Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет168/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

мұғалімнің міндеті
– программадағы мөлшерден озбай, 
буын жайын қате ұқтырмай, дұрыс түсіндіре, барды бақылата отырып, 
бірте-бірте жүйелі түрде әкеліп сала білу керек
», – дейді. Осы орайда 
оқытудың әдіс-тәсілдеріне қатысты пікірлері де оның оқу үдерісінің түпкі 
мақсатын дәл анықтап, көре білетін ғалымдық парасат-пайымын айқындай 
түседі. 
Дидактиканың жүйелілік пен сабақтастық принципі жүйеге келтірілген 
білімдер 
негізімен 
қаруландыру, 
мұғалім 
жұмысының 
жүйесін, 
оқушылардың тиісті іс-әрекетін айқындайды. Осыған орай, қазақ тілінің 
программасына да, оқу құралына да ана тілі сабағының емле, грамматика 
тарауларын оқытуда талап қойылады, оларды «
балаларға түсіндіріп өту 
керек, әйтпесе ана тілі сабағынан нәтиже шықпақшы емес
» деп, Қ.Жұбанов 
оқытуда кететін қателік баланың біліміне өмірлік нұқсан келтіретінін, оның 
үстіне тіл ілімінің жетілуіне үлкен кесел екенін мұғалімдер зердесіне салады 
(136). 
Қ.Жұбановтың 
лингводидактикалық 
және
әдістемелік көзқарастарын
зерделеп қарағанда ерекше мән беретін басты мәселе ретінде тіл теориясы 
мен әдістеме теориясын ұштастыруға мән беріп, ана тілін жетік білгізу мен 
сауаттылықты қалыптастырудың алғышарттарын дәл танып, айтып қана 
қоймай, сұрыптап түсіндіріп беруі де – ғалымның бұл саланы терең 
меңгергенінің дәлелі. Мысалы, ол XX ғасырдың 20-жылдарының өзінде-ақ 
тілді меңгеруде кешендік амал-тәсілдердің ұтымдылығы туралы ой 
түйіндейді. Соның ішінде барлық білімді меңгерудің кілтін ұстататын ана 
тілін меңгертудің маңызына айрықша тоқталады. Әдіскер-педагог: «
Қандай 
болмасын ғылым, ең алдымен, адамзатқа пайдалы ілім болу керек. 
Адамзатқа қажет ілім тіл арқылы беріледі, сондықтан тілді оқытуға 
ерекше көңіл бөліну керек. Тіл құбылыстарын жалаң түр жағын ғана 
зерттеумен біліп болмайды... Әр нәрсенің, әр құбылыстың да әлденеше 
қыры, сыры, сипаты болмақ. Дұрыс білім – сол қыры, сыры, сипатының 
бәрін болмағанмен, барлығын түгел қамтып болмайды, ұшы-қиыры көп, 
көбін, негізділерін көрсетіп бере алумен ғана табылмақ
», – дейді. Осы 
мақсатқа жетудің барынша тиімді әдіс-тәсілдерін да саралап береді. 
Әдіскер-ғалым Қ.Жұбанов еңбектеріндегі тұжырымдарға зер салсақ, ол 
ұсынған тиімді әдістердің қатарында
түйінді мәселеге көңіл аудару, сөзбен 
суреттеу, көрнекілік, өмірге үңілдіру, еңбек процесімен байланыс, жүйелі 


273 
ойға төселдіру, оқушының алдына проблема қоя оқыту, бір пәнді игерту 
үшін оған екінші пәнді құрал ету
т.б. – бүгінгі күннің өзекті мәселелерімен 
ұштасып қана қоймай, қазіргі кезде басымдылық беріліп отырған іздендіре, 
дамыта оқытудың ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік негізін қалаған 
ой-пікірлер болғанын аңғару қиын емес. Мәселен, қазіргі оқыту мәселелеріне 
байланысты қарастырылып жүрген таным процесі – өмірге үңілдіру; 
проблеманы оқыту – оқушы алдында проблема қоя оқыту; пәнаралық 
байланыс – бір пәнді игерту үшін оған екінші пәнді құрал ету; дамыта оқыту 
– жүйелі ойға төселдіру; тіл дамыту – сөзбен суреттеп көрсетудің т.б. негізгі 
бағыт-бағдарымен сәйкес келеді. Осының өзі де тілші-ғалымның әдістемелік 
көзқарасы мен жасаған түйіндерінің өміршеңдігін дәлелдейді. 
Профессор-педагогтың педагогикалық мұраларын сөз еткенде басты 
назар аударатын мәселенің тағы бірі – оқу, оқыту үдерісінің сапасын 
арттырудың алғышарты ретінде оны оқулықпен қамтамасыз етудің жолдарын 
қарастыруы, оқулық жасаудың ғылыми негіздерін іс жүзіне асырып, үлгісін 
көрсете білуі. Мектеп оқулықтарын жазуға атсалыса отырып, ғалымның тілді 
меңгертуде оның қоғамдық-әлеуметтік мәніне баса көңіл бөлгенін көреміз. 
Ғалымның тілдің теориясы мен қолданысын қатар игертудің жүйесін танытар 
тың қадамдар жасалған оқулықтарындағы идеялар қазір де өміршеңдігін 
жоймай отыр. 
Әдіскер-тілшінің педагогикалық мұрасының тағы бір ерекшелігі – 
білім сапасын көтеру мақсатында оқу-әдістемелік кешеннің қажет екенін сол 
кездің өзінде-ақ біліп, оқу құралдары мен әдістемелік құралдарды бірге 
дайындауға ден қоюы. Педагог-ғалым «Қазақ тілінің программасы» (1936), 
«Қазақ тілінің грамматикасы» (1936), «Жаңа грамматиканың жаңалықтары 
жайынан» (1937) т.б. еңбектерінде қазақ тіліне қатысты ғылыми-теориялық 
тұжырымдарын ұсынумен қатар, осы ғылыми ой-тұжырымдарын қалай 
түсіну керек, оларды қандай амал-тәсілдерді қолданып оқыту тиімді, тілдік 
материалдарды игеруге байланысты негізгі ұстанымдар қандай болуы керек 
деген сияқты сұрақтарға жауап бере отырып, қазақ тілін меңгертудің тұтас 
оқу-әдістемелік, ғылыми-практикалық кешенін дайындап, талдап жазып 
шықты. 
Қ.Жұбановтың лингводидактика ілімімен байланысты ой-пікірлерінде 
оның шынайы маман екенін дәлелдейтін басты көрсеткіш ретінде ғалымның 
психология, педагогика, лингвистика ғылымдарын тең меңгергенін атауға 
болады. Мәселен, ол тілді дұрыс оқыту, білім беру мен оқытудың негізгі 
олардың аражігін ажыратып, әрқайсысына лайықты критерийлерді дәл 
сұрыптап ала білуде деп тұжырымдайды. Осы ретте тілші-ғалым көп 
еңбектерге талдау жасай келіп былай дейді: «
Оқушылар мен оқытушыларды 
шырғалаңға салғымыз келмеді. Сондықтан тұрлаусыз мүшелерді 
топтастырғанда, соқырға таяқ ұстатқандай анық критерий беру керек 
болады
». 
Ұстаз-ғалым Қ.Жұбановтың педагогикалық мұрасының басты өзегі – 
сапалы да терең білім беру, оның тиімді жолдарын тынбай іздеу, ұғымды 


274 
әдіс-тәсілдерді сабақ сайын үзбей бірізділікпен қолдану. «
Тілді меңгеру тек 
біржақты емес, тұтас, жүйелі түрде болу керек
», – деген ғалым-әдіскердің 
пікірі оның педагогикалық көзқарасын нақтылай түседі. Бұл тұжырым қазіргі 
таңда кең қолданыс тауып отырған 
оқыту технологиясымен
тығыз ұштасып 
жатқаны даусыз. Өйткені инновациялық технологиялардың түпкі мәні де, 
олардың дәстүрлі білім беру жүйесінен өзгешелігі де оның осы бітім 
тұтастығы мен ішкі мазмұн бірлігінің беріктігінен көрінеді. Сондықтан да 
тілдің жүйелілігіне ерекше ден қоюды қалай отырып, ғалымның айрықша сөз 
еткен мәселесінің бірі – технология. Бұл проблеманың соңғы жылдарда 
терминдік тұрғыдан да, мазмұндық-сапалық тұрғыдан да айрықша өзекті 
болып отырғаны барша қауымға аян. Қ.Жұбановтың ойшыл-философиялық 
тұлғасын осы мәселеге қатысты айтылған тұжырымдары нақтылы 
дәлелдейді. Мысалы, ғалым: «
Бүгіндегі біз біліп, көріп жүрген тілдердің 
жетіскен, өте игерілген тілдер болушылығы – бүгіндегі еңбек техникасының 
өркендегенінен әр нәрсеге технология көзімен қараушылығымыз
», – деп, 
тілдерді меңгерудегі технологияның, яғни еңбек арқылы жинақталған тиімді 
амал-тәсілдерді кешенді қолданудың рөлін жоғары бағалайды. Ал келесі бір 
пікірінде әдіскер-ғалым: «
Бүгіндегі біздің жазу техникамыз да осы 
технологияшыл дүниетану жемісінің бірі. Жазу үйренгенде біз бірден 
сөздерді, сөйлемдерді жазып үйренбейміз, әрбір дыбысқа өз алдына таңба 
(әріп) белгілеп, сол таңбаларды жазуға, олардың дыбыстық мәндерін 
айыруға үйретіп аламыз да, содан кейін барып қана сол жеке дыбыс 
белгілерін қостырып, жалғатып, сөз, сөйлем құрастырамыз
», – дей келіп, 
технологияны дүниетанымның бір кілті ретінде атап көрсетеді. Бұл ойдың 
өміршеңдігін, шындығын қазіргі XXI ғасырдың ғылымы мен ілімінің дамуы 
дәлелдеп отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет