Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет31/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

Сөз тұлғалары 
Проф. Қ.Жұбанов сөйлем ішіндегі сөздер тура және бұрма күйде 
тұрады дейді. Мұндағы тура күй дегені – сөздің түрленбеген түбір күйі де, 
бұрма күйі деп отырғаны – сөйлем ішіндегі сөздердің басқа сөздермен 
байланысу үшін жұрнақ, жалғаулар жалғанып, түрленуі. Ғалым сөздердің 
сөйлеу материалы екенін, сөздердің сөйлемде тура және бұрма күйлерде 
келіп бір-бірімен байланысатындығын, сол арқылы ғана аяқталған ойды 
білдіріп, сөйлем құрай алатындығын айтады. Сондай-ақ жеке сөздердің 
сөйлем ішінде байланысуына қосымшалардан басқа, «сөз бен сөзді 
байланыстырып, қиынын келтіретін сөздерді» жалғауыштар деп атаған. 
Олар – да, мен, үшін, сайын сияқты сөздер. Олар бұрма күйде тұра алмайды, 
өйткені бұларға жалғау жалғанбайды деп, бұл сөздердің түрленбейтінін атап 
көрсеткен (8, 160). 
Қ.Жұбановтың жалғауыштар деп атап отырғаны – қазіргі 
грамматикалардағы шылау сөз табы құрамындағы жалғаулық, септеулік 
шылаулар. Ғалым сол кездің өзінде-ақ сөйлем ішіндегі сөздердің қалпын, 
сөздердің түрленісін, олардың бір-бірімен байланысын көрегендікпен 
байымдап, зерделей алған және оларға тілдік бірліктердің табиғатына қарай 
нақты уәждік белгілеріне сүйене отырып, ұтымды терминдермен атаған. 
Қ.Жұбановтың грамматика саласындағы ерекше жаңалықтарының бірі 
ретінде осы күнге дейін тұрақты қолданылып жүрген «сөздің тұлғасы» деген 


89 
терминге қатысты айтуға болады. Ғалым сөздің сыртқы көрінісін «сөздің 
тұлғасы» деп атаған, ал сөздің сыртқы тұлғасының түрленуін сөз тұлғасының 
түрленуі болады дейді. «Сөз тұлғасының түрленуі, я сөздің түпкі 
мағынасына жаңа мағына үстеу үшін ғана керек; я болмаса, сол сөзді басқа 
бір сөзбен байланыстыру үшін қажет», – деп, жұрнақ пен жалғаулардың 
сөйлемдегі қызметін ажыратып көрсетеді. Қазіргі грамматикаларда 
қосымшалар осы функцияларына қарай жұрнақтар және жалғаулар деп 
бөлініп жүр. 
Грамматика жайлы қазіргі зерттеулер мен оқулықтарда сөздер ең 
алдымен – жалаң және күрделі сөздер, жалаң сөздер – түбір және туынды 
сөз, ал күрделі сөздер – біріккен, кіріккен, қос, тіркесті сөздер болып 
бөлінсе, Қ.Жұбанов «сөз тұлғаларын алты арысқа» бөліп көрсетеді. Олар: 
түбір сөз, қосымшалы сөз, кіріккен сөз, қиюулы сөз, қосар сөз, қосалқылы 
сөз.
Қ.Жұбановтың қосымшалы сөздер – жұрнақ, жалғаулар жалғанып 
жасалған туынды сөздер, ал кіріккен сөздер дегені – қазіргі күні қолданылып 
жүрген біріккен және кіріккен сөздер. Ғалым осы күні «қысқарған сөздер» 
деп аталатын сөздер тобын «қиюлы сөздер» деп атаған. Ал осы күнгі «қос 
сөздер» терминімен аталатын сөздер тобын «қосар» сөздер деп атап, оларды 
өз ішінде «теңдес қосар», «сөздес қосар», «матаулы қосар», «тіркеулі қосар», 
«қосақты қосар» деп бес топқа жіктеген. Қос сөздер қазіргі грамматикаларда 
қосарлама қос сөз және қайталама қос сөздер болып қана жіктелетінін 
ескерсек, Қ.Жұбанов жіктемесінің қазіргі қос сөздер жіктемесінен көп 
өзгешеленетіндігіне көз жеткіземіз. Қазіргі грамматикалардағы қос сөздердің 
барлығы дерлік осы аталған екі топтың ішіне сыйыстырылған. Ал бірақ қос 
сөздердің жасалу жолдары, Қ.Жұбанов көрсеткендей, сан қырлы.
Қазір қазақ тіл білімінде күшейтпе буын тек сын есімнің шырай 
формасы арқылы туады деген көзқарас қалыптасқаны белгілі. Ал профессор 
Құдайберген Жұбанов сын есімнің шырай формалары білдіретін 
мағыналарды «п» дыбысынан басқа да дыбыстардың қайталануы арқылы 
жасала алатындығын айтады. Мысалы, қаз-қатар сөзінің тіркестік
құрылысын талдай келе, былай дейді: «Бұл жерден мен қаз және қатар 
деген сөзді көріп тұрған жоқпын. Мұнда сап-сары, қып-қызыл сияқты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет