Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет128/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

ым
да, 
дыбыс әнi
де 
/
интонация
да/ жоқ. Сондықтан, әсipесе, жазылатын сөздiң қалай құpалу 
тетiгiн бiлу қажет
». Сөзді қабылдау кезіндегі тағы бір ерекше жағдай – бір 
семантикалық топтың аясындағы жекелеген сөздердің бірнеше мағынада 
қолданылу ықтималдығы. Мәселен, тілші-ғалым 
одағайға
қатысты 
зерттеуінде мынадай мысал келтіреді: «...
бір нәрсені «
жақсы істеген 
екенсің
» десек те, «
жаман істеген екенсің
» десек те «
бәрекелде
!»– деуге 
болады. Оның қай мағынада айтылғандығын сөйлемдегі тұрған орнына 
қарап және дауыс ырғағына қарап айырамыз. Өйткені 
одағай
 жіктелмеген, 
дифференцияланбаған сөз табы... Ал «
жүзің айдай болсын
– бірде алғыс, 
бірде қарғыс
». 
Ғалым: «
Рас, кейде сөйлеуші өзіне хабардың қалай әсер ететінін 
тыңдаушыға білдірмей, жасыруы не теріс білдіруі де, қуанбай тұрып, 
қуанған адамша сөйлеуі, күлкісі келіп тұрып, жылап сөйлеуі не жылағысы 
келіп тұрып-ақ күліп сөйлеуі мүмкін т.т.
» деген пікірді «сөздің әні, дауыс 
сазымен» байланыстырып айтқан. Біздіңше, ғалымның бұл тұжырымы қазіргі 
тіл 
біліміндегі 
«прагмалингвистика»
саласының 
теориялық 
концепцияларының бастауы деуге толық негіз бар. 
Профессор Қ.Жұбановтың лепті сөйлемнің өзі бірде қуану мағынасын 
білдірсе, бірде мұңаю мағынасын білдірсе, «сұрау форманың өзі де тек сұрау 
мағыналы бола бермейді» деген пікірі біздің жоғарыдағы ойымызды 
нақтылай түседі. 
«Қ.Жұбановтың ғылыми зерттеулерінің даму, өрістеу логикасы мен 
нәтижелері, ол қарастырған проблемалар шешімдерінің, психологиялық 
танымдарының жалпы ғылыми тұжырымдарының біртұтас көрініс ретінде 
дүниеге келуінің өз жүйесі, өзіндік концепциясы бар», – дей келе, 
жұбановтанушы 
Ж.Сұлтан 
ғалымның 
жалпы 
лингвистикалық 
концепциясынан шартты түрде төмендегідей психологиялық идеяларды 
бөліп көрсетеді: 
-
Қ.Жұбановтың пікірінше, кез келген тілдік ойлаудың тарихи-
әлеуметтік, таным-білімдік, мәдени, климаттық-географиялық, символдық-
белгілік ерекшелігі болады. Бұл Қ.Жұбановтың «К постановке исследования 
истории фонетики казахского языка» атты еңбегінде айқын көрінеді;


206 
-
автор тілдік қабылдаудың психологиялық мүмкіншіліктерін 
реттілік жүйесі бойынша қарастырады. Бұл тұста Н.Я.Маррдың, профессор 
Н.И.Ашмариннің, 
сондай-ақ 
А.А.Потебняның 
дәстүрлері 
негізінде 
қалыптасқан Қ.Жұбановтың психолингвистикалық идеялары қазіргі ғылыми 
танымға толығымен сай келеді; 
-
ғалымның тілдік зерттеулерінің әр тұсынан психологиялық, 
психолингвистикалық әдіс-тәсілдерді ретімен қолданғандығын анық көруге 
болады. Мұндағы Қ.Жұбанов көздеген басты мақсат – қазақ тілінің даму 
заңдылығын 
зерттеу 
барысында 
индивидуалдық 
және 
қоғамдық 
психологияның принциптерін ескеріп, басшылыққа алу болатын (90, 121-
122). 
Қ.Жұбановтың жоғарыда келтірілген идеяларын бүгінгі таңдағы 
психолингвистиканың тірек тұжырымдары тұрғысынан кешенді түрде 
бағамдау қажеттігі дау туғызбайды.
Профессор Қ.Жұбанов тіл қызметтеріне талдау жасай отырып, тілдік 
қатынасқа байланысты бүгінгі күнде қолға алынып отырған зерттеулердің 
міндеттерін көрсете білгендігін ғалым-ұстаздың: «... пікір алысу – қоғам үшін 
ең тұрақты, ең қажетті нәрсе. ... тіл қатынас құралы болумен бірге қоғам 
күресінің де және қоғам дамуының да құралы болады» деген тұжырымынан 
айқын аңғарамыз (93). Сонымен қатар Қ.Жұбанов тілдің негізгі қызметі хабар 
беру екендігін айта отырып, 
коммуникация
терминіне: «
Тілдің бұдан басқа 
тағы бір негізгі қызметі – хабар беру. Оның бұл өзгешелігін коммуникация 
дейміз. Оның мағынасы орысша – общение, қазақша – қауымдасу, хабарласу 
дегенді білдіреді
», – деп анықтама береді.
Проф. Қ.Жұбанов коммуникацияның дұрыс жүзеге асуы үшін 
сөйлеушінің тілдік бірліктерді дұрыс таңдап қолдана білуі, сондай-ақ 
тыңдаушының айтылған хабарды дұрыс ұғынып, түсінуі қажет екенін 
айтады: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет