Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


«Құдай берсе, құлай береді»



Pdf көрінісі
бет178/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

«Құдай берсе, құлай береді»
3
 
(Қ.Жұбановтың драматургтік, ақындық, суретшілік өнері жайында) 
«Қазақта «біртуар» деген сөз бар, ал ғылым тілінде өте сирек кездесетін 
құбылысты немесе аса көрнекті, елден ерекше туған адамды феномен дейді. 
Қазақтың «біртуары» – сол феномен! Құдайберген Жұбанов өзінің табиғат 
берген бітімімен, білім-парасатымен елден ерек тұрған біртуар жан болған. 
Ең алдымен оның үлкен талант иесі болғанын айту керек. Жақсы ғалым болу 
үшін де тынымсыз еңбекпен қоса, табиғи қабілет те қажет-ау, 
Құдайбергеннің бар-жоғы екі-үш жыл орыс кластарында тиіп қашып оқып, 
ғылыми еңбектерін таза орыс тілінде жазатын дәрежеде болуы, небары екі-
үш жыл Ленинградта оқып, неміс, моңғол, грузин, чуваш, коми тілдерін 
едәуір меңгеріп алуы, ұзын-ырғасы екі жылдай медреседе оқып, араб, парсы, 
шағатай, түрік, татар, башқұрт тілдерін игеріп кетуі, тіпті жапон тілін үйрене 
бастауы осы қабілеттің күші болар.
...Біртуар Құдайбергенге құдай берген қасиеттің және бірі – оның өнер 
иесі де болғандығы: ол өлең, әңгіме, пьесалар жазған, режиссерлік етіп, 1926 
жылы Ақтөбеде Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебегін» қойған. «Құдай берсе, 
құлай береді» дегендей, табиғат оған суреткерлік өнерін де, ою-өрнекке 
шеберлікті де беріпті... Демек, Құдекең сияқты алдымызда өткен алыптар 
бүгінгі және келешек ұрпақтарға қалдырған мұраларымен және халқына 
еткен зор еңбегімен ғана емес, жеке бастарының адамдық қасиеттерімен де 
үлгі-идеал екендігін баса айтамыз», – деп ой толғайды академик Р.Сыздық 
(4). 
Академик Рабиға Сыздықованың ғалым туралы жазғандарын әрі қарай 
парақтай отырып, мына пікіріне ден қоймасқа хақымыз жоқ: «Қ.Жұбановтың 
ақындық, журналистік қабілеті болғандығын, математика, физика, химиядан 
орта мектептерде сабақ бергендігін, психология, логика, философия, 
физиологияны тесіле зерттегенін, араб, парсы, неміс, ағылшын, француз, 
3
Академик Р.Сыздықтың «Ғалым-азамат» (2004) және К.Кенжебаев пен Ә.Оралбайдың«Құдайберген 
Жұбанов» атты (2000) еңбектері негізінде дайындағын – филол.ғ.к., доцент С.Құлманов. 


290 
көне түркі тілдерін жақсы меңгергенін, әжептәуір суретші болғандығын, 
театр, музыка жайларын жақсы түсініп, талдағанын еске алсақ, оны нағыз 
«сегіз қырлы, бір сырлы» асқан білімдар ғалым деп мақтаныш ете аламыз» 
(4). 
Белгілі ғалым Төлеутай Ақшолақов «Ірі педагог, методист ғалым» деген 
Құдайберген Жұбановқа арналған мақаласында ол туралы былайша 
толғанады: «...бес аспап дарын иелерінің бірі – профессор Қ.Жұбанов. Тіл 
ғылымының білімдары, түркі төркіндес халықтардың ғана емес, Европа мен 
Азияның басқа халықтарының тілдерін бойына дарытқан полиглот болумен 
қатар, ол музыка зерттеушісі де, психолог та, педагог та, социолог та, халық 
ағарту ісінің ұйымдастырушысы да» (131). 
Сардар сыншы, көрнекті ғалым Мұқаметжан Қаратаев өз естелігінде 
былайша еске алады: «...имандай бір сырым – жақсы адамның жарығы мен 
жылылығы жарасқан жерде-ақ ол жүрекке кіріп бойды алады екен. 
Профессор Құдайберген Жұбанов сондай адам еді. ...Ол көп тіл білетін 
полиглот, көп тоқыған ғұлама, көп қырлы талант иесі – универсал болатын» 
(105). 
Ендеше, ғалымдығымен, қайраткерлігімен, әдіскерлігімен танылған
Құдайберген Қуанұлының жоғарыда айтылған драматургтік, ақындық, 
суретшілік өнерлері жайлы аз-кем ой тарқатсақ...
Құдайберген Жұбанов жастардың басқосу жиындарын жай ғана ойын-
күлкіден мәдени шараларға айналдыруды көздеді. Оған айғақ – сол кездегі 
Темірдегі ойын-сауық кештерінің ұйымдастырушысы Құдайберген мен 
Жиенғали болғандығы. Алдымен екі дос бірігіп, «Еңбекші қазақ» газетінде 
жарияланған фельетонды негізге алып, «Кек» деген пьеса жазады. Оны татар 
саудагерінің жүн-тері жинайтын үлкен сарайында ел-жұртқа көрсетеді. 
Пьесаның қысқаша фабуласы мынадай: Бір бай 12 жыл есігінде жүрген 
жалшысын әбден басынып, «саған беретін тышқақ лағым да жоқ» деп қуып 
жібереді. Осыған ерегіскен жалшы «қап, бәлем» деп тістеніп, байдың 
тоқалын алып қашады. Уездік сот, милицияның көмегімен ғана бостандыққа 
қолы жеткен тоқал сүйген жігітіне қосылып, мұратына жетеді. Аталмыш 
пьеса бойынша қойылған спектакльде байдың рөлінде Жиенғали, тоқалы 
болып Әбдіхалық Отарбаев ойнайды. Олар ойнаған кезде қажет киімдерді 
пәтерші қазақ үйлерінен сұрап алатын (5). Бұл, бір жағынан, жастардың бос 
уақытын мәдени түрде өткізіп, елдегі жағдайларға қатысты көзқарасын оятса, 
екіншіден, қойылымда ойнаған «әртістердің» өнерін елге паш ету, сол өнерді 
жетілдіруге ынталандыру жолындағы қадам еді. 
Қ.Жұбанов 1925 жылы «Сегіз бен Мақпал» атты халық поэмасының 
негізінде екі актілі өлеңді пьеса жазады да, оны Ақтөбе қаласындағы кеңес-
партия мектебінің, педтехникумнің оқушыларының күшімен, өзінің 
режиссерлығымен сахнаға қояды. Сондай-ақ Қ.Жұбанов Темір, Ақтөбе 
қалаларында қызмет істеген жылдарында Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» 
пьесасын қояды. Пьеса 1926 жылы қаңтардың 4 күні қойылады. Еңлік рөлін 
Баймағамбет келіні Шайзада деген, Кебекті Жиенғали Тілепбергенов, Жапал 


291 
рөлін Сегізбайұлы дегендер ойнайды. Спектакль жақсы шығады, залға халық 
сыймай, билет жетпей қалады. Көріп отырғанымыздай, мұнда қойылымды 
сахналауға қатысқандардың саны мен сапасы артып отыр, автордың да 
шеберлігі шыңдалып, кәсіпқойлық қабілеті күшейе түскен. Әрине 
көрермендер аудиториясы да ұлғая түскені күмәнсіз. 
Құдайберген Жұбанов өскен орта да – қазақ елінің басқа да жерлері 
сияқты халық ауыз әдебиетіне бай өлке екендігі шындық. Қазақстанның 
түкпір-түкпіріне кең тараған әйгілі эпостық полотналардан басқа, осы өлкеге 
ғана белгілі жергілікті дастандар, айтыстар мұнда да болғаны даусыз. 
Қ.Жұбанов осыларды тыңдап білу, тіпті хатқа түсіріп жазып алумен 
айналысады. Шалқар ақын мен Таразы деген қыздың айтысын 1932 жылы 
елден жазып алғанын айтады. Осыған қарағанда, Қ.Жұбанов, 20-жылдардағы 
басқа да қазақ зиялыларының көпшілігі сияқты, туған халқының мәдени 
мұрасы – ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жариялау дегенге қатты көңіл 
бөлгені байқалады.
Құдайберген Жұбановтың екінші бір табиғат сыйлаған қасиеті – оның 
ақындық дарынының болғандығы. Тете өскен інісі, академик Ахмет 
Жұбановтың айтуына қарағанда, Құдайбергенде жас бала жігіт кезінің 
өзінде-ақ өлең шығару, ел аузындағы жақсы толғау-жырларды, жеке 
адамдардың өлеңдерін қағып алып, жадында сақтау қабілеті күшті болады. 
Ауылдағы қазақ жастарының салтымен өзінің құрбы-құрдастарына, 
жеңгелеріне бір-екі ауыз әзіл өлең шығаруды Құдайберген де машықтайды. 
Жасөспірім шағындағы осындай әуесқойлық өнері жігіт бола келе, белгілі бір 
мақсатқа – жаңа өмірге үн қосуға жұмсалады. Оның өлеңдері енді облыстық, 
республикалық газеттерде жарияланады. Солардан табылғаны бір-екеу ғана. 
Оның біреуі – «Жаңа рамазан батасы» деп аталатын саяси тақырыпқа 
жазылған пародия. Ол «Еңбекші қазақ» газетінің 1926 жылғы 14 сәуірдегі 
санында, кейін «Қазақ әдебиеті» газетінің 1957 жылы 5 желтоқсандағы 
нөмірінде жарияланды. Бұл сол кезең үшін саяси қоғамдық мәні зор әрі аса 
қажет әдебиет түріне жататын шығарма саналады.
Екіншісі – «Айға» деп аталады. «Ай» деп отырғаны – Ақтөбе 
облысының Темір атты кішкене қаласындағы бір топ оқушы, оқытушылар, 
партия-кеңес мекемелері мен редакция қызметкерлері ұйымдастырған «Ай» 
атты қолжазба журнал. Өлең мәтінін I.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев «Жұлдыз» 
журналының 1958 жылғы 6-нөмірінде жариялаған. 
Қ.Жұбановтың өлең жазу машығына тағы бір дәлел – Есет Жұбановтың 
мұрағатында парақтардың шеті жемірілген, сарғайған торкөз дәптер. Мұнда 
ғалымның көңіл-күйі, ішкі сезімі айшықталған: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет