Асыл аға
Сонау 20-шы жылдардың «Мешін-тауық» ашаршылығында жетім
қалып, мектеп-интернатта тәрбиеленіп, сауат ашып жүрдім. Кейін Ақтөбе
қаласының коммуна мектебінде оқып, орыс-қазақ тілінде білім алдым.
Жиырмасыншы жылдардың ортасында Ақтөбеде тұңғыш совет-партия
мектебі мен педагогикалық техникум ашылды. Бұл оқу орындары сол кездегі
кедей-шаруа қазақтардың балалары үшін үлкен білім ордасы сияқты
408
болатын-ды. Ал, шынын айтқанда, ол уақытта орта білім беретіндей қазақ
оқытушылары губернияның өзінде саусақпен санарлықтай екен ғой. Өзінің
ағартушылық қызметін төменнен бастаған Құдайберген ағамыз бұл тұста
губерниялық оқу-ағарту бөлімінде жұмыс істеп жүріп, техникумда қазақ
тілінен сабақ берді. Міне, енді біздер, техникум оқушылары, осы ағамыздан
дәріс алып, қазақ тілінен білімімізді бұрынғыдан әлдеқайда шыңдай түстік-
ау. Тек программалық сабақ қана емес, әдеби кітаптарды, газет-журналдарды
құмарта оқуды да Құдекеңнен үйрендім. Мұғалімдердің кейбіреулерінде
кездесіп қалатын қатыгездік, өркөкіректік осы ағамыздың бойында мүлдем
жоқ еді. Бұл кісінің келбетінен біздер тек ұстамдылық, жанашырлық,
ұлағаттылық, биязылық, қарапайымдылық қасиетті танитын болдық. Әр
оқушысының сабақ үлгірімін сұрағанда, бейне бір өзінің туған інісімен,
баласымен сөйлескендей ишарат танытушы еді. Сондықтан біздердің
әрқайсымыз мұны туған ағамыз, қамқоршымыз, болашақта нағыз Адам
болуға жолдама берушіміз санайтынбыз. Шынында да, солай болып шықты.
Техникумда Құдайберген ағамыздан білім алғандардың бірталайы кейін
совет, партия, баспасөз органдарында басшылық қызметте болып, бұл
күндері партия, еңбек ардагерлері ретінде құрметті демалыста жүр.
Құдайберген ағай тек қазақ тілі ғана емес, бірнеше өзге тілдерді де
меңгерді, әрі әдебиеттің де түрлі саласына көңіл бөлді. Губерниялық оқу-
ағарту бөлімінде, әрі педтехникумде оқытушы қызметінде жүріп, 1928
жылдың қысында «Сегіз бен Мақпал» пьесасын жазды, мұны техникум
студенттері Диқанбай Сахин, Жүсіп Сейілов, совет-партия мектебінің
оқушысы Көздібаева сахнаға шығарды, қала тұрғындарына бірнеше рет
көрсетілді.
Отызыншы жылдың бас кезінде Құдайберген Жұбанов Ленинградқа
оқуға кеткен-ді. Содан кейін оның қайда жүргенін білмейтін едім. Әуелі
Ақтөбенің аудандық «Алға», содан соң облыстық «Социалды жол»
газеттерінде жұмыс істеп жүріп, 1933 жылдың күзінде Алматы
мединститутына оқуға түстім. Демалыс күні бір жолдасыммен колхоз базары
қасында тұрғанымызда Құдайберген ағайға кездесе қалып, сәлем беріп едім,
мені тани кетті. Газетте қызмет істеп жүріп, биыл мединститутқа келгенімді
айттым. Ағайым: «Оқығаның жақсы-ау, бірақ медик болғаннан гөрі,
журналистік саған қолайлылау еді ғой», – деді де қойды. Сосын біздерді
ертіп базар ішіндегі ұйғыр шайханасына апарды. Даяшы жігітке: «Айырықша
заказдың үш лагманын әкеліңіз», – деді. Әрқайсымызға қос таяқшасымен үш
үлкен кесені толтырып алып келді. Бұл тағамды менің тұңғыш рет көруім еді.
Өте ыссы екен. Ағай әлгі екі таяқшамен көсіп, шұбатылған лапшаны асай
бастады. Мен таяқшаны ұстай білмейтінімді айтып, бізге темір шанышқы
беруін сұрадым. Ішекше шұбатылған ұзын лапшаны шетінен ауызға сүйретіп
отырғанымда, ең соңғы шеті бетіме шылп ете түсті. Ұялғанымды қайтейін.
Бірақ Құдекең «мұның не?» деген жоқ. «Ештеңе етпес, қарағым, үйренерсің.
Бұл дүнген халқының ұлттық тағамы», – деді. 5-6 жылдан кейін алғашқы
ұстазыммен кездесуім осылай болды. Бақсам, ағамыз Қазақ мемлекеттік
409
пединститутының кафедра меңгерушісі екен. ҚазПИ ауласындағы
оқытушыларға арналған үйлердің бірінде тұратынын айтты.
Бұдан соң 1934 жылдың бас кезінде Совет көшесімен келе жатып,
пединститут қасынан ағаймен екінші рет кездесіп, қолын алып сәлемдестім.
Оқу жағдайымды сұрады. Мен былтырғы күзде өлкелік комсомол
комитетінің тапсырмасымен мединстнтутты тастап, «Лениншіл жасқа»
қызметке ауысқанымды есіне салғанымда: «Тіпті жақсы болған екен,
жарайсың, жігітім, қадамың құтты, қаламың күшті болсын!» – деп қолымды
қысты. Осы жұмыста, кейіннен Іле МТС саясаттық бөлімі газетінде, Алматы
облыстық газетінде жұмыс істеп жүргенімде де Құдекең ағаймен талай
кездесіп, сәлемдесіп, ақыл-кеңес
алып
жүрдім. Оның берген кеңесі әсер еткен
болар, Ленинградтың журналистер институтына сырттай оқуға түсіп,
алғашқы қысқы сессияға барғанымда, сырқаттанып қайттым. Сөйтіп, онда
оқудың сәті түспеді.
Алматы облыстық газетінде хатшылық қызметінде жүрген кезде,
«Каменское плато» курортында демалып жатқанымда, жеке адамға табыну
салдарынан замандастары – әдебиетіміздің алыптары Сәкен, Ілияс, Бейімбет
ағаларымыздың соңынан Құдекең де кесапатқа ұшырағанын естіп, қатты
қапаландым. Амал нешік. Сөйтіп, ардақты ағаларымыз ғайып болды.
К.Ержанов
Достарыңызбен бөлісу: |