394
Дегенмен мен қарап отырмай, «Правда»
газетінің тілшісіне барып,
жағдайымды айтып, жәрдем беруді өтіндім. Ол кісі Наркомға бірнеше рет
телефон соғып еді, ешкім жауап бермеді. Сосын: «Ертең келіңіз» деді. Мен
ертеңіне айтқан уақытында жетіп келдім. Тілші маған: «Оқуда қалатын
болдыңыз, құттықтаймын, мен Наркоммен келістім», – деді.
Соның ертеңінде ҚазПИ-дің корпусында сабаққа келе жатқан
профессор
Жұбановты көріп, мен оқуда қалатындығымды айттым. Ол кісі:
«Жақсы болған екен», – деп күлді...
Әлі есімде, ноябрь айының орта кезі еді. Бір күні сабақтың біткенін аян
ететін қоңырау сылдыры тынысымен біреу аудиторияға кіре беріп,
амандасты да: «Жолдас Ысқақов осында ма?» – деді. Оқытушы орнынан тұра
беріп: «Мына кісі», – деп мені меңзеді...
Келген кісі менің қасыма келіп, қолын ұсынып: «Менің фамилиям –
Устименко Петр Демьянович, 28-орта мектебінің директорымын», – деді.
Мен: «Өте жақсы, мен Ысқақовпын, құлағым сізде», – дедім. Ол кісі: «Біздің
мектепте қазақ тілін беретін оқытушы үй жағдайымен байланысты
Алматыдан кетіп қалып, бір айдай болды, қазақ тілі оқытылмай, үзіліп қалған
соң, қалалық оқу бөлімінен, Наркомпростан оқытушы сұрап едім, олар ондай
оқытушы жоқ деді. Содан кейін мен өзім осы ҚазПИ-дің түлегімін,
әдейі
қазақ тілі кафедрасына келіп, жоғары курс студенттерінен бір адам бөлуді
өтіндім. Профессор Жұбанов: «Сізге барып, жолығыңыз», – деді. Мен:
«Жоғары курстарда ондай жоқ па?» деп едім, профессор Жұбанов:
«Ысқақовтың тәжірибесі молырақ», – деп күлді.
Сол күннен бастап сол мектепке мұғалім болып жұмыс істей
бастадым...
Оқуым да тұрақталып, қызметім де
жайғасқаннан кейін сабақтан
қалмай, жұрт қатарлы оқуға тырысқаныммен, мектептің сабағы мен
институттың лекциялары жиі тоғыса беретін болды да, мазаны кетірді.
Дегенмен мектеп сабағын кезінде өткізіп, көбіне институттағы лекцияларға
қатыса алмай жүрдім...
Әлі есімде бір күні Құдайберген ағай: «Секторға барып келейік», – деп
ертіп алды да, Виноградов пен Красина көшелерінің түйісіндегі
Академияның Қазақ бөлімшесінің секторындағы бір әйелге: «Мына
кісіге
карточка жазудың жөн-жобасын көрсетіп, нұсқау берерсіз», – деді де, маған:
«Біз болашақта қазақ тілінің сөздігін жасамақпыз, соған осындай
карточкаларды көбейтіп, әзірлік жасауымыз керек», – деді.
Тағы бір күні мені Наркомпросқа ертіп барып, өзі басқаратын оқу-
методикалық бөлімге кірді де, отырған адамдармен амандасқаннан кейін:
«Мына кісі Мәметова Әмина апаңыз, мына кісі Бегалиев Ғали ағаңыз», – деп
таныстырды. Мені бір столға отырғызды да, өзі өзінің орнына барып
жайғасқан соң, жазғы айларда облыс-облыстың бәрінде де 1,5 айлық
мұғалімдер курсы ашылатын болды, соған алдын-ала әзірлеп, қазақ тілі мен
әдебиетінің программаларын жасау керек, екеуіңіз
осы жұмысты әзірлеп
қойыңыздар, келесі аптада қарап бітіреміз», – деді де, содан соң маған: «Сіз
395
сәл отыра тұрыңыз, мен бір кісіге жолығып келейін», – деп шығып кетті. 10-
15 минуттан кейін қайта оралып келіп, «Қане, қайтайық» деп, отырғандармен
қош айтысып, есікке беттеді.
Жолшыбай: «Жер-жердегі мұғалімдердің бәрінің дерлік білімдері де,
тәжірибелері де тіпті жоқтың қасы, сол себептен әзірше оларды жылма-
жылғы курстар арқылы даярлап отырмаса, жағдай қиын болып тұр. Сол
курстарға сабақ беретін оқытушылар да табылмайды.
Жазғы каникулда
қаражат табамын деген тәуір-тәуір студенттерді сол курстарға жіберуіміз
керек. Сіздің курста сондай студент балалар болса, бізге айтарсыз.
Командировкаға жібереміз», – деді.
Профессор Жұбановтың курстарға оқытушы ретінде студенттерді
жіберуінің себептері бар еді: олар ең кем дегенде 1-курс көлемінде қазақ
тілінің жүйелі нормативтік курсын өткен адамдар ғой. Ал жергілікті жерден
оқытушы етіп алатындардың білімдері ала-құла. Сол
Достарыңызбен бөлісу: