Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет92/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

негізгі сөздік қор
(основной 
словарный фонд) дегенімізді Құдекең «ядро» дейді де, біздің «сөздік құрам» 
(словарный состав) дегенімізді ол «инвертарь» дейді. Құдайбергеннің 
түсіндіруі бойынша сөздік құрам – құрылыс материалы болғанда, әрі біріне 
бірі қосылмай, цемент болып бірікпей, кірпіш болып құйылмай, құр үюлі 
жатқан құм, тас, топырақ емес. Бұл дайындалып, әзір тұрған керекті жерге 
қалай қоятын 
инвертарь
деуі өте орынды айтылған қорытынды» (23). Иә, 
әліпби, орфография, терминология мәселесін қалыпқа түсірмей, ешбір халық 
сауатты бола алмайтынын түсінген профессор өзінің күш-жігерін осы салаға 
да жұмсаған. Терминологияның даму арналары мен көздерін түгел көрсетіп, 
бұл проблемаға аса біліктілікпен барған. 
Ғалым «Қазақ тілінің грамматикасында» (1936) және алуан тақырыпта 
жазылған теориялық еңбектерінде қазақ тіл білімінің кейбір терминдерін 
түзіп, оларға талдау жасады. Лингвистикалық терминдердің жасалу 
жолдарын, сөздің лингвистикалық және терминдік ұғымдары болатынын 
дәлелдей отырып, қазақ тіл білімінде тұңғыш рет терминологияны салиқалы 
ғылым деңгейіне көтерді.
Проф. Қ.Жұбанов тілімізде бұрыннан бар кейбір терминдерге жаңа мән 
берді. Мысалы, қазіргі қазақ грамматикасындағы 
хабар сазды сөйлем
(қазіргіше – 
хабарлы сөйлем
) терминін де алғаш енгізген Қ.Жұбанов 
болатын. Бұл термин о баста 
аңызды сөйлем
түрінде қолданылған. 
Аңыз
деген сирек қолданылатын сөз болғандықтан, 
аңызды сөйлем
деп аталып 
жүрген түрді 
хабар сазды сөйлем
терминімен ауыстырғандағы басты мақсат 
ғалым «оңайына, ұғымдысына қашқандық» деп көрсетеді. Шындығында, бір 
нәрсенің болғаны жайлы хабарлайтын немесе баяндайтын сөйлем түрінің 
«
аңыз
» сөзімен қабыспайтыны көрініп-ақ тұр. Оның үстіне 
аңыз
сөзінің 
мағынасы жұрттың көбіне анық емес. Осы орайда ғалым термин жасаудың 
бір ерекшелігі ретінде термин арнаудың мағынасы тек бір категорияны 
екінші категориядан айыру ғана емес, нендей категория екенін де өзі айтып 


162 
тұратын қылу, категорияны түсінуге де атсалысу деген байлам жасайды (78, 
190-198). Бұл терминді 1936 жылы жарық көрген оқулығында Қ.Жұбанов бұл 
терминді 
хабар сазды сөйлем
түрінде алады. Осы қолданыс негізінде қазақ 
грамматикасында 
хабарлы сөйлем
термині қалыптасты. 
Ғалымның әрбір терминді пайдалану барысындағы терең теориялық 
білімділігіне, жоғары сезімпаздығына таңданасың. Ол бүгінде түрлі 
оқулықтар мен оқу құралдарында 
тұйық етістік, тұйық рай, қимыл есімі
атауларымен беріліп жүрген, әлі күнге өзіндік дербес терминологияға ие бола 
алмай келе жатқан етістіктің түрін 
тұйықша 
терминімен белгілейді
. Есімше, 
көсемше, қосымша, сызықша
терминдерінің үлгісімен жасалған 
тұйықша
термині тұйық етістіктің барлық қасиеті мен болмысын өте дәл ашып 
көрсетіп 
тұр. 
Кезінде 
орыс 
тілі 
грамматикасының 
үлгісімен 
(«неопределенное наклонение») алынған 
тұйық рай, тұйық етістік
терминдерінен, өкінішке орай, қазақ грамматикасы әлі арыла алмай келе 
жатыр. 
Ғалымның қазақ тілінің синтаксисі саласында да қолдануға ұсынған 
бірнеше термин сөздері бар. Ол құрмалас сөйлемді «күрделі сөйлем» 
терминімен белгілейді. Синтаксис жүйесін зерттеуде Қ.Жұбанов 
дыбыс сазы
терминін қолданады. Біз бұл қолданысты қазіргі 
интонация
терминінің 
баламасы деп түсінеміз. 
Алайда, ғалым қолданған 
саз
сөзі сөйлемнің семантикасын, 
функциясын, құрылымын ажырататын терминнің орнына алынып тұр. Демек, 
ғалым қолданған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет