Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


құлын-шақ /жеребенок – дитя, жеребенок маленький/ и келін-шек/



Pdf көрінісі
бет49/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

құлын-шақ /жеребенок – дитя, жеребенок маленький/ и келін-шек/ 
невестка-дитя, невеста маленькая» (8). «Қ.Жұбанов және сөзжасам 
мәселесі» деген мақаласында Н.М.Алдашев ғалымның сөзжасам саласына 
қосқан үлесі туралы былай деп жазады: «Қазақ тіліндегі жұрнақтардың сөз 
тудырушы және сөз түрлендіруші ерекшеліктерін, морфеманың сөзжасамдық 
қасиетін, қабілетін, жасалу жолдарын анықтауда профессор Қ.Жұбановтың 
айтқан пікірлері мен қазіргі кезеңдегі сөзжасамның заңдылықтары үндес 
келетіндігін көреміз» (57, 116). 
Тақырыптың түйінін Қ.Жұбанов еңбектерін арнайы зерттеген 
ғалымдардың бірі Ж.Тектіғұлдың (58) ғалымның қазақ тілінің грамматика 
саласына қатысты тұжырымдарымен аяқтауды жөн көрдік: 
1) Қ.Жұбанов өзіне дейінгі және одан кейінгі оқулықтарда орын алып 
келген кемшілік – бір сөздің сөйлемде атқаратын қызметіне қарай әртүрлі сөз 
табына жатқызылуының қисынсыздығын дәлелдеп берді, яғни сын есім мен 
сан есімнің сөйлемдегі қызметін дұрыс шеше білді; 
2) сайын, төмен, арқылы, ең, тым, нақ т.б. септеуліктері мен күшейткіш 
сөздерді үстеу құрамынан шығарды; 
3) қазақ тіл білімінде тұңғыш аналитикалық тұлғадағы сөз тіркестерінің 
барын анықтап, оны қосалқы деп атады; 
4) бұрын тіл білімінде еленбей жүрген сөз құрамындағы морфемалардың 
орналасу орнын көрсетіп берді және сөз алды, сөз артында келетін көмекші 
сөздерді сол сөздің мағыналы бөлшегі, ажырамас элементтері ретінде қарау 
қажеттігін түсіндірді; 
5) тілімізде тұлғасы күрделі көмекші етістіктердің (отыр, жатыр, жүр, 
тұр) бар екенін дәлелдеп, оның шақ категориясымен тығыз байланысты 
екендігін анықтап берді; 
6) «біріккен сөздер» терминін «кіріккен сөздер» терминімен ауыстырып, 
олардың шекарасын белгіледі; 
7) өлі түбірлер мен өлі жұрнақтардың шығу төркінін анықтап берді.
Ғалымның қазақ тіл ғылымының морфология саласына қосқан үлесі 
осы санамаланып көрсетілген жаңалықтармен шектелмейді. «Сөз 
материалының түр сипатын» айқындап берген ғалым еңбектері ешқашан 
өміршеңдігін жоймақ емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет