Ұлы Жібек долы Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, қалалардың тіпті жаңа мемлекеттердің пайда болуына өзіндік септігін тигізген. Талай тарихи орындардың әлемге танылуына әсер болған, теңдесі жоқ сауда маршруты. Оны сауда жолы ғана емес, екі алпауыт цивилизация арасындағы мәдени экономикалық көпір деп айтуға толық негіз бар. Жібек жолының тарихы біздің заманымызға дейін 138 жылдан бастау алады. Сол жылы Қытай императоры Батыс жаққа сауда жасайтын серіктестерді іздеу үшін арнайы дипломатиялық керуенді жіберген болатын. Оған қатысқандар Қытайдан Орталық Азияға тікелей жүріп өткен. Дәл осы жолмен батысқа қарай барлық керуендер жүретін болған. Арнайы дипломатиялық керуен Қытайға 13 жылдан кейін бір-ақ оралған. Уақыт өте келе Орталық Азия мен Қытай арасындағы сауда-саттық нығайды. Қытайдағы Хуанхэ өзенінен бастау алған керуендер солтүстік Тянь-Шань тауларына бағыт алып, Орталық Азияны кесіп өтіп, ары қарай Подсамудария, Хорасан арқылы Месапатамиямен Жерорта теңізінен асып Ежелгі Римге дейін жететін. Осы кезде Жібек жолы қатып қалған бір бағыттан тұрды деуге болмайды. Жүз жылдар бойы оның жолдары ауысып, керуен бағыттары құбылып тұрды. Тиімділігі жоғары бағыттар өркендесе, пайдасы төмен бағыттар құлдырады. 6-7 ғасырларда ең жиі пайдаланылған бағыт Қытайдан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы бағыт болды. Бұл бағыт арқылы бірінші кезекте алтынмен қатар әлемдік валюта түріне айналған жібек матасы тасымалданды. Бұл қымбат маталар патшалар мен елшілерге сыйлық ретінде ұсынылып, жалданбалы әскерге жалақы төленіп, мемлекеттік қарыздар осы жібек матасымен қайтарылған. Өз кезегінде Рим мен Византиядан, Үндістан, Иран мен Араб халифатының, кейінгі жылдарда Еуропамен Русьтен осы елдерде өндірілген тауарлар да тасымалдана бастады. «Жібек жолы» термині кейіннен енгізілген, ал жолдың өзі ежелгі. «Жібек жолы» терминін неміс географы Фердинанд Рихтофен 1877 жылы енгізген. Ол бұл сауда жолы туралы Қытай туралы жазған кітабында айтып өткен болатын. Ұлы Жібек жолының қашықтығы 12 000 шақырымды құрады. Сондықтан саудагерлер мұндай қашықтықты толық жүріп өтпеген. Көп жағдайда олар ауысумен жүріп, жолдың ортасында өз тауарларын ауыстырып алып отырған. Тасымалдың қарқындылығы Жібек жолындағы кейбір қалалардың арнайы уақыт кестесін белгілеп отырғанын дәлелдейді. Мысалы, керуендер Қытайдың Лоян қаласынан алдыңғы керуеннің шыққанына бір апта өткеннен кейін бірақ қозғалған. Ұлы Жібек жолының пайда болуының арқасында қолөнер шеберлері жаңа өнер түрлерін игерді. Шеберлер темірден жасалған бұйымдарды жасау ісін Шығыстан, ал шыны жасау ісін Батыстан үйренді. Бүкіл Еуразия арқылы саяхаттаған саудагерлер технологиялар, діни ілімдер туралы айтып, мәдениетімен бөліскен. Сапарға саудагерлер ғана емес, жазушылар, жауынгерлер де, ғалымдар да аттанған. Ұлы Жібек жолының тарихы өте көне. Еуропа осы бағытпен жүріп өткен саяхатшылардың арқасында ғана Шығыстың мәдениетімен танысты. Мысалы, оқдәрі алғаш Қытайда ойлап табылды. Бірақ еуропалықтар бұл туралы білгеннен кейін ғана алғашқы қару-жарақ пайда болды.