110
саралаудағы
бұл
жіктемесі
«мағынаға
баса
назар
аударатын»
ономасиологиялық бағыттағы функционалды грамматиканың зерттеу
мақсатымен үндесіп жатыр. Ғалым шақ түрлерін әдеттегідей үш топқа бөліп
қарастырады да, әрі қарай оларды жік-жікке бөліп таратып береді. Өткен
шақтың мағынасын сөйлеп тұрған кезден бұрын болған істі білдіру деп, оны
тоғыз топқа бөледі:
1) Айғақ өңді өткен шақ (істің болғанына айтушы куә, айғақ бола
сөйлейді (
жазыпты, оқымапсың, білмеппіз
);
2) Аулақ өңді өткен шақ (істің болғанын айта тұрып, өзі басы-қасында
болмағанын қоса білдіреді (
жазған, оқыған соң, көргенбіз
);
3) Мойындау өңді өткен шақ (істің болған-болмағанын мойындай
сөйлейді (
жазған, оқыған соң, көргенбіз
);
4) Күмән өңді өткен шақ (
жазған шығар
);
5) Айғақ баяғылық (ертеде істің болғанына не болмағанына айғақ бола
сөйлейді (
жазып еді
);
6) Аулақ баяғылық (сондай ертеде өткен істің болғанынан, не
болмағанынан аулақ болғанын қоса білдіреді (
жазған екен
);
7) Әдетше баяғылық (ертеде өткен істің әлденеше рет болып, әдет
болғанын айтады (
барушы едім, баратын едім
);
8) Опық баяғылық (ертеде өткен іске опына хабарлайды (
баратын едім
);
9) Арман баяғылық (
бармас па едім
).
Келер шақты төртке бөліп көрсетеді:
1) Кесімді келер шақ (
баратын, жазбайтын
);
2) Болжалды келер шақ (
барармын, оқымаспын
);
3) Мақсатты келер шақ (
жазбақпын
);
4) Тілекті келер шақ (1)
жазар едім
, 2)
жазайын
(тек І жақ қана).
Қазірде рай категориясында қаралатын
-са игі еді
формасын өткен шақ
пен келер шаққа бірдей жүретін
сенімсіз төл шақ
деп атайды.
Осы шақты дағдылы осы шақ (қазір ауыспалы осы шақ) және дәл осы
шақ (қазір нақ осы шақ) деп бөледі. Ғалым дағдылы осы шақтың келер шақ
не осы шақ екені төңірегіндегі басқа сөздерден көрінеді дейді. Мысалы,
Сиыр мөңірейді
– осы шақ,
Ертең сиыр мөңірейді
– келер шақ.
Дәл осы шақты
өз ішінде төрт түрге жіктейді:
1)
Достарыңызбен бөлісу: