143
меңгерудің амалы
», – дейді ғалым. Қ.Жұбановтың ойынша: «
Біз тілді
меңгеріп болғанымыз жоқ, толық меңгерсек қана оны дұрыс бағытта
өзгерте аламыз
». Демек, мемлекеттік тілдің, әсіресе оның ішкі құрылысын
(мысалы, термин қоры мен жүйесін) тиісті дәрежеде дамыта алмай келе
жатқанымыздың бір белгісі, әлеуметтік қажеттілікке сай, толық меңгере
алмағанымыз. Қазақ тілі жүйесін ғылыми тұрғыда толық меңгере алмауымыз
жоғары оқу орындарының қазақ тілін оқыту ісін жетілдіруді қажет ететінін
аңдатады.
Ғалымның «
Қазақ тілі ғылымын бір адам ғана жасай алмайды, бір
мезгілде ғана ол жасалмайды. Бұл – көп күш, көп қол, көп уақыт керек
қылады
...» деген пікірінен жеке тіл ғылымы жөніндегі тұжырымның жалпы
тіл біліміне енгізуге болатыны туындағанын байқау қиын болмаса керек.
Достарыңызбен бөлісу: