Ұлы дала ойшылдарының әлеуметтік көзқарасы



Дата10.10.2022
өлшемі15,3 Kb.
#42164
Байланысты:
лы дала ойшылдарыны леуметтік к з арасы


Ұлы дала ойшылдарының әлеуметтік көзқарасы
Жалпы айтқанда сөздің басын қазақ жұртының өміршең өткел күндерінен бастасақ. Бәрімізге мәлім қазақ елі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды. Қазақ халқы, бір жағынан, жергілікті феодалдардың, екінші жағынан, Ресей Патшасының зор қанауының, езгісінде болғандығын білеміз. Еңбекші бұқараның хал-жағдайы өте нашар болды, өйткені олар әр уақытта алуан түрлі ауыр салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды.Атап айтқанда,қанаушылар,яғни патша үкіметі қазақтың құңарлы-шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөл және шөлейт жерлерге ығыстырды. Ресей патшасы байырғы ұлтты одан әрі жаныштап, езуді күшейтті. Ал, жергілікті үстем тап, қалыптасып келе жатқан буржуазия, дін басылары, патшалық ресей үкіметі халықты революциялық күрестен аулақ ұстауға тырысты, қазақ бұқара халқын орыстың жұмысшы-шаруа табынан, алдынғы қатарлы интеллегенциясынан алыс ұстауға әрекет жасады, араға іріткі салды, ұлтаралық дау-дамайды, жанжалды насихаттады. Осылардың салдарынан Қазақстанда бұқара халықтың патшалық ресей үкіметіне, жергілікті хандарға, байларға қарсы әлденеше стихиялық ереуіл-көтерілістері болды, бірақ олардың бәрі күшпен басылып отырды.Бұл кездегі қазақ қоғамындағы бұрқ ете қалған көтерілістердің негізі қазақтың ұлт болып қалыптасуына деген үлкен қадамдар еді.Соның нәтижесінде «Алаш» партиясының құрылғандығы,оның басшысы Әлихан Бөкейханов болып, құрамында Ахмет, Міржақып сынды ұлт зиялыларының да болғандығы жасырын емес еді.Осындай ауыр жағдайлардың нәтижесінде және орыс демократиясының, мәдениеті мен ғылымының игілікті әсерінің негізінде Қазақстанда алдыңғы қатарлы философиялық, әлеуметтік-саяси ой-пікірлер қалыптаса бастады.
Қазақ елі ойшылдарының әлеуметтік көзқарасы өз бетімен, әлемдік, еуропалық және батыстың ағымдарының ықпалынсыз дамыған. Ұлы дала ойшылдарының қазақтың мәдениетіне сай өз ойлары, әлеуметтік көзқарастары қалыптасқан. Ұлы дала ойшылдары сонау Әбу Наср әл-Фарабиден бастау алған, сонымен қатар Қорқыт бабамыз, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йассау, Махмұт Қашқари, кейінгі Абай Құнанбаев, Шәкәрім, Ыбырай Алтынсарин секілді ағартушылардың әлеуметтік көзқарастармен жалғасқан.
Менің ойымша, әлеуметтік көзқараста мәдениет кез келген қоғамдағы өмірді ұйымдастыру мен қалыптастыру факторы ретінде түсіндіріледі. Әр халықтың ойшылдары өз мәдениетіне лайықты ойларымен бөліседі, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер солардың сөздерінен басталса керек.
Біріншіден, Қазақ елі ойшылдарының әлеуметтік көзқарасы туралы мысалдар көп, соның ішінде, Абай Құнанбаев өз сөзінде: «Шынымен де біз дүние жүзіндегі халықтардың ішінде ең елеусіз болып қала береміз бе?» – деген екен. Ұлы ағартушы қазақтардың бір-бірімен жауласып жатқан руларға бытыраңқылығын, халықты қайтадан тұңғиыққа сүйреп бара жатқан бітпейтін азаматтық қақтығыстарды ащы сезіммен атап өткен. Абай айтқандай, қазақ ауылының қараңғы, сауатсыз бұқарасы өздерінің надандығын білмейді. Қазақтың басқа халықтар мен елдердің қол жеткізген табыстары туралы түсінігі жоқ, ешбір қаланы, мәдени ошақтарды көрмеген деп қынжылған. Сондықтан ол қазақты қараңғылықтан шығуға, оқыуға, сауатты болуға шақырады. Сондай-ақ, би болыстардың қараңғы халықты басынғандарына қарсы шығады. Бұл туралы «Абай жолын» оқыған кез келген қазақ баласы біледі.
Екіншіден, Ұлы дала ойшылы Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының өркениетті елдер қатарына қосылатынына кәміл сенді. Осымен байланысты қазақтарға білім беруді қолға алды. Білімсіздіктің алдын алып, қазақ балаларын оқуға шақырды. «Кел, балалар, оқылық» осыған нақты мысал. Ол қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын әлеуметтік-білімдік құрылымы арқылы ған қарастырып қоймаған, оның әлеуметтік таптық құрылымына да көңіл аударған. Торғай облысының халқын алып, оны әлеуметтік зерттеу объектісі етеді. Ол жердегі халықты бай, орта, кедей деп үш әлеуметтік топқа бөлген.

Ал, «Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы» деген мақаласында Шоқан Уалиханов:«Қазақтар ұлан-байтақ жер кеңістігін иеленгенімен, қазіргі уақытта тек оның шамалы ғана бөлігін пайдаланыпотырса да жергеәрдайым зәру», – деп құнарлы жерлерден айырыла бастағанын жазады.


Осы секілді қазақ ойшылдарының әлеуметтік көзқарастары өте көп. Ол біздің ұрпақтарға тарихи құндылық деп айтар едім.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет