Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет173/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

дыбыс 
деген 
ұғымды 
арбаның салдырымен 
және т.б. салыстыра түсіндіреді. Жоғарыда айтылғандай, салыстырудың 
мақсаты – оқушылардың ойына із қалдыру: көрінбейтін құбылысты көрнекі 
ету. Демек, оқулықта келтірілген бұл салыстырулар көрнекілік әдістің де 
қызметін атқарады.
Адам өзін қоршаған дүниені 
көру, есту, дәм мен иісті сезу, түйсіну 
т.б. 
сыртқы әсерлердің көмегімен таниды. Бала психикасының заңдылықтарын 
жақсы білген ұстаз грамматиканың әр тақырыбын әсерлі баяндап, оқушының 
есту сезімдеріне әсер етеді. Өмірден мысал келтіріп, оқушыларға бұрыннан 
таныс іс-тәжірибелерді қайтадан іске қосады. Дерексіз ұғымды деректі 
әрекеттермен салыстыру арқылы баланың ойын жандандырады. Сөйтіп, 
оқушы кітаптағы сөзбен бейнеленген әсерлі суреттерді ой-көзімен көреді.


281 
Ұстаз-ғалым Қ.Жұбанов талдау мен жинақтауды өз
грамматикасында сатылық ұстаныммен шебер ұштастырады да, содан әрі 
шәкірттерге қазақ тілін оқытуға қажетті басқа да әдіс-тәсілдерді іздестіреді. 
Педагог-әдіскер Қ.Жұбановтың «Жаңа грамматика» оқулығында әдістің 
мынадай түрлері көрсетілген: 
1.Баяндау әдісі. 
2. Түйінді мәселеге көңіл аудара түсіндіру әдісі. 
3. Салыстыру әдісі. 
4. Сөзбен суреттеп көрсету. 
5. Көрнекілік әдісі. 
 
6. Оқуды еңбек процесімен байланыстыру. 
7. Пәнаралық байланыс. 
8. Проблема қоя оқыту. 
9. Жүйелі ойға төселдіру. 
10. Өмірмен байланыстыру әдісі. 
Профессор Қ.Жұбановтың әдістемелік еңбектерінің қай-қайсысынан 
болса да заман талабынан туған жаңалықтар мен ғылыми дәлелденген 
пайымдауларды аңғаруға болады. Мысалы, ғалымның «Ауыл мектебінің» 
1934 жылғы 4-ші санында жарияланған «II жартыжылдықта әдістемелік 
бірлестіктер мен үйірмелерде қарастырылатын әдістеме және бағдарлама 
проблемалары» қазір де өзекті болып табылады. Мұнда педагог әр деңгейлі 
мектептердің оқу бағдарламаларын негізге ала отырып, мұғалімдерге 
арналған курстар ашудың маңыздылығын айтады. Сөйтіп сабақтың апталық, 
айлық, циклдік т.б. тақырыптарын белгілеп, конспектілерін, жоспарларын 
және тезистік сызбаларын беру керектігін ескертеді. Сабақ үстінде оқулықты 
ғана пайдаланып қоймай, дидактикалық материалдарды, оқу-әдістемелік 
құралдарын қолданудың тиімділігіне басты назар аударады. Сондай-ақ 
Қ.Жұбанов сабақтарды талдауды дағдыға айналдыру қажеттілігін айта 
отырып, талдау барысында мұғалім жетістіктерімен қатар кемшіліктері де 
көрсетілуі керек дейді. Бұл өз кезегінде мұғалімнің оқытудың тиімді 
әдістерін таңдап алуына мүмкіндік береді. Бұл екі мақсатты көздейді, 
біріншіден, мұғалім күшін нақты тақырып бойынша белгілі бір сабақты 
ұйымдастыруға қажетті педагогикалық тәсілдерді іздеуге жұмылдырса, 
екіншіден, 
жалпы 
бағдарламалық 
материалдар 
ішінен 
бірінші 
жартыжылдықта өткен сабақтардың ең таңдаулысын табуға көмектеседі. Бұл 
мұғалімге баланың бұған дейінгі және осы күнгі білімі арасындағы 
байланысын анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ әдіскер бұл жерде 
материалды ірі блок түрінде түсіндіруге болмайтындығын, себебі оның 
тақырыпты дұрыс түсінуге мүмкіндік бермейтінін атап айтады. Сөйтіп 
ғалым-ұстаз әр сабақта белгілі бір бөлімнің бөлшегін үйрету керек дейді. Бұл 
үшін алдын ала бағдарлама мен оқулықтарға сай кезекті сабақтың мазмұны 
мен құрылымы анықталады, тақырыпты жеткізуге оңтайлы әдістер 
қарастырылады. Мұнан кейін практикалық жаттығу түрлері тыңдалады, өз 


282 
бетімен орындалатын жұмыс түрлері қарастырылып, сабақтың әртүрлі 
элементтерінің өзара байланысты болуы көзделеді.
Педагог Қ.Жұбанов әдістемелік бірлестік мәжілістерінің күн тәртібіне 
оқуға деген практикалық дағдыны қалыптастыруға арналған жұмыс түрлерін, 
қоршаған ортаны ауызша суреттеп беруге үйрету әдістемесін жетілдіру 
мәселесін, бала тіліндегі кемістіктерді жою, ана тілі дыбыстарын дұрыс 
айтуға үйрету проблемасын, оқушының жазу қабілетін жетілдіруге арналған 
жұмыс түрлерін талдауды ұсынады және бұл жұмыстарды жүзеге асырудың 
нақты жолдарын меңзейді. Мұның бәрі ғалым ұсынған проблемалардың 
соңғы кездері қолданысқа енген сөйлесім әрекетінің бес түрі арқылы 
(оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым, тілдесім)
тілдік қатынасқа қол 
жеткізу проблемасымен өзектес екенін көрсетеді. Шынында да, бұдан 
ғалымның сол заманның өзінде-ақ қазақ тілін меңгеруде грамматикалық 
ұғымдарды түсіндірумен қатар, дұрыс оқу, оқығанның мазмұнын жеткізе 
білу, көргенін ауызша айта білу және жазу қабілетін жетілдіру сияқты 
практикалық дағдыларды қалыптастырудың маңыздылығын алдыңғы орынға 
қойғаны көрінеді. 
Әдіскер-ғалымның мұғалімдер мен ағарту саласы қызметкерлеріне жан-
жақты әдістемелік жол сілтеуі атақты «Жанғазыға хатында» да анық 
көрінеді. Сабақтың сәтті немесе сәтсіз өтуі мұғалім қолданған әдіс-тәсілдерге 
де байланысты екенін Қ.Жұбанов жақсы түсінген. Ғалым Ж.Жолаевқа жазған 
хатында: «
Оңай болу мен қиын болу кітаптан болмай, мұғалімнен де болып 
қалады
», – деп, бұл пікірін әрі қарай тереңдете түседі. Оқыту кілті – 
шеберлікте деген байлам жасайды. Ол: «
Неден бастадың? Неден үлгі алдың? 
Қалай аяқтадың? Қалай жаттықтырдың?
» деген сұрақтар қоя отырып, 
мұғалім қолданған әдістерге үлкен мән береді. Ұстаздың сабақ барысында 
кездестірген қиындықтарын соған сәйкес анықтамақ болады. Егер ұстаздың 
сабақ түсіндірудегі әдістері дұрыс болса, онда олқылықты оқулықтан іздеу 
керек дейді.
Ғалым-ұстаз ұсынған амал-тәсілдер мен әдістемелік ұғымдар қазіргі 
оқыту үрдісінде орын алған ұғымдармен үндес келеді. Мәселен,
-
қазіргі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет