Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


Жұбанов Ақырап Құдайбергенұлы



Pdf көрінісі
бет188/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

Жұбанов Ақырап Құдайбергенұлы
07.11.1927 жылы Ақтөбе 
қаласында туған. 2007 жылы 18 ақпанда дүниеден өтті. 
1949 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін 
бітірген. 1958 жылы В.И.Мухина атындағы ВХПУ-ді Ленинград қаласында 
оқып бітірген. 1959 жылдан Қазақстан суретшілер одағының және КСРО 
суретшілер одағының мүшесі, «Мәдениетке еңбегі сіңген қайраткер», 
«Қазақстан Республикасы Суретшілер академиясының академигі». 
Ақырап Құдайбергенұлы еңбек жолын Алматы қаласындағы №12 қазақ 
орта мектебінде сызу пәнінен сабақ беруден бастайды (1947-1948). Одан соң 
Cолтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы педагогикалық 
училищеде көркемөнер пәнінің оқытушысы (1949-1952). ҚазКСР Ғылым 
академиясы Тіл және әдебиет институтының өнертану секторында кіші 
ғылыми қызметкер (1958-1959), Қазақстан Суретшілер Одағында референт 
(1959-1960), Қазақстан КСР Жергілікті өнеркәсібі министрлігінде бас 
суретші (1960-1962), ҚазКСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы 
әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер (1962-1963), 
Алматы көркемөнер училищесінің директоры (1963-1982), Алматы 
қаласының бас суретшісі (1982-1984), Алматы көркемсурет училищесінің 
директоры (1984-1992).
Ақырап Жұбановтың тікелей ұйымдастыруымен Ақтөбе, Шымкент 
қалаларында көркем училищелері ашылады. Қазақстанда училище ғана емес, 
көркемөнер институтының ашылуын армандай жүріп, өз ұсыныс-тілектерін 
жоғары оқу орны министрлігіне, басқа да тиісті орындарға жеткізу 
нәтижесінде тұңғыш рет театр көркемөнер институты өмірге келеді. Ол ұлғая 
келіп, қазір Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиялық өнер 
академиясы аталып отыр. Ақырап Құдайбергенұлының негізгі еңбектері: 
«И.Е.Репин – орыстың ұлы суретшісі» (1955), «Телжанов шығармашылығы 
туралы» (1960), «К.Тыныбеков туралы естелік» (1983), «Алматы геология 
мұражайы қойылымдары мен безендіру жұмыстарының жобасы» (1968), 
«Жайлау туралы ән», «С.С.Мәмбеев шығармашылығы туралы» (1960). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет