Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет161/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

23-
жылдан бастап халық ағарту бөлімінде уездерде – бір-бірден, «құдай 
оңдағанда» екі-екіден инспекторлар қалды. Бұлар мектеп аралауға да, кеңес 


257 
жұмысын басқаруға да жеткіліксіз болып, жұмыс көңілдегідей бола 
алмады
». Бұл – үшінші себебі. Публицистің мұғалімдердің зер салуын, 
губаткомның жәрдем етуін тілейтін маңызды мәселелер жөніндегі ой-
толғамдарының кезеңдік мәні зор болғанына, мұнда көтерілген кейбір 
мәселелердің уақыт өте келе зәрулігін жоймағанына көз жеткіземіз. 
Публицистің халық ағарту мәселесін көтерген материалдары жанрлық 
жағынан да алуан түрлілігімен танылды. Кезінде «Еңбекші қазақта» 
жарияланған «Түпсіз астау, құдай және Ақтөбенің ілім-мәдениет орындары» 
деген фельетонын оқырмандар жылы қабылдады (119). Мұнда Ақтөбедегі 
ағарту мекемелерінің жұмысы ақсап жатқаны сыналған. Оның «Еңбекші 
қазақтағы» өнімді шығармашылығы газеттің мазмұнының жақсарып, ықпал-
беделі өсе түскен кезеңмен тұспа-тұс келді. Бұл кезде газет әдеттегі 
оқырмандарына сыртқы хабарларды үйіп тастау дағдысынан арылып, 
шаруашылық мәселелеріне, ел жайына, халық ағартудың жай-күйіне мән 
бере бастаған. Ен далада еңіреп жатқан қазақ кедейлерінің жоғын жоқтап, 
солармен 
байланысын 
нығайтуға, 
сырласуға, 
оларға 
қамқорлық, 
жолбасшылық көрсетуге ойысты. Осыған орай, ел хабаршыларының, 
тілшілердің тұрақты тобы қалыптасты. Құдайберген Жұбанов солардың бірі 
болатын. Газетті алдырушылардың саны 8 мыңға жетті. Саяси-әлеуметтік, 
күрделі де келелі мәселелерді жазуға кірісті. Халықтың оған деген ынта-
ықыласы арта түсті. Газет басқа мәселелермен қатар сауат ашуды қатаң күн 
тәртібіне қойды. Сауатсыздықты жою ісінің нашар жүргізіліп жатқанын 
үнемі ескертіп отырды. Кейбіреулер жақтаған «үлкендерді оқытқанмен түк 
шықпайды» деген кертартпа пікірлерге соққы берді. Ересектер мектебін 
көптеп ашуға, оларды үймен, отын-су, жарықпен қамтамасыз етуге шақырды. 
Мектепке кіре алмаған ересектерді оқыту үшін курстар ашуды, оларды 
бітіргендерге қарайып қалмауы үшін газет-журналдар оқытуды ұсынды. 
Сауатсыздықтың мешеулік екенін дәлелдейтін материалдарға көбірек орын 
берді. Өнер-білімнің мәнін ашатын жарияланымдар молынан ұшыраса 
бастады. Міне, осы игі науқанның белсенді қатысушыларының бірі ретінде 
газеттегі жарияланымдары арқылы ғалым-публицист жұртшылыққа 
танылды.
Жоғарыда аталған мақалаларға талдау жасай келе, Қ.Жұбановтың 
халық ағарту тақырыбына жазылған публицистикалық жарияланымдарының 
бірнеше өзіндік ерекшеліктерін танимыз.
Біріншіден, қандай проблеманы көтерсе де қалың көпшілікке неғұрлым 
түсінікті, ұғынықты тілмен баяндауға тырысады. Бұдан кейін, оның 
оқырмандары жарияланымын асыға күткен публицист ретінде танылғанына 
еш таңдануға болмайды. 
Екіншіден, сол кезеңнің халық ағарту саласындағы өзекті мәселелерін 
кеңінен қамтиды. Публицист көтерген өзекті мәселелер ретінде 
дистанциялық оқыту, кеңселерді қазақтандыру, халықтың сауатын ашудың 
нақты шаруалары, қазақ мұғалімдерінің беделі, халық ағартуға бөлінетін 
бюджеттің 
«жарлылығы» 
(публицист 
қолданған 
сөз), 
мектеп 


258 
инспекторларының қам-қаракеті, губерниялық деңгейдегі мектепті көбейтуге 
оқытушылардың жетіспеуі, көпшілік жұмыскер мен қара шаруаның оқудан 
қағажу қалғаны, жаңа (латын) алфавитіне көшудің проблемалары және 
басқаларын атау керек.
Үшіншіден, әрбір тұжырым барынша егжей-тегжейлі дәлелденеді. 
Дәлелдеудің себептері мұқият келтіріледі. Тек анықталған, көзбен көрген, 
жақсы білетін фактілерін ғана тізбелейді.
Төртіншіден, халық ағарту тақырыбына арналған жарияланымдар 
жанрлық жағынан кең ауқымды келеді. «Округтік жаңа әліппе комитетінде» 
толыққанды заметка жанрында жазылса, «Оқу жайындағы мұңды осы бастан 
айту керек» жарияланымы – проблемалық мақаланың айқын үлгісі. «Еңбек 
мектебінің он жылы» есеп жанрында жазылған. Ал «Мұғалімдер, зер сал, 
губатком, жәрдем ет» мақаласы зерттеу сипатындағы жарияланымға жатады. 
Аталмыш жарияланымда ұлттық мектептің қадау-қадау мәселелері бүге-
шігесіне дейін талданған. «Түпсіз астау, құдай және Ақтөбенің ілім-мәдениет 
орындары» фельетоны осы жанрдың талаптарына толық жауап береді. Өзекті 
тақырыпқа қалам тербеген тұстарында жанрлық ізденіске де мән бергенін 
аңғаруға 
болады. 
Істің 
барысынан 
хабардар 
ететін 
ақпаратты 
жарияланымдардан бастап, байсалды, назар аударарлық пікір ұсынған 
мақалаларды да кездестіреміз. Тіпті фельетон жанрына да ден қойып, 
маңызды мәселені сатираның объектісіне айналдыруы да публицистің 
диапазонының кең екенін аңғартады. 
Бесіншіден, халық ағарту тақырыбына жазылған публицистикалық 
туындыларынан ғылыми публицистикаға бет бұра бастағаны сезіледі. 
Мәселенің қойылысы, бұған қатысты жағдайларды тереңнен қарастыруы,
ғылыми біліктілігі аңғарылатын тұстардың көзге шалынатыны публицистің 
ғылыми пайымдауларға бейімін байқатады. Мақалаларының ғылыми жүгі 
басым тұстары осы бағыттағы алғышарттарға негіз болғандай.
20-30-жылдарда 
Құдайберген 
Жұбановтың 
публицистикалық 
қызметінің аясы кеңіді. «Кедей» газетін былай қойғанда «Еңбекшіл қазақ» 
(кейін «Еңбекші қазақ») газетіне де белсене атсалысты. «Тілші» газетінде де 
мақаласы жарияланды. Мерзімді басылымдарда қызмет істемесе де, 
мақалалары үздіксіз жарияланып тұрды. 
«Еңбекші қазақ» газеті көтерген сол кездегі толғақты мәселелердің бірі 
– «қалың малды» жоюға бағытталған күрес болатын. Өйткені, қоғамдық-
әлеуметтік мәні зор мәселе дұрыс шешімін таппайынша, ілгері басудың 
мүмкін еместігі айқын еді. Газет бетінде қалың малға тыйым салынғаны, 
қалың мал бергендер заң жүзінде жазаланатыны басты тақырыптардың біріне 
айналды. Әйел теңдігі жолындағы күреске газет бас болып араласып, белсене 
атсалысты, қыруар іс тындырды. Қазақ әйелдерінің теңдік алғандығы заң 
жүзінде жарияланса да, әр жерде кездесіп қалатын сан алуан ауытқуларды, 
ескілік сарқыншақтарын газет үнемі сынап отырды. Әйелдер шын теңдік 
алуы үшін оқуы керек, сауатын ашуы керек деген ұран тастады. 


259 
Мұндай нағыз көкейкесті де маңызды мәселені дер кезінде көтерген 
мақалалардың бірі – публицистің аталмыш басылымдағы «Әйел теңдігі 
туралы» жарияланымы (120). Автордың бұл мақаласында көтерген негізгі 
мәселесі – әйел-ананың басына азаттық, теңдік беру. Қазақ өміріндегі 
әйелдердің теңдікке ұмтылуын автор құптарлық қадам деп бағалайды. Әйел 
теңдігі мәселесіне үлкен әлеуметтік, ғылыми-философиялық тұрғыдан 
қараудың қажеттігін алға тартады. Көлемі шағын мақалада былай делінеді: 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет