«Қазақстан-2050»
Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
аттыҚазақстан халқына
Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап
әліпбиімізді латын қарпіне,
латын
әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті
мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз.
Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және
бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет
тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады»,
– деп, бұл мәселеге мемлекеттік деңгейде нүкте қойып берді.
Атаулардың астары
(Қ.Жұбановтың ономастика саласындағы еңбектері жайлы)
Профессор Қ.Жұбанов ономастика немесе жалқы есімдер мәселесімен
арнайы айналыспағанымен, ол қандай да бір ғылыми ой-тұжырымын
дәлелдеу барысында жалқы есімдерге, әсіресе, антропонимдік атауларға көп
көңіл бөлген. Ғалымның жалқы есімдер туралы пайымдаулары
зерттеулерінде тілдің басқа да мәселелерімен «қабаттасып, өріліп жатыр»
деуге болады.
Кісі аттарының семантикасы туралы айтылған соны ойлары
Қ.Жұбановтың жалпы лексикология, әсіресе семасиология аясындағы қазіргі
лингвистикалық озық теориялармен ұштасып, өзектесіп жатады. Тіпті,
ғалымның кейбір есім-атаулар семантикасы жайындағы топшылаулары
мейлінше тың, ғылымға берері мол, өрелі де өрісті пікірлер деп білеміз.
Проф. Қ.Жұбановтың қазақ антропонимдер жүйесін де этномәдени
негізде түсіндіруі ұлттық болмыстың этнотаңбалық жүйесін толықтырып,
анықтай түседі
(Күнсұлу, Айсұлу, Таңжарық, Ұлболсын, Жанбол, Кенжеқара,
Аманжол, Аманқос, Қарабай).
Мысалы,
Кенжеқара
деген антропонимнің
құрамындағы
қара
компоненті тура мағынасындағы түстің атауы емес,
«арқа», «сүйеу», «қолдаушы» деген танымдық мағынада қолданылатынын
қара жию, қарасын көбейту, ер қара
т.с.с. тіркестермен байланыстырып,
салыстырып түсіндіреді. Бұл пікір түркітанудағы (А.Н.Кононов), қазіргі
қазақ тіл біліміндегі (Т.Жанұзақ, Ш.Жарқынбекова, Н.Айтова т.б.)
зерттеулеріндегі түр-түс атауларының когнитивтік семантикаға сүйенген
185
танымдық негіздерімен сабақтасады. «Мол», «күшті», «терең», «үлкен»
сияқты мағыналармен тұтасқан
Қарасу, Қаратау, Байқара, Жанғара
т.б.
атауларды да осы топта қарауға болады деп ойлаймыз. Ал
Кенжебай,
Кенжеқара
есімдерінің бірінші компоненттеріндегі
кенже
сөзінің мағынасы
«үйдегі ең кіші бала» екені белгілі. Бірақ оның екінші компонентіндегі
қара
сөзінің мағынасы сын есімге тән «қара түсті» білдіргенімен, анық кісі есімі
құрамындағы мағынасын ғалым «тірек», «демеу» «жақтас» деп таниды да,
оны
қара жию
(жақтастарды көбейту),
біреудің қарасын көбейту
тіркестерімен салыстырады. Ал
Еділбай
«Еділ өзенінің бай болсын» деген
мағынада емес, «Еділ өзенінің бойында туған» дегенді аңғарту үшін
қойылған есім», – деп дәлелдейді. Ғалым
Бетпақдала
атауының
құрамындары
бетпақ –
жалқы есім емес, «бақытсыз» деген мәндегі сын есім
(иранша
бад, бахт)
деп түсіндіреді. Сондай-ақ ғалымның
ұлы, қызы, ру,
ұрғашы, ер
(арлан) сөздерін түркі және басқа тілдермен (грузин, қытай)
салғастыра зерттеуі – қазақ лингвистикасы саласындағы тың пайымдаулар.
Қ.Жұбанов жалқы атаулардың генезисі, атап айтқанда, руға, тайпаға
қатысты этнонимдік сипаттағы
арғын Жәнібек, қара қыпшақ Қобыланды
т.б.
сияқты архетиптік модельдердің этномәдени жүйе негізінде құрылғандығын
аңғартады.
Ғалым Т.Жанұзақов қазақ антропонимдерін олардың даму тарихына
және ерекшеліктеріне сәйкес: адамдардың айға, күнге, хайуанаттарға, отқа,
суға т.б. табиғат құбылыстарына табыну дәстүріне асыл металл, қымбат
тастар мен дәулет, байлықты дәріптеуді, көк тәңіріне, көп құдайға, әртүрлі
иелі-киелі күштерге, мифологиялық құбыжықтарға бас ие, араб, парсы,
монғол тілдерінен енген діни, әскери, мәдени ұғымдарды қастерлеу салтына
т.б. қарай – төрт дәуірге бөліп қарайды. Бірінші дәуір – көне түркі заманы,
яғни V-VІІІ ғғ. (Айжарық, Күнсұлу, Қаршыға), екінші дәуір – орта ғасыр
(Айнабек, Жоламан т. б.), үшінші дәуір – жаңа заман (ХVІІ-ХІХ ғғ.), төртінші
дәуір – Қазан төңкерісінен кейінгі уақытта пайда болған кісі аттары (82, 25).
Демек, біз сөз етіп отырған кісі есімдері де көне түркі заманында, яғни V-VІІІ
ғасырларда қалыптасып, сол кезеңнің синтаксистік заңдылықтарына сай
құрамдалған.
Қ.Жұбанов зерттеулерінде кісі аттарына байланысты деректерді
этнолингвистикалық әдісті қолдана отырып жүргізеді. Мәселен, қазақ
халқының ұзына бойы тарихында адам есімдерінің алуан түрлі үлгісі
жасақталып, ұлт болмысын айғақтайтын төл есімдер жүйесі қалыптасқан.
Дүниеге келген сәбиге ат қоюдың қазақ ұлтына ғана тән, сүтпен кіріп,
сүйекке сіңген төлтума дәстүрі орныққан. Бұл ретте, қазақ антропонимикасы
қазақ ұлтының қайталанбас қасиеттерін, дәстүрлі дүниетанымын, арман-
аңсарын (идеалын), тарихи кезеңдердегі саяси-әлеуметтік ахуалын,
экожүйемен қойындасқан өмір-салтын, ең арғысы, қоршаған орта мен жан-
жануарлар дүниесіне дейін айғақтай алатын аса мәнді тарихи дерек көзі
болып табылады. Қазақ ұғымында жаңа туған нәрестені
тіл-көзден
сақтау
үшін оған неше түрлі жағымсыз есімдер қою салты болғандығы ежелден
186
белгілі. Мәселен,
Қазанғап, Итбай, Ұлтарақ, Жаманбай
деген есімдер кейде
тотемдік мәнде, енді бірде пәленің алдын алу мақсатында қойыла берген.
Ертедегі қазақ салтында балаға ат қою кезінде әр түрлі ырымдарға, әдет-
ғұрып, жоралғыларға сену үрдісі күшті болған. Ономасиолог ғалым
Т.Жанұзақов жоғарыда келтірілген жағымсыз есімдердің шығу тарихын
этнолингвистикалық себептермен байланыстырады. Ол Қ.Жұбановтың
есімдер синтаксисі жайындағы бірсыпыра пікірлеріне тоқтала келіп,
Елубай,
Жетпісбай, Сексенбай, Тоқсанбай
есімдерін «бала сексен рет, не тоқсан
мәрте бай болсын» дегеннен емес, ол туғанда ата-ананың сол жасқа
келгендігін көрсетеді деген тұжырым айтады. Екі сөзден біріккен кісі атының
бірінші, не екінші компоненті
бай
сөзі болып келетін кісі аттары тіліміздегі
есімдер тобында өте көп. Олардың бірсыпырасы, яғни
Жылқыбай, Түйебай,
Баймырза, Байбол
тәрізділері шынымен де
байлық
,
дәулетпен
байланысты
болып келсе,
Итбай, Қасқырбай, Бөрібай
секілді бір топ есімдердің
құрамындағы «бай» сөзінің «байлық», «несібеге» еш қатысы жоқ. Осы
антропонимдерге Қ.Жұбанов ерекше назар аударып, мәселенің мән-жайын
ашып береді. «
Қасқырға, итке бай кісі болмайды. Қазақтың негізгі байлығы
– мал. Сондықтан,
Достарыңызбен бөлісу: |