Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


Бәрі де бүгінгідей сезіледі



Pdf көрінісі
бет230/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

О.Хаимулдин 
Бәрі де бүгінгідей сезіледі 
Бәрі де ойда, бәрі де бүгінгідей, бәрі де есте, бәрі де жанарымда, 
жаныма ұялаған, бәрі де өз белгісін, өз таңбасын, өз мөрін, өз шиырын 
жұдырықтай жүректе қалдырыпты. 
Сталиндік репрессия кезенінің мұңлы қасірет, зарлы күйігін 
тартқандардың өмірін толық айтып бере алмасақ та, өзіміз білген, көрген, өз 
ауыздарынан естігендерімізді кейінгі ұрпақтарға жеткізу парыз деп білемін. 
Сондай бір жағдай – естен шықпайтын Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың 
бейнесі. 
Әдемі пішіні, сүйкімді кескіні, биязы мінезі, майдай сөзі жұртты өзіне 
оңай табындырып, икемдей ұйытып жіберетін. Оның сөзді жанама күйінде 
бастап, тікелей жаныңды жани сөйлейтін тәсіліне қайран калатынбыз. Бір 
сөзіне бір сөзін қабыстыра үйлестіріп, тереңдете түйіндей шертетін 


438 
шешендігімен Құдайберген өзгелерді өзіне баурап алатын-ды. Оның аузынан 
тізіліп шыққан ана тіліміздің маржандарын «Еңбекші қазақ» (қазіргі 
«Социалистік Қазақстан») газетінің беттерінен 1933-35 жылдары жібермей 
оқып, қанығатынбыз. Өзін күнде көріп жүрсек те, тағы, тағы көре беруге 
ынтықтыратын аяулы ұстазымыз еді. 
Пешенімізге екі түрлі жағдай жазылыпты, мен он сегіз жыл көрмегенді 
көріп, 1956 жылы оралдым, ал қайран ұстазымыздан 1937 жыл көз жазып, 
содан қайтып көре алмадым. 
Қ. Жұбановпен әуелгі жүздесуім 1931 жылы болды. Осы жылы Абай 
атындағы педагогика институтына түскем. Бір ретте анау-мынау 
қағаздарымды реттеп, деканатқа кірейін дей бергенімде, алдымнан бір жылы 
жүзді аға кездесе кетті. Имене сәлем бергенімше өзі асты-үстіме түсіп, кім 
екенімді, қайдан, неге келгенімді сұрап, шаруамды тез-ақ бітіріп жіберді. 
Сөйтсем, бұл кісі Құдайберген Жұбанов екен. 
Біз, жастар, Құдекеңнің алдына барғанда еркін кіріп, көңілденіп 
шығатынбыз. Менің де алдымды кес-кестеген кедергілер қырқа асырмай, 
қысқа жіп күрмеуге келмей жүрген кезім болатын. Шешелерім бастаған 48 
жанды соңымнан шұбатып қайда бас сұғып паналауды білмей, шарадай 
басым шақшадай болып жүрген кезім. Сонау 1926 жыл мен 1930 жылға дейін 
медресе мен Семей педтехникумынан алған біліміммен жан бағып тоқтап 
қалғым тағы келмей, жастық жігер, оқуға деген ынта 21 жасымда Алматыға 
айдап келген. Бағын жанып, жолың болайын десе қиын емес екен, тағдыр 
мені осында Құдайберген ағамен кездестірді. Ол кісінің: «Білім – ырыс, 
бойыңа оны сіңіре алсаң, ойын – қыдыр, оны арнасымен тоқи алсаң, көкірек 
– алтын бесік, оны тербете алсаң, ұзын жолын қысқарып, қысқа қолын 
ұзарады» деген ақылын айтсаңызшы! 
1933 жылы жаз айы еді. Халық ағарту комиссариаты шақырды деген 
сон екпемді қолыма алып жүгіріп отырып қазіргі Ленин проспектісіндегі 12 
қабат үйдің орнында бұрын Т.Жүргенов салғызған екі қабат үйге келсем, 
алдымнан бір ағамыз – Әміржан Сытдықов шығып: 
–Бүгін сен бастық болатын болдың, қазір Темірбек Жүргеновке ертіп 
барам. Отыр алдыңдағы орындыққа. Сені Құдайберген ағаң мақтапты. 
Онымен қашаннан таныс ең, бұрыннан білуші ме ең?— деп жатыр. 
–Білемін. 1931 жылы танысып едім. Одан кейін сабақта да, көшеде 
кездессе де, ағамның өзі сөзге шақырып, үйір етуші еді. Сол ағаның 
арқасында бар ынтамды салып, жақсы оқып жүрмін, – дедім. 
–Міне, адам танығыш, тамаша педагог-ұстаз, ғұлама адам ол, орыс, 
парсы, араб, қырғыз, өзбек, татар, башқұрт т.т. тілдерді білетін ғалым. Оның 
білмейтін тілі, әдебиеті кемде-кем, – деп Әмір ағай да қосыла мақтай 
жөнелді. 
Шіркіндердің бір-біріне деген адал ықыласы, бір-біріне берер 
қалтқысыз бағасы жай сөздерінің арасында да аңқып, сезіліп, қуантатын еді. 
Сондай бір кездесулердің бірінде Құдайберген аға да: 
–Әміржан Сытдықов ағаңмен таныс па ең? – деп сұрады. 


439 
–Иә, – дедім мен. 
–Ендеше, ол кісіден қол үзбе. Әміржан ағаларың өте білгір ғалым, 
педагог. Ол – математик, физик, химик, биолог, ол – тілші, психолог, 
тарихшы, музыкант, ол – орыс, қазақ, түрік, араб, парсы, ағылшын тілдерін 
білетін ғұлама, бес аспап ғалым, – деп шұбыртып ала жөнелді. 
Нақ бір-бірімен келісіп алғандай, олардың әрқайсысына деген 
адамшылық сипаттамалары қайран қалдыратын-ды. 
Сөйтіп, Әмір ағай мені Темірбек Жүргеновтің алдына алып барды. 
Төмен қарай бұрқыраған қалың шашын жимай басын көтерген Жүргенов: 
–Ал, Әміржан аға, әміріңізді айтыңыз, орындайық. Мына жігітімізді 
Құдайберген Жұбанов табыс етіп, мақтауын жеткізген. Қолынан келері бар, 
адам болайын деп тұрған бала деген... –Әне өзі де келіп үлгерді 
Құдайбергеннің, – деді. 
–Өзім келсем, Темірбек, Әміржан, осы балаға жәрдем беріп, тәрбиелеп 
адам етіп шығарайық! Өзі де өзегін созып соған ұмтылып, тырбанып жүрген 
тіршілігі бар бала. Сүйеніші жоқ, соңынан ерген қырық сегіз жаны бар. 
Шұбатып асырап, шұбатып бағып жүр. Сөйте жүріп, оқып, әрі жұмыс істейді. 
Бізге иек артпағанда, кіміңе асылады. Сідет артайын деп тұрған бала емес, өз 
бетімен өлейін деп тұрған бала – деді. 
Сөйтіп ардақты үш ағаның көмегімен мен алты айлық кітапхана 
курсының бастығы етіп тағайындалдым. Халық ағарту ісінің сол кездегі үш 
діңгегі бірлесе шұғыл кірісіп, тынымсыз қолға алып тындырып жатқан тығыз 
жұмыстарына қарамай, бір мен емес, жұрттың қамын ертеңге қаратпай 
осылай шешу олардың күнделікті әдеті еді. 
Бұл Қазақстанның мәдени-ағарту ісін өркендету, кадрлар дайындау, 
қазақ тілі, әдебиеті, тарихын оқытатын мектептер, техникумдар, институттар 
т.б. ашу, қысқа мерзімді курстердің программалары мен оқу құралдарын 
жасау, қазақтың театрын құру жаппай қолға алынған кез. Олардың күнде 
бастары қосылатын орын – Халық ағарту комиссариатының комиссары 
Темірбек Жүргеновтің алды. Мұнда бұлармен бірге Санжар Асфендияров, 
Жұмат Шанин, Мұхтар Әуезов, Әбдірахман Қыдырбаев, Сәкен Сейфуллин, 
Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, 
Телжан Шонанов, Әлжанов, Телжанов, Ғ.Тоғжанов, Тұрмағамбет Ізтілеуов, 
Уақас Алманов, Сәрсен Аманжолов, Жұмақан Күдерин т.т. бас қосып, кеш 
тарап жататын. Әрқайсысы өз міндетіне жауапты қарап, жедел орындап, тез 
бітіріп, іске асыратын. 
Әр ай сайын «Еңбекші қазақ» газетінің беттерінен Қ.Жұбанов, 
С.Аманжоловтың қазақ тілі оқулықтарының тақырыпқа жіктелген, екшенді, 
ғылыми мазмұнды жүйелерін жасаған оқулықтарын, С.Сейфуллин жасаған 
әдебиет тарихын, Әміржан Сытдықов жасаған программаларды, М.Әуезовтің 
«Айман-Шолпанын», Бейімбет Майлиннің «Жалбырын» т.б. құныға да 
қызыға оқитынбыз. 
Бұл, 1932-1933 жылдар аралығындағы тым тығыз таяң шақ еді. 
М.Әуезов, Ә.Ермеков жаңа жарыққа шығып, Латиф Хамиди, Ахмет Жұбанов 


440 
пен Евгений Брусиловский консерватория бітіріп келіп, енді ғана жұмысқа 
орналасып жатқан мезгіл. Ол кездегі ең бір қиындық қазақтың халық музыка 
аспаптарының таптырмауы болды. Жамбыл бастаған ақындар айтысы 
домбырасыз басталып, Сауда көшесіндегі (қазіргі М.Горький көшесі) 
мешітте аякталған, Ахмет Жұбановтың мандолині көзіне түскен Құдекең: 
–Мына мандолиннің мойнын ұзарта салса, домбыра болып шықпай ма, 
Темірбек? Кейін халықтың бітеу ағаштан ойып жасайтын өз домбырасын 
жасатармыз. Қазіргі қажетімізді өтейтін қам ойластырайық. Артынып-
тартынып жатуды жағдай көтермейді, – деді. 
Құдайберген Қуанұлының бұл пікіріне бас изеген жұрт дұрыс айтады 
десіп, осылай етуді құп көріп жатты. 
Міне осы бір фактілердің өзі Құдайберген Қуанұлының қазақтың тіл 
білімі дамуының ғана емес, қазақтын мәдениеті дамуының да басында тұрып, 
қамқорлық жасаған жан-жақты адам екенін көрсетіп тұрған жоқ па! 
Бүгінгі, тоқсаны толықсып қайта туып, адамдық аты ақталып, 90 
жылдық тойы өткізілгелі отырған Құдайберген Қуанұлы Жұбановтай ғұлама 
ғалым, ірі қоғам қайраткері, көрнекті күрескер коммунистің есіміне бас 
иемін. 
Н.Дияров 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет