Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


Ұстаз-ғалымның ұшқыр тағылымы



Pdf көрінісі
бет166/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

Ұстаз-ғалымның ұшқыр тағылымы 
(Қ.Жұбановтың ағартушылық қызметі мен 
 педагогикалық мұрасы жайында) 
Профессор Қ.Жұбанов – еліміздің тұңғыш білім ордасы Қазақтың 
педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасының тұңғыш меңгерушісі 
бола отырып, қазақ тілінің жеке-дара ілім болып алғаш оқытылып, зерттеліп, 
танылып, қалыптасуына да өз үлесін қосқан ірі тұлға, көрнекті тілші-ғалым, 
ұлағатты ұстаз, тәжірибелі әдіскер. Әдіскер-ғалым қазақ тілін жеке ғылым 
саласы ретінде оқу жүйесіне ұсына келіп, оны дамытудың, жетілдірудің 
жолдары мен бағыттарын белгіледі.
Қ.Жұбановтың ғылымдағы зерттеулері, ғылыми еңбектерінің бастау 
көзі 1929-1930 жылдардан, яғни ҚазПИ-дің шаңырағына ғылыми қызметкер 
болудан бастала келіп, осы қабырғада ұстаздық, ғылыми, қайраткерлік, 
ағартушылық, педагогтық, қоғамдық қызметтерді қатар алып жүруімен 
ұласады. 
Қ.Жұбанов 1932-1937 жылдар аралығында Қазақ КСР Халық ағарту 
комиссариатының Ғылым және оқу-методика советінің председателі, оқу 
программасы және методика бөлімінің меңгерушісі бола жүріп, оқу 


269 
программаларын жетілдіру, оқулықтардың сапасын арттыру барысында да 
көп іс тындырды. 
Проф. Қ.Жұбанов оқулық-бағдарламаларды өзі ғана жазып қоймай, 
басқаларға 
жаздыруды 
ұйымдастырып, 
оларға 
ақыл-кеңес 
беріп, 
мұғалімдердің білімін жетілдіру курстарына, семинарларына сабақ беріп, көп 
еңбек еткен. Бұл жөнінде республикамыздың оқу-ағарту майданында қыруар 
еңбек сіңірген педагог-ғалым Әміржан Сытдықов былай деп жазады: 
«Партияның мектеп туралы, оқу программалары мен оқулықтар туралы сол 
бірінші бесжылдықтарда қабылданған шешімдері мектептерде қазақ пен 
орыс тілін оқытудың социалистік тәрбиелік және білімдік маңызын 
бұрынғыдан да арттыра түсті. Осылармен қатар ғылым негіздерінің 
барлығынан тұңғыш рет аударма оқулықтарын бастырып шығару қажет 
болды. Оқу халық комиссариатына тапсырылған бұл сияқты кезек 
күттірмейтін толып жатқан шараларды жүзеге асыруда Қ.Жұбанов аса зор 
роль атқарды» (128). 
Құдайберген Жұбанов әдістеме саласындағы «Қазақ тілінің програмы» 
еңбегі 1936 жылы жеке кітапша болып басылды. Жоба ретіндегі ұсынылған 
бұл бағдарламалар V, VI, VII сыныптарға арналып жасалған. V сыныпқа 
арналған бағдарлама грамматика, емле, тыныс белгілерін, түбірлердің 
тарихын және есімдерді оқытуға бағытталған. Оқылатын тақырыптардың 
ауқымдылығына қарап, қанша сағатта өтілетіндігі көрсетілген. VI сыныпта 
игеруге етістік, есімдік, шылаулар, одағайлар ұсынылған. VII сыныптың 
бағдарламасы «Синтаксисті» қамтыған. Аталмыш бағдарламалар кейінгі 
оқулықтарға жол сілтегендігімен құнды. Бағдарламаларды жасау кезінде де 
Қ.Жұбанов халық ағарту ісіне толайым берілген педагог ретінде де көрінеді. 
Өйткені ғалым мұғалімдермен байланысын үзбейтін, олармен хат-хабар 
алысып, жолығыса қалса, тереңінен пікірлесіп отырған. 
Проф. Қ.Жұбановтың ағартушылық қызметіндегі бір қасиеті – ол тек 
оқыту ісімен ғана болып қоймай, сол оқытуды жетілдіру, жақсарту, нұсқау 
жағына да баса көңіл аударады. Бұған уездік, губерниялық, республикалық 
оқу бөлімдеріндегі инспекторлық міндеті ғана емес, оның ауылдық 
мұғалімдерге ауызша да, хат арқылы да кеңес-консультациялар беруі, кейін 
тіпті «Әдіс бірлестіктері мен әдіс үйірмелерінде оқу жылының II жартысында 
талқыланатын әдіс-программа мәселелері» деген сияқты нақтылы жол-жоба 
жазуы куә. Қ.Жұбановтың замандасы, бұрын мұғалім болған Опа Алпанов 
былай деп жазады: «...Мен мұғалімдік қызметке ауыстым, ал Құдайберген 
Ақтөбедегі губерниялық оқу-ағарту жұмысына шақырылды. Әрине, бұл 
кездерде оның уақыты өте аз болатын... Сөйте тұрса да, ол ауыл 
мұғалімдерінің ақылшысы, қамқоршысы болды. Анда-санда елден барған 
біздермен сағына көрісіп, ауылдағы оқу-ағарту жұмысын көп сұрап, ақыл-
кеңес айтатын. Тіпті кейбір сұрақтарымызға хат арқылы да консультация 
беріп отыратын еді» (108). 
Құдайберген Қуанұлы қазақ тілінің ғылыми әдістемесін жасау жолында 
көптеген зерттеулер қалдырды. Ол әдістемені ғылым деп қарады да, оны 


270 
лингвистика, педагогика, психология және т.б. ғылым салаларымен 
байланыстыра зерттеді. Онымен бірге жұмыс істеген В.Решетняктың өз 
естелігінде Қ.Жұбановтың «...педагогиканы, психологияны... сол кездегі 
беделді ғалымдар еңбегінен оқып үйренді» (129) деп жазуында да үлкен сыр 
бар. Павлов пен Бехтеревтің, басқа да психологтардың еңбегін ықыласпен 
оқығаны белгілі. Бұл жайында қарт педагог Жанғазы Жолаев мынадай 
қызықты жәйттен хабардар етеді: «Бірде Құдайберген, сен осы психология 
жайындағы кітаптарды көп оқисың, оның не керегі бар?» – деп сұрадым. Ол 
маған жымиған қалпы жауап берді: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет