360
арасындағы ескі қалдықтарды тезге салып түзету еді. Сол журналда
Құдайбергеннің «Ит әулие», Жиенғали Тілепбергеновтің «Намазға» және
менің «Жазықсыз жандар» атты қысқа әңгімелеріміз шыққан-ды.
Құдайберген сурет өнеріне де өте шебер болды. Ол майлы бояумен,
қарындашпен, тіпті көмірмен де әдемі суреттер сала беретін. Ол суретпен
қатар ою жұмыстарымен де айналысты. Ағашқа, тасқа небір тамаша оюлар
салатын.
Жұртшылығымызға мәлім, Құдайберген отызыншы жылдарда ғалым
ретінде қазақ тілінің грамматикасымен айналысты. Бұл кезде ол өзінің
жұмысы жөнінде маған хабарлап тұрды. Кейін ол өзі жазған тұңғыш
монографиялық зерттеуінің бір данасың маған ескерткішке жолдап,
«Ұстазыма сыйға тартамын» деп жазыпты.
Мен ұзақ ұстаздық өмірімдегі бір жарқын бет Жұбановтарға қалам
ұстатып, қара танытқан кезім деп білемін. Кейінгі шәкірттеріме де осы қос
ғұламаны қасиетті мінез-құлықтары, зеректігі жөнінде айтып, үлгіге ұсынып
отырдым. Ал Жұбановтарға ұстаздық еткенімді өзім мақтаныш етемін.
О.Алпанов
Достарыңызбен бөлісу: