танылды. Сол сияқты Асан 
Қайғының адамды жақсы қасиеттерге, ізгі істерге 
жетелейтін тәрбиелік мәні бар, студент жастар-
ды адами қарым-қатынаста айналасындағыларға 
сүйіспеншілікпен қарап, ешкімге қиянат жаса-
май әрдайым дұрыс әрекет етуге шақыратын 
мына өлеңін семинар сабағында «Ой қорыту 
немесе 1 тезис, 3 дәлел» әдісі арқылы оқыту 
студенттердің шығармашылық қабілетін дамы-
тып қана қоймайды, ол сонымен қатар олардың 
бойында адамгершілік қасиеттерді жетілдіруге 
де септігін тигізеді. Бұл әдіс бойынша мынадай 
тапсырма беріледі: 
1-қадам: Студенттер мына мәтін бойынша 
ой қорытулары қажет. 
Еділ бол да Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе, 
Жаныңды аяп тұрыспа,
Ердің құны болса да, 
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа, 
Өлетұғын тай үшін,
Көшетұғын сай үшін, 
Әркімменен ұрыспа,
Ашу дұшпан артынан,
Түсіп кетсең қайтесің,
Түбі терең қуысқа!.. 
(Нысанбаев /ред/, 2000) [8]. 
2-қадам: Өзінің ойын жинақтап, нақты 
мысалдармен бекітіп, оларды мына кестеге 
түсірулері керек. 
Тезис
1-дәлел
2-дәлел
3-дәлел
3-қадам: Мәтінге сәйкес кестені үш дәлел 
арқылы талдап толтырулары тиіс. 
Өзін-өзі тану сабақтарында қазақ халқының 
ұлағатты ой-пікірлерін оқу мәтіндері ретінде 
талдап қарастыру, біріншіден, жалпыадамзаттық 
құндылықтардың мәнін ашуға, екіншіден, 
студенттердің шығармашылық қабілеттерін 
дамытуға, үшіншіден, адам бойындағы, 
мінез-құлқындағы әртүрлі жақсы және жа-
ман қасиеттерді ажырата білуге үйретеді және 
төменгі, яғни 1-2 курс студенттерінің өзін-өзі та-
нуына игі әсер етері сөзсіз. 
Сөйтіп, өлеңді талдау барысында студент-
тер «Өзін-өзі тану» пәнінің білім мазмұнын 
меңгеріп қана қоймайды, олар сонымен қатар 
өзін-өзі тәрбиелеуге де үйренеді. Ендеше,
Асан Қайғының адам өмірін жақсарту, жақсылық 
жасау, қамқорлық таныту сияқты ізгілікті 
ойларының тәрбиелік мәні әрқашан өз биігінде 
рухани азық болып қала береді деп айта аламыз. 
Адамгершілік қағидаларына негізделген 
тәрбие мәселесі жыр маржанын төгілткен 
жырау лардың әдеби мұраларында көрініс та-
уып, жастарды елжандылыққа, рухы биік 
азаматтыққа тәрбиелеуге ықпал етті. Халқы-
мыздың сан ғасырлық өмірін асыл сөзде бей-
нелеп көрсеткен жыраулар, атап айтқанда 
Қазтуған Сүйінішұлы, ерлік пен еркіндікті 
аңсаған жорықшы жырау Доспамбет, адамды 
жақсылыққа шақырып, жамандықтан бездірген, 
адал достықты дәріптеп, опасыздықты сынаған 
Шалкиіз Тіленшіұлы, «Күлдір де күлдір 
кісінетіп, күреңді мінер ме екеміз» деп халықтың 
бақытты өмірін армандаған Ақтамберді жы-
рау және өз халқының бірлігін, ынтымағын 
аңсаған Бұқар жыраулардың төл мұраларында 


10
Ұлы дала ойшылдары еңбектерінің студент жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі орны
туған жер, сыртқы жаулармен болған азаттық 
күрес, өз дәуірінің шындығы, ерлік, ел бірлігінің 
жырлануы жастарды елжандылыққа, рухы биік 
азаматтыққа тәрбиелейді. 
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің мол мұ-
расында өз халқының азаттығын, тәуелсіз-
ді гін аңсап, жастарды ерлікке үндеген
Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, 
жақ сы адам бойындағы қасиеттер мен жаман 
адам бойындағы кемшіліктерді қарама-қарсы 
қойып, адам гер шілік ізгі қасиеттерді ардақтаған 
Сүйінбай Арон ұлы, шығармаларында күрес-
керлік, жауын герлік, азаматтық пафос басым 
Махамбет Өте місұлы т.б. ұрпағына қалдырған 
асыл мұралары бүгінгі жастардың рухани игілігі 
және адамгершілік тәрбиесінің негізі болып 
табылады.
Ұлы Дала тарихында адамгершілік идеяла-
рымен танымал болған тұлғалардың қатарында 
еліміздің бірлігінің, әділдік пен даналықтың, 
биік абырой мен адамилықтың қайталанбас 
нышанына айналған Төле би, Қазыбек би және 
Әйтеке бидің өнегеге толы өмір өрнектерін 
атап айту әбден орынды. Үш жүздің басын 
біріктіріп, халқының қамын ойлаған үш бидің 
арман тілектері болашақ ұрпағының адалдықта, 
жақсылықта, бейбіт заманда өмір сүруі десек, 
олардың бұл мақсаттары көбінесе туындаған 
дау-дамайды халықтың игілігіне шешуімен 
айқындалды. 
Билердің тәлімдік ойлары, адамгершілік 
идеялары жастардың жан дүниесін, рухани 
әлемін байытатын даналық кілті деп танылады. 
Мәселен, Әйтеке бидің «Ақыл мен мінез – бірге 
туған егіз. Мінездің жаманы мен жақсысы – 
ақылдың жемісі. Жақсы адамның серігі – ақыл, 
қанағат, әдеп, төзім, сабыр, үміт, татулық, бірлік. 
Ер жігітке төзім – тірек, сабыр – қамал, ақыл 
– әл қуат, ар абырой – қазына, қанағат – асыл 
тас, бата – мұра, әдеп – сән, жалған сөз – дерт, 
ақиқат – ем, үміт – көңіл азығы. Өзіне жақсылық 
тілемейтін адам жоқ. Ал өзіңе жақсылық тілесең, 
өзгеге жамандық қылма! Айыптың үлкені – 
ізгілік жасай алмау емес, жамандық тілеу» деген 
аталы сөздері жастардың рухани-адамгершілік 
тәрбиесінің қайнары десек те болады (оқулық, 
2010) [9]. 
Билердің ұлағатты сөздері «Өзін-өзі тану» 
пәнінің практикалық семинар сабақтарында, 
кураторлық сағаттарда дәйексөз ретінде алы-
нып, студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуіне 
қажетті даналық кілті бола алады. Сөйтіп, сту-
дент жастардың рухани-адамгершілік тәрбие-
сін дамытуда Ұлы Дала ойшылдарының 
еңбектерінің маңызы зор екендігін сабақ бары-
сында жүргізілетін жұмыстардың мазмұнынан 
көреміз. Мәселен, «Қазақ мәдениетіндегі рухани-
адамгершілік білім беру» тақырыбы бойынша 
семинар сабақтарында студенттерге мынадай 
тапсырмалардың ұсынылуы жастардың рухани 
өсуіне, өзін-өзі жетілдіруіне көмектесері айқын. 
1. Шығыс ойшылдарының еңбектеріндегі 
және қазақ дүниетанымындағы рухани-адам-
гершілік құндылықтардың адамның өзін-өзі 
тәрбиелеуі тұрғысынан дәйектеп, мысалдармен 
бекітіңіз. 
2. Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғын-
дарының көзқарастары», «Бақытқа жету жайын-
да», «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» 
сияқты трактаттарында айтылған ойлардың 
қазіргі заманауи жастардың адамгершілік сапа-
ларын дамытудағы ізгілікті мәнін анықтап, гу-
манды педагогика тұрғысынан дәлелдеңіз. 
3. Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» 
еңбегіндегі шынайы көшбасшының қасиеттері» 
тақырыбына эссе жазыңыз. 
4. Ахмед Йүгінекидің «Адамгершілік-үй, 
қарапайымдылық оның іргетасы сияқты», «Пай-
дасыз егес, орынсыз күлкіден сақтан», «Ұлым 
саған айтайын өсиетін дананың, білімдіні таны да, 
соңынан ер қарағым!» деген ғибратты сөздерін 
пайдаланып, «Дұрыс әрекет» құндылығы бой-
ынша сабақ жоспарын құрастырыңыз.
5. Қожа Ахмет Яссауидің дүниетанымдық, 
әлеуметтік-этикалық көзқарастарында адам 
бейнесінің жақсы қасиеттерге толы сапа-
лы жақтарымен қоса, жағымсыз іс-әрекеттер 
туындататын сапасыз белгілері де қатар 
қарастырылатынын басшылыққа алып, «Мінез-
құлық – адамгершілік айнасы» тақырыбына са-
лыстырмалы талдау жасаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет